Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қазақстан тарихы сабағында сын тұрғысынан ойлау мен әртүрлі әдіс - тәсілдерді қолданудың тиімділігі

29 қаңтар 2015, Бейсенбі
Категориясы: Тарих
Қазақстан тарихы сабағында сын тұрғысынан ойлау мен әртүрлі әдіс - тәсілдерді қолданудың тиімділігі

Кішкентай адамның рухани әлемін оқуға ғана жетелеуге болмайды. Егер біз баланың бар күшін сабаққа жұмсауға ұмтылсақ, оның өмірі төзгісіз болады. Ол оқушы ғана емес, ең алдымен сан қырлы қызығушылығы, сұранысы, ынтасы бар адам болуы керек.
(В. Сухомлинский)
Тарих - мектепте оқытылатын негізгі қоғамдық пәндердің бірі. Кешегісіз бүгініміз, ал бүгінгісіз ертеңіміз жоқ екенін шәкірттеріміз тарих пәні арқылы жақсы біледі. Тәуелсіз демократиялық мемлекетіміздің болашақ тұтқа ұстар ұрпағының білім дәрежесі қандай деңгейде болуы керек екендігі әрбір ұстаздың көңіліндегі түйткіл ой.

Тарих - мектептегі оқу пәні ретінде жалпы негізгі білім беретін барлық гуманитарлық және қоғамтанушылық курстардың негізін құрайды. Тарих ұлттық өзіндік сана - сезімді және адамгершілік этикалық нормаларды қалыптастыра отырып, оқытудың дүниетанымдық негізін қалыптастырады. Тарихтың басқа пәндермен өзара байланысы талдау, жинақтау сияқты ортақ логикалық таным - әдістерін қолдануға мүмкіндік береді. Мысалы, гуманитарлық циклдағы пәндермен байланысы картамен, мәтінмен жұмыс істеу, оқиғалармен құбылыстардың ерекшеліктерін айқындау сияқты ортақ әдіс - тәсілдері негізінде іске асады.

Тарихқа деген қызығушылығын арттыру үшін сапалы білім берудің тиімді жолдарын таңдау, тарихи және мәдени мұралармен таныстыру, қосымша элементтерді пайдалану мен тарихи деректерді оқып білім алып шығармашылықпен айналысуына жағдай жасау сияқты жаңа педагогикалық технологиялармен инновациялық бағыттарды, әдістер мен тәсілдерді енгізу. Бүгінгі таңда сабақ өткізудің түрлері өте көп.

Мен түрлі әдіс - тәсілдерді пайдалана отырып, сапалы білім, саналы тәрбие беруде сабақтың тиімді түрлерін қолданып келемін. Осы мақсатта өзім сабақ беретін 7 - сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын, белсенділігін арттыру үшін пайдаланып жүрген әдіс - тәсілдерден мысалдар келтіруді жөн санадым. Тарих сабағын оқыта отырып, сын тұрғысынан ойлау, ұжымдық оқыту, пікірталас, сынақ, өзіндік жұмыс және тарихи диктант т. б. тәсілдерді қолданамын. Сурет - иллюстрациялар бойынша әңгіме құрастыру, тірек - сигналдар, тірек - сызбалар, кластерлер, хронологиялық таблицалар құрастыру, венн диаграммасы арқылы жұмыс істеу әдістері де қолданылады. Тағы бір ерекшелігі, күнделікті сабақпен салыстарғанда қайталау сабақтарында оқушылардың өз беттерінше ойланып, жұмыс істеуіне едәуір мүмкіндік туады.

Тарих сабағында әсіресе тарихи оқиғаларға байланысты, еліміздің тарихында ерекше орын алатын мемлекет қайраткерлеріне (хандар, сұлтандар, билер, батырлар, ұлттық зиялы қауым өкілдері) байланысты сергіту сәттерін жасау арқылы оқушылардың көңілін сабаққа аудара алсақ, әрі өткен материалдарға шолу жасап алуға да жол ашылады.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
4 417
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қазақстан тарихы пәнінен білім берудің сапасын жетілдіруде түрлі әдістерді қолданудың тиімділігі
Қазақстан тарихы пәнінен білім берудің сапасын жетілдіруде түрлі әдістерді қолданудың тиімділігі
Қазақ халқының ағартушы ғалымы Шоқан Уәлиханов: "Халықтың кемеліне келіп өркендеп өсуі үшін ең алдымен азаттық пен білім қажет"- деп айтқан. Еліміздің ертеңі кемел, болашағы берік болуының негізгі алғышарты білім екендігі сөзсіз.
Жаңартылған білім беру бағдарламасы аясында тарих пәнінде әдіс - тәсілдерді қолданудың тиімділігі.
Жаңартылған білім беру бағдарламасы аясында тарих пәнінде әдіс - тәсілдерді қолданудың тиімділігі.
Педагогикалық тәжірибені дамыту мақсатында мұғалімдер бірлесіп жұмыс істеу керек. Сабақты бірлесіп жоспарлау, сабақтарға өзара қатысу мен талқылау оқытуды жақсартуға көмектеседі
Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында критериалды бағалау жүйесін информатика пәнін оқытуда қолдану
Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында критериалды бағалау жүйесін информатика пәнін оқытуда қолдану
Мемлекетіміздің білім беру үдерісіне енген жаңартылған білім беру бағдарламасы — заман талабына сай тың бағдарлама
Оқушылардың тарих пәніне деген қызығушылығын арттыру
Оқушылардың тарих пәніне деген қызығушылығын арттыру
ШҚО, Жарма ауданы, «Суықбұлақ орта мектебі» КММ тарих пәні мұғалімі Сыдыкова Анар Ахановна
Тарих сабағындағы материалдарды меңгертудің тиімді жолдары
Тарих сабағындағы материалдарды меңгертудің тиімді жолдары
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Бекарыстан би ауылының №24 қазақ орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Дина Мағауияева
Интерактивті оқыту технологиясының әдіс-тәсілдерін тарих сабағында қолдану
Интерактивті оқыту технологиясының әдіс-тәсілдерін тарих сабағында қолдану
Сайрам ауданы Қарасу ауылы А.Байтұрсынов атындағы жалпы орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Игенбаева Динара Маратқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×