Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Оқушылардың тарих пәніне деген қызығушылығын арттыру

01 наурыз 2014, Сенбі
Категориясы: Тарих
Оқушылардың тарих пәніне деген қызығушылықтарын арттыру

Білім беру жүйесі — қызығы мен қиындығы мол күрделі сала. Бүгінгі жас ұрпаққа жан - жақты білім беру, тәрбиелеу — әрбір ұстаздың оқу - тәрбие үрдісіндегі басты міндеті. Осы міндетті орындауда әрбір мұғалім түрлі әдіс - тәсілдерді пайдаланып жатады.
Қандай әдісті пайдаланса да мақсатымыз айқын, ортақ. Ол бағдарламадағы материалдың мазмұнын шәкірт бойына сіңіру.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев өзінің сөзінде « Бізге интеллектуалды ұлт қажет. Халықаралық деңгейде бәсекеге түсетін эрудициялы адамдар керек» деген болатын.
Жастар білімді, ақылды, жан - жақты жетілген, ұлттық рухы бар, ұлт мүддесі үшін қызмет ететіндей болуы үшін біз ұстаздар қауымы ат салысуымыз керек сияқты.
Оқушылардың білімін жетілдіріп, дамыту жолында пәнге деген қызығушылықтарын арттырып, жаңа технологияның тиімді әдіс - тәсілдерін жас ұрпаққа бойына сіңіре отырып, жұмыс істеуге мен де тырысудамын.
Еліміз тәуелсіздік алғанға дейінгі мектептерде жүргізіліп келген Қазақстан тарихы пәніне тиянақты өзгерістер енгізу проблемасы соңғы жылдарда болған түрлі саяси, тарихи және әлеуметтік – эканомикалық өзгерістерге тікелей байланысты туындаған болатын. Бұл жағдай бойынша 1990 жылдан Қазақстан тарихы Республика мектептерінде дербес пән

ретінде енгізілді.
Қазіргі таңда мектептің материалдық – техникалық базасы бай, мүмкіншілік көп, тек көзін таба білу керек. Тарих сабағында оқушы бойында «Менің Отаным қандай болған, қазір қандай, болашақта қандай болуы керек» деген сұрақтар туындайды. Осы сұрақтарға жауап беріп, мақсатқа жету үшін тарих пәнінің орны ерекше.
Тарих сабақтарында қоғамда болып жатқан түрлі өзгерістерге байланысты өткенді білуге деген құштарлық өсе түседі. Бұл жағдай тарих ғылымының жаңа дидактикалық жүйені іздестіру, салалық басылымдарда, бұқаралық ақпарат құралдарында, көпшілікке арналған әдебиеттерде бұрын белгісіз болған, құпия құжаттар, жеке хаттар мен күнделік жазбаларды іріктеу арқылы сабаққа пайдалану қажеттілігін көрсетеді. Сондықтан, өткенді ғылыми танып білуде осындай тың деректерді, мұрағат материалдарын жас ұрпақтың таным - түсінігіне сәйкестендіре отырып, сапалы, бәсекеге қабілетті ұрпақ қалыптастырамыз.

Пәнге деген оқушылардың қызығушылықтарын арттыру жұмыстарын үй тапсырмасын сұрау кезінде де іске асыруға болады. Мысалы: үй тапсырмасын сұрау кезінде «Тарихи бағдаршам», «Жылдар нені білдіреді», «Орнын тап», « Тарихи викторина», « Сен - маған, мен - саған» деген сияқты ойындар ойнаймыз. Тарихи бағдаршам тест сұрақтарына жауап беру болса, жылдарды кестеде немесе сызбада орындаймыз. Ал орнын тап ойыны үлестірмелі материал түрінде беріледі. Кейде үйден дайындап келген сөзжұмбақ, ребустар, кластер, шығармашылық тапсырмалар орындалады.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
8 268
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сындарлы оқыту - заман талабы
Сындарлы оқыту - заман талабы
Жаңа технологияның әдіс - тәсілдері оқушылардың білімін толықтыруға көмектеседі. Осыған орай озық тәжірибе, жаңа технологияның тиімді әдістерін таңдап алып, оларды үйлесімді, тиімді және шығармашылықпен пайдалану – ұстаз шеберлігінің белгісі деп
Эссе
Эссе
Қарағанды облысы, Приозерск қаласы, №1ЖББ ОМ қазақ тілі мен әдебиеті пәндері мұғалімі Хизирова Маржанкул Хожабекқызы
Қазақстан тарихы сабағында сын тұрғысынан ойлау мен әртүрлі әдіс - тәсілдерді қолданудың тиімділігі
Қазақстан тарихы сабағында сын тұрғысынан ойлау мен әртүрлі әдіс - тәсілдерді қолданудың тиімділігі
Ақтасты селосы, Абай атындағы орта мектептің тарих пәні мұғалімі Султанова Асем Атабаевна
12 жылдық білім беру жүйесіне көшу - заман талабы
12 жылдық білім беру жүйесіне көшу - заман талабы
Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, №11 жалпы орта білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімі Ахметова Замзагуль Болатовна
Шығармашылық есеп
Шығармашылық есеп
Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Фарфор ауылы, № 10 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушысы Тоқтаған Манарбек
Бастауыш сыныпта оқу – тәрбие үрдісі арқылы ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген жеке тұлғаны қалыптастыру
Бастауыш сыныпта оқу – тәрбие үрдісі арқылы ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген жеке тұлғаны қалыптастыру
Б. Нысанбаев орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Хамзина Нұргүл Жексенбайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×