Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Көп тілділіктің қажеттілігі және кері әсері

20 шілде 2013, Сенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
«Дебат» технологиясы бойынша мектептің
10 - 11 сынып оқушылары арасында өткен дебат
Еліміздің дамуы мен серпілуін көздейтін «Тілдердің үштұғырлылығы» атты жаңа стратегияның жүзеге асырылуына байланысты мектептегі білім беру саласында тың, озық жүйедегі сыныптан тыс өткізілетін іс - шараларды ұйымдастыру қалыптасқан. Соның бір айғағы ретінде қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Нүрпейісова Меңдігүл мен ағылшын тілі пәні мұғалімі Айжан Қалелқызы және информатика пәні мұғалімі Оразалина Бақыт мұғалімдер бірлескен түрде 10 - 11 сынып оқушылары арасында «Дебат» технологиясы бойынша сыныптан тыс сабақ өткізді. Сабаққа қажетті барлық материалдар мен мәліметтер ақпараттық құралдар арқылы жинақталып, интерактивті тақта бетінде слайдттар мен фото презентациялар жасалынды. Болашақта мұндай сабақтардың электронды нұсқаларын жасап шығару жоспарланды. Себебі, оқушыларды оқытуда үштілділік мәселесін, оның әлеуметтік - лингвистикалық қырларын, қалыптасу және даму ерекшеліктерін арнайы зерттеп, ең бастысы тілді ақпараттық ресурстар арқылы өздігінен үйренуге жету жолдарын ұйымдастырып, дұрыс бағыт беру өте қажет.
Сабақ процесінде жаңа технологиялық әдістерді пайдалануда техникалық құрылғыларды, атап айтқанда электронды оқулықтар, дискілер мен видео жазбалар, интерактивті тақтаны қолдану кезінде тілді білу өте маңызды. Себебі, жаңа құрылғылар арқылы білім алу үшін интернет тілін меңгеру керек. Құнды, жаңа материалдарды өз ана тілімізде кезіктіру қиын. Көбінесе ондай материалдар шет тілінде беріледі. Шет тілін меңгерген кез - келген адам құнды материалдар мен ақпараттарды тапса өз ана тіліне аудару бағдарламалары өте көп. Қазіргі таңда мектебіміз әлемдік желіге қосылған, интерактивті тақтамен қамтамасыз етілген. Яғни, біздердің технократтыққа, көп тілділікке жетуге мүмкіншілігіміз бар.
Ақпараттық ресурстармен жұмыс жасау, интернет желісіне қосылу, ақпаратты іздеу мен жинақтау үшін үш тілді қатар меңгерудің өте қажет екендігін, болашақта машина тілінің күннен - күнге күрделеніп, өзгеріске ұшырап отыратындығын информатика пәні мұғалімі Оразалина Бақыт айтып өтті.

Сабақтың кіріспе бөлімінде ағылшын тілі мұғалімі Айжан Қалелқызы ХХІ ғасырда қандай салада болсын білім алу үшін көптілділіктің қажеттілігіне, қазіргі уақыттағы үштілді оқыту мен оқудың маңыздылығына тоқталды. Мектепте үш тілді қатар дамытуға арналған тіл дамыту бағытындағы дәстүрден тыс сабақтар, сыныптан тыс сабақтардың өтілу жоспарларымен таныстырды.
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, білім берудің жаңа сапасына қол жеткізу 12 жылдық жалпы білім беретін мектептер жағдайында мүмкін болады, ол білім туралы құжаттардың айырбасталуын, бейіндік оқытуды, көп тілділікті қамтамасыз етеді. Әлемдегі көптеген дамыған мемлекеттерде көп тілділіктің қажеттілігі бірнеше жылдар бұрын туындап оны өздігінен оқып - үйрену жолдарының бірнеше тәсілдері мен әдістері қолданылады. Себебі, әрбір реформаны жасамас бұрын кез - келген мемлекет әлемдік озық тәжірибелерді сараптап, таңдап алады. Барлық салалардағы жаңалықтардың қалыптасу заңдылықтарындағы үздік, озық тәжірибелерді оқып білу, оны тануда тілдің қажет екендігі белгілі. Сонымен қатар, қоғамдық инновациялық дамудың әсері тіл білімі ғылымына да өзгерістер мен жаңалықтар енгізуде. Себебі, өндірістің, ғылыми техниканың дамуына байланысты тілдердің көптеген саладағы қызметі артып, күннен күнге тілдердің дамуы мен өзгеруі жеделдеуде. Әсіресе, біздің еліміз үшін қазақ, орыс, ағылшын тілдерінің қызметі дамып, үштілділік мәселесі белсенді қолданыс табуда. Атап айтатын болсақ: Экономика мен өндірісті дамытуда, Білім мен ғылымды дамытуда, Медицинада, Туризмді дамытуда, Телекоммуникацияны жетілдіруде, Ғарышты игеруде т. б. салаларда.

Қазақ тілі мен Әдебиет пәні мұғалімі Меңдігүл Нүрпейісқызы үш тілді қатар оқытудың болашағына кеңінен тоқталды. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев Қазақстан халқына жолдауында ұсынған “Мәдени мұра” мемлекеттік бағдарламасында мемлекеттік тілде әлемдік ғылыми ойдың, мәдениет пен әдебиеттің үздік жетістіктерінің толымды қорын жасау міндетін айқындап берді. «Қазақстан бүкіл әлемде халқы үш тілді пайдаланатын мәдениетті ел ретінде танылуы және қазақ, орыс, ағылшын тілдерінің қызметі дамып, белсенді қолданыс табуы тиіс. Қазақ тілі – ҚР мемлекеттік тілі. Орыс тілі – ұлтаралық қатынас тілі қызметін атқарады. Ағылшын тілі - жаһандық экономикаға ойдағыдай кіру тілі, және қоғамның түрлі салаларында қолданылады.. ҚР тәуелсіздік алып, өз алдына дербес мемлекет болып, халықаралық байланыстары нығайған сайын, барлық салада еліміздің шет елдермен байланысы жан - жақты дамуда. Халықаралық қатынастың қарқынды дамуы Қазақстанның экономикасына ғана әсер етіп қоймай, сонымен қатар әлемде қолданыс аясы ең көп тараған тіл ретінде халықтың ағылшын тіліне деген қызығушылығын да артып отыр. Сондықтан, үштілділік мәселесін, оның әлеуметтік - лингвистикалық қырларын, қалыптасу және даму ерекшеліктерін арнайы зерттеп, ең бастысы тілді ақпараттық ресурстар арқылы өздігінен үйрену жолдарын дұрыс таңдап алуға жетуіміз керек деп ойлаймын..

«Қазақ тілінен асыл, қазақ тілінен бай тіл жоқ. Сол ата - бабаның тілі болған қазақ тілін осы күнгі қазақтың жалғызы білмейді. Егер қазақ тілін білсе, дін де осында, ғылым - білім де осында, әулиелік те осында. Солай болғаны үшін бұрынғы өткен ата - бабаларымыздың бәрі жақсы болып, әулие болып өтті».
Мағжан Жұмабайұлы

«Аршын» тобы
1спикер Райханова Ділнар 10 сынып
2 спикер Асқар Әсем 10 сынып
3 спикер Болысбек Абзал 9 сынып

«Қазақтың тілі соншалықты мол.... қазақтың тіліменен қандай кітап болса да жазуға болады. Қазақ тілі мұншалық жатық һәм анық болар еді, егер де біздің қазақтар аңғарып, бөтен тіл араластырмастан ілгері бастырып сыйласа».
Халел Досмұхамедұлы

«Тұлпар» тобы
1 спикер Назаров Қуаныш 11 сынып
2 спикер Халисан 11 сынып
3 спикер Асқатжан 9 сынып

«Біздің тәжірибемізде қазақ тілі – бай тіл. Тек сөздері ғылым жолына салынып реттелмеген тіл. Қазақ тілі ғылым жолына реттелсе, ешбір жұрттың тілінен кем болатын емес, бұған илануымыз керек».
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы

Көп тілділіктің қажеттілігі және кері әсері тақырыбында «Дебат» технологиясы бойынша өткізілген сайыс Президентіміздің «Жаңа әлемдегі, жаңа Қазақстан» жолдауында көрсетілген «Тілдердің үш тұғырлылығы» ізімен болып өтті. Дебат сайысына мектептегі тіл мамандары, тарихшылар мен мектеп әкімшілігі қатынасып, өз ойларын ортаға салды.

Қазіргі мектеп түлектері өзінің білімін жалғастыруына қажет бағыттарды тез әрі дұрыс таба алмай отыр, өзінің болашақ кәсіби қызметі мен мемлекеттің экономикалық, технологиялық және қорғаныс қабілетінің дамуы арасындағы байланысты жеткілікті білмей отыр. Қалыптасқан жағдайдан шығудың жолы жоғары сынып оқушыларын болашақ кәсіби әрекетке бағыттауда мектептердің жұмысына маңызды өзгерістер енгізу болып табылады. Бұндай өзгерістердің бастысы әлемдік желіге қосылу арқылы жаңа ақпараттар алу және соны оқушыға жеткізуді ұйымдастырып, өздігінен білім алуға дайындау. Әр оқушы өзінің кәсібін дұрыс таңдап алуы үшін оқушылардың ғылыми жұмысын ұйымдастыру, жоба жасауға бағыттау жұмыстары тек мектеп бағдарламасымен ғана шектелмейтінін білесіздер. Ол үшін жоғарыда айтылған жаңа ақпарат көздерін әр мұғалім үздіксіз іздеп, тауып оны қолдана білу үшін тіл қажетті құрал. Қысқасы оқушыны мамандыққа бағыттаудағы мұғалімдердің жұмыстары дұрыс ұйымдастырылуы үшін көп тілділіктің қажеттілігі тағы алдымыздан шығады.
Тағы бір көп тілділікті қажет ететін мәселе оқушылардың білім сапасын жаңа жүйемен бағалау әдістерін меңгеру және сол арқылы білім беру сапасының ұлттық бағалау жүйесін дамыту 12 жылдық білім берудегі басты мәселелелердің бірі. Себебі, бұлардың барлығы шет елдік іс - тәжірибелерден таңдалып алынған ең үздік тәсілдер.

«Аршын» тобының 2 спикері:
Қазақстан Республикасында Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы Қазақстан Республикасы Конституциясының 93 - бабына, «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 23, 25 - баптарына, Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 4 қарашадағы өкімімен мақұлданған Қазақстан Республикасының тіл саясаты тұжырымдамасына, Ел Президентінің Қазақстан халқына «Қазақстан - 2030» Жолдауына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 - 2000 жылдарға арналған іс - қимыл бағдарламасына сәйкес әзірленген.

«Тұлпар»тобының 3 спикері сұрақ қойды:
Еліміздің ертеңгі болашағы ұрпақ тәрбиесіне байланысты екендігі бәрімізге мәлім. «ХХІ ғасырда білім беру капиталға айналуда, ол өз мазмұны жөнінен стратегиялық ресурстармен бәсекелесе алады және солай болуға тиіс. Елдің даму деңгейі осы арқылы бағаланатын болады», - деп Президентіміздің халыққа Жолдауында білімге ерекше мән беруі және үнемі қадағалап отыруы жайлы не айтасыз?
Әлемдегі өркениетті дамыған мемлекеттер өзінің даму сатысының бір кезеңін аяқтап, «жаһандық ортақ білім санасы» деген жаңа бағытқа бет бұрып барады. Қай елде жүйелі білім берілсе, сол елдің даму қарқыны ерекше болмақшы. Оны өркениетті елдердің тәжірибесі көрсетіп отыр.
12 жылдық орта білім беруге көшуге байланысты Қазақстан үшін білім берудің мақсаттары бірнеше ауқымдағы базалық біліктіліктерден құралады. Соның ішінде үш тілді білу арқылы технократтыққа қол жеткізу және осылар арқылы коммуникативтілікті дамыту көзделген.
Қазақстан Республикасы Президентінің «Тілдерді қолдану мен дамыту бағдарламасында»: «Тілді дамыту - Қазақстан Республикасы мемлекеттік саясатының аса өзекті бағыттарының бірі», сондай - ақ «Мемлекеттік тілді оқытудың саны мен сапасына көңіл бөлу керек» делінген. Елбасы Н. Ә. Назарбаев: «Қазақстанның болашағы қазақ тілінде» - деп тұжырымдайды.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
20 178
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Оқушылардың әдебиет сабағына қызығушылығын арттыруда дәстүрлі емес сабақтардың маңызы
Оқушылардың әдебиет сабағына қызығушылығын арттыруда дәстүрлі емес сабақтардың маңызы
Ұлттық білім үлгісінің негізгі бағыты - адамды қоғамның ең негізгі құндылығы ретінде тану, оның ұлттық дүниетанымын қалыптастыру, сол арқылы оқушының жан дүниесінің баюына, шығармашылық еркіндігі мен белсенділігінің, кәсіби іскерлігінің қалыптасуына
Информатикадан 11 сыныпқа қысқа мерзімді жоспарлау
Информатикадан 11 сыныпқа қысқа мерзімді жоспарлау
Жамбыл облысы, Т. Рысқұлов ауданы, Құлан ауылы, №2 орта мектептің информатика пәні мұғалімі Тарбақов Бауыржан
Оқытудың озық технологиялары мен инновациялық әдістерді тиімді қолдану
Оқытудың озық технологиялары мен инновациялық әдістерді тиімді қолдану
[right]ШҚО, Ұлан ауданы, Мамай батыр ауылы, М. Ломоносов атындағы орта мектебінің ағылшын тілі пәні мұғалімі Абраимова Еркежан Мураткановна
Қазақ тілі пәні бойынша өзге ұлт өкілдері арасында олимпиадаға дайындық жүргізу жоспары
Қазақ тілі пәні бойынша өзге ұлт өкілдері арасында олимпиадаға дайындық жүргізу жоспары
Қызылорда қаласы, Қармақшы ауданы, № 250 мектеп – лицейінің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Баймаханова Гүлнұр Мейрамбекқызы
Электронды оқытудың құралдары мен технологиясы
Электронды оқытудың құралдары мен технологиясы
Астана қаласы, №53 мектеп – лицейінің 9 "А" сынып оқушысы: Кусаинова Айтолқын Ғылыми жетекшісі: Князова А. Қ Химия - биология пәндерінің мұғалімі
Компьютерді озат меңгерген сынып
Компьютерді озат меңгерген сынып
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Бекарыстан би ауылы, Меңдібаева Гүлнұр Қоңырбайқызы №24 орта мектептің информатика пәні мұғалімі
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×