Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Египеттегі ғылым мен мәдениет

01 наурыз 2014, Сенбі
Категориясы: Тарих
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік мақсаты: Оқушыларға Египетте ең жоғары дәрежеде дамыған ғылыми білімдердің негізгі заңдылықтарын ашып көрсету және ежелгі Египет өнері - архитектурасы, мүсіндері және көркем әдебиеті өзінің көркемдік дәрежесінің жоғарылығымен бағалы екенін, адамзат тарихындағы тұңғыш мүсіндер Египетте жасалғанын баяндау.
ә) дамытушылық мақсаты: Оқушылардың өнерге деген ықыластарын арттыру және ежелгі Египетте математикалық, геометриялық және аспан денелерінің қозғалысын бақылап отыратын астрономиялық ғылыми білімдердің болғанын баяндау арқылы білімдерін дамыту.
б) тәрбиелік мақсаты: білім мен ғылымның ежелгі Египеттен бастау алғаны туралы айтып, оқушылардың білім алуға деген құштарлығын арттыру. Адамзат баласының қолымен жасалған көркемөнердің озық туындыларын сезіне білуге, бағалай білуге, көркемөнерді сүйе білуге тәрбиелеу.
Сабақ түрі: аралас сабақ
Сабақ әдісі: түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ - жауап,
пікір айту
Жұмыс түрі: топпен жұмыс
Көрнекілігі: слайд, видео, карта, тест, кітаптар.
Жаңа сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: оқушыларды түгелдеп, сабаққа назарын аударту, топқа бөліп орналастыру. ІІ. Үй тапсырмасы
Тест
1. Египетте шағын мемлекеттер қашан пайда болды?
а) б. з. б. ІҮ мыңжылдықта б) б. з. б. ІІІ мыңжылдықта
ә) б. з. б. І мыңжылдықта в) б. з. б. Ү мыңжылдықта
2. Египетті ең алғаш біріктіруші патша кім?
а) Мардук б) Навуходоносор
ә) Менес в) Тутмос
3. Египеттіктер “тірі өліктер” деп кімдерді атады?
а) жазғыштарды б) тұтқындарды
ә) қолөнершілерді в) мумияларды
4. Ніл өзенінің ұзындығы қанша?
а) 6565км б) 6995км
ә) 5565км в) 5589км
5. Жаратушы құдай қалай аталды?
а) Анибус б) Сет
ә) Амон в) Ра
6. “Шадуф” деген не?
а) егін құралы б) құдық
ә) бөгет в) құлды солай атаған
7. Перғауыннан кейінгі беделдісі кім болды?
а) Әкімдер б) шабармандар
ә) Сақшылар в) жазғыштар
8. Египет әскерінің негізгі бөлігін кімдер құрады?
а) құлдар б) жаяу жауынгерлер
ә) шаруалар в) тұтқындар
9. Қолөнершілер көбінесе нені әзірлеген?
а) Перғауынға киім тоқыған б) асыл тастарды безендірген
ә) Қару - жарақ в) түскі асты
10. Перғауын ІІІ Тутмос Сирияға неше рет жорық жасаған?
а) 11 б) 19
ә) 13 в) 17

Тест жауаптары:
1 - а
2 - Ә
3 - Б
4 - В
5 - Ә
6 - Б
7 - А
8 – Б
9 – Ә
10 - В

ІІІ. Жаңа сабақ жоспары:
Тест жауаптары белгілі болғаннан соң интернет желісі арқылы Египет еліне саяхат видеосын тамашалаймыз. Мұнда оқушылар Египет мәдениетімен танысады.
Тақырыбы: Египеттегі ғылым мен мәдениет
♦ Египеттегі жазу
♦ Дін
♦ Аңыздар
♦ Әдебиет
♦ Ғылыми білімдердің дамуы
♦ Бейнелеу өнері
♦ Сәулет өнері
♦ Египеттіктердің тұрмысы мен діни нанымы

Египет және Қазақстан
Тақтаға тақырып пен жоспарын жазып қоямын. Оқушыларға Египет тарихына шолу жасап түсіндіремін де әр топқа тақырыпшаларды бөліп беремін. Сабақта жауап айтуға ат салысқан оқушыларға ұпай беріп отырамын. Соңғы топ оқушылары жалпы тақырыпқа қорытынды жасайды.
Содан соң Мысыр елі мен Қазақстан арасындағы қазіргі қарым - қатынасқа тоқталамын.
Мысыр Араб Республикасының Басы және оның қарулы күштерінің жоғарғы бас билеушісі президент, “раис” деп аталады. Бұл лауазымды Хосни Мүбарак атқарады. 30 жыл әмір жүргізді
13қазан 1981ж - 11ақпан 2011ж басқарды
Мухаммед Мурси 30маусым 2012ж - 3шілде 2013ж басқарды.
Мысыр конституциялық Сотының басшысы
Мысыр әскеріне қатысты мәселеге байланысты Адли Мансур уақытша президент ретінде сайланды. 4шілде 2013ж бастап 102күн билейді.
Халқы.
Бүгінгі күні Мысырдың тұрғындары 70, 5 млн. адамнан асады және жыл сайын
1, 3 млн. өсіп отырады. Каирда қазір 17 млн. адам өмір сүріп жатыр, бұл дегеніміз 50 - ші жылдардағы барлық елдің тұрғындарының саны. Ежелгі египеттіктердің арабтанған ұрпақтары тұрғындардың 99% құрайды. Этникалық азшылықты нубийлықтар, сонымен қатар бедуиндер және өзге де көшпелі тайпалар құрайды. Тұрғындардың 80% - шаруалар (феллахтар)
Тілі.
Мысырдағы өзара сөйлесу тілі араб тілінің бір диалектасы, ресми тілі – “жоғары” араб тілі деп аталатын тіл. Арабтар оңнан солға қарай жазады. Бірақ сандары солдан оңға қарай жазылып, оқылады. Мысырда ағылшын тілі білімі өте көмектеседі. Қалалар мен курорттық орталықтарда тұратын көптеген арабтар ағылшын тілінде тілдесе алады; жол көрсеткіштерінде және көше атауларында жиі - жиі ағылшын және латын шрифтері пайдаланылады.
Жазуы
Египетте жазу өнері б. з. б. IV м. ж. пайда болды. Ең алғаш жазулар сурет ретінде салынған. Ең алғаш жазуларды таңбалар мен суреттер құрады. Бұндай таңбалар иероглифтер деп аталды, ал египеттік жазу иероглифика деп аталады. Олардың саны 700 - ден аса болды, ал кейінірек тіпті бірнеше мыңға дейін жетті. Иероглифтер ондағы бейнелер қайда қарап тұр, солай оқылады. Оңнан солға немесе солдан оңға. Египеттіктер тасқа, ағаш қабығына, балшыққа, теріге жазған. Соның ішінде ең көп тарағаны папирус өсімдігінен жасалған қағаз - папирус болды.
Тұрмысы мен діни нанымы
Мысырлықтар кең пішілген жейделер киеді, жәй адамдар әдетте ақ түсті таңдайды, ал әйелдер әр түрлі түстегі элементтермен әрлендірген, қара түсте киінеді, арасында әшекеймен немесе шілтермен безендіреді. Көптеген әйелдер мұсылмандық құндылықтарға бет бұра күйеулерінің немесе жанұясының дегенімен хиджаб – бетті жаппай, тек шашты жауып тұратын паранжының бір түрін, және ұзын кең көйлек – галабей киеді.
Ғылыми білімдердің дамуы
Астрономиядағы жетістіктері:
• 365 күннен тұратын күнтізбені құрастырды.
• Суда ұстайтын шыдамды сағатты ойлап тапты.
• Жұлдыздарды жұлдыздар бірлестігіне біріктіріп, оларға атау берді.
• Күн сағаттары арқылы күндізгі уақытты анықтады.
• Түнгі уақытты анықтайтын жұлдыздар кестесін жасады.
Египеттіктердің медициналық жетістіктері біздің күнге дейңн жеткен. Олардың дәрігерлері әр сала бойынша маманданған: біреулері көзді қараған, екіншілері - тіс, енді біреулері - аяқ.
Математикадағы жетістіктер:
• Пирамидалар салғанда оның көлемін есептеп отырған.
• Күрделі геометриялық құрылыстар салған.
• Архитектура мен сурет өнерінің бірлестігін анықтап, ұтымды пайдалана білген.
• Дөңгелек көлемін қандай әдіспен анықтау керектігін білген.
• Түбірасты квадраттарын анықтай білді.
• - Кез келген заттың көлемін есептей алған.
• Арифметикалық және геометриялық прогрессия туралы білді.
Гизадағы әйгілі Сфинкс осыдан 5000 жыл бұрын салынған деп есептеледі. Бұл - әлемдегі көне және ең ірі ескерткіштердің бірі. Оның қандай мақсатта және кім үшін қойылғаны әлі күнге дейін жұмбақ.
Жосер пирамидасы Мысыр классикалық сәулет өнерінің алғашқы қарлығашы болып табылады. Бұл сәулет өнеріне үлкен бетбұрыс әкеліп, тың инженерлік жүйенің пайда болуына жол ашты. Егер бұрын Мысыр сәулет кешендері бір қабатты мастабалардан [1] тұратын болса, бұл пирамида бақандай жеті мастабадан тұратын зәулім сәулет кешенін құрады. Сондықтан да оны "сатылы пирамида" деп атады. Пирамиданың биіктігі 60 метрге дейін жетті, б. э. д. 2630 жылы жасалынған.

ІҮ. Қорытындылау.
Ү. Жаңа сабақты бекіту. «Бақытты сәт» ойыны. Сұрақ - жауап.
ҮІІ. Бағалау.
ҮІІІ. Үйге тапсырма.
§7, 8. Оқу, түсінік айту.
36 - беттегі сандық таңбаларды, Египет иероглифтерін дәптерге түсіру
16 194
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Египеттегі ғылыми білім негіздері
Египеттегі ғылыми білім негіздері
Египеттік жазудың шығуы мен дамуын зерттеу арқылы оқушылардың білім, білік дағдысын қалыптастыру. Египетте дамыған ғылыми білімдердің түрлері жайында анықтап біледі.
Египеттегі ғылыми білім негіздері
Египеттегі ғылыми білім негіздері
Египеттегі ғылыми білімдердің қалай қалыптасқаны жайлы мағлұмат бере отырып, оқушылардың сыни ойлауын дамыту
Египеттегі ғылым мен мәдениет
Египеттегі ғылым мен мәдениет
БҚО, Шыңғырлау ауданы, Ащысай ауылы. Тарих пәні мұғалімі: Есеналин Акылбек Габиденович
Ежелгі грек мектебі мен ғылыми білімдер
Ежелгі грек мектебі мен ғылыми білімдер
Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы, №77А. Асқаров атындағы мектеп - гимназиясы тарих пәні мұғалімі Ботабаева Күнсұлу Садуахасқызы
Ежелгі грек мектебі мен ғылыми білімдері
Ежелгі грек мектебі мен ғылыми білімдері
Қызылорда қаласы, Қ.Мұхамеджанов атындағы №1 мектеп-гимназиясының тарих пәні мұғалімі Ибраева Нағима Нұрмұратқызы
Аралдың ежелгі мәдениеті
Аралдың ежелгі мәдениеті
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Төретам кенті № 80 мектеп-гимназияның тарих пәні мұғалімі Әбдіреева Жадыра Аралдың ежелгі мәдениеті АННОТАЦИЯ ТАҚЫРЫБЫ: Аралдың ежелгі мәдениеті Тақырыптың өзектілігі: Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының ең
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×