Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Модуль №4 Қазақстан тарихы мен мәдениетіндегі ислам діні

11 маусым 2014, Сәрсенбі
Категориясы: Тарих
Модуль №4 Қазақстан тарихы мен мәдениетіндегі ислам діні
Сабақ бөлімі
Кіріспе бөлімі
Сабақ сағаты1 - ші сабақ
Модульдің мазмұны
Модульге кіру, құрылымы, мақсаты
1. Лекция тезистері
2. Дәптермен жұмыс
3. Қорытынды, үйге тапсырма
Сөйлесу бөлімі 2 - ші сабақ, 3 - ші сабақ
Білімдік, іскерлік дағдыны меңгерту
1. «Қарлы кесек» ойыны
2. Қорытынды, үйге тапсырма
Білімдік, іскерлік дағдыны дамыту, пысықтау
1. «Даналық ағашы» ойыны
2. Қорытынды, үйге тапсырма

Қорытынды бөлім
4 - ші сабақ Білімдік, іскерлік дағдыны қорыту, бекіту
1. «Бақытты сәт» ойыны
2. Шығармашылық тапсырма
3. Қорытынды, үйге тапсырма

Мақсаты: 1. Оқушыларды имандылыққа, әдептілікке, ізеттілікке тәрбиелеу.
2. Қазақстан тарихы мен мәдениетінде ислам дінінің рөлі туралы
түсіндіру
3. Діни ілімнің даму тарихы. Қазақстандағы діни ілімдерінің қалыптасуы туралы деректер арқылы таным қабілеттерін дамыту.

- Оқушы нені білу керек?
1. Қазақ мемлекетінің қалыптасуына ислам дінінің әсер етуін
2. Қазақстандағы ислам мәдениетінің ескерткіштері
3. Қазақстандағы діни үндестіктер

- Оқушы нені меңгеру керек?
1. Исламның Қазақстанда таралуын
2. Қазақ ойшылдары туралы деректерді
3. Дін - имандылық басталуы

Пайдаланған әдебиеттер:
1. Қ. Қ. Құнапина Дінтану негіздері (әдістемелік құрал) А - 2009 жыл
2. Х. Алтай «Хұтпалар» Ислам кітапханасы 2001 жыл
3. Ш. Тоқырқызы «Арыстанбабтан бастайық» А - 2006 жыл
4. М. Бұлытай «Ислам» Ақиқат журналы №4, М. Харт 2 «Мұхаммед» Ақиқат
журналы №7, 2003
5. Н. Назарбаев - основатель Казахстанской модели межэтнического и
межконфессионального согласия
Шығармашылық жұмыстар: Карта, тақырыптар бойынша суреттер, сөзжұмбақ, тест т. б.

Кіріспе бөлім 1 - ші сабақ
Мақсаты: Қазақстан тарихы мен мәдениетінде орын алған ислам діні туралы білімді
қалыптастыру
Тақырыптар: 1. Қазақстан тарихы мен мәдениетінде орын алған діндер
2. Исламның Қазақстанда тарауы
3. Қазақ мемлекетінің қалыптасуындағы исламның рөлі
4. Қазақстанда ислам мәдениетінің ескерткіштері

Лекция тезистері:
Қазақстан тарихы мен мәдениетінде орын алған діндер: ислам, христиан, буддизм. Қай діннің болса да өмір сүруге, адамдар оларды таңдауға құқығы бар. Адамдардың діни сенімдеріне қатысты Қазақстан Республикасының конституциясының 22 - бабында: әркімнің ар - ұждан бостандығына құқығы бар. Ислам діні 634 - 750 жылдары қысқа мерзімде батыстағы Испаниядан шығыстағы Қытайға дейін тарады. Бүгінгі ислам діні жер шарының барлық құрлықтарында азды - көпті таралған. Мұсылмандардың саны 2 миллиардтан аса адам мөлшерінде ислам дінін қабылдаушылардың саны тұрақты өсуде. Әбу Насыр Әл - Фараби, Мұхаммед Қашқари, А. Йассауи ойшыл ғалымдар, ақындар бүгінгі күнде біздің дүние жүзі халықтарының алдында мақтаныш тұтатын тұлғалар. Хакімдік Абай түсінігінде ең биік статус. Ол хакімдікті түсініп қана қоймай, оны байытты. Ислам дініне сенетіндігін, діни таным жайындағы философиялық көзқарастарын өлеңмен жеткізеді. Ы. Алтынсарыұлының “Мұсылмандықтың тұтқасы” деген атпен Қазан университетінің баспаханасында 76 беттен тұратын еңбегі жарық көрді Оның ісін жалғастырушы Шәкәрім Құдайбердіұлының да “Мұсылмандық шарты” еңбегі жарыққа шықты. Кешегі Б. Момышұлы да атамыз да Шымкент қаласында медреседе діни тәлім - тәрбие алған. Бүгінгі таңда М. Бұлытай, Ғ. Есім т. б. Дінтанушы ғалымдар еңбектері арқылы білімді тереңдетуге болады.
Қорытынды, үйге тапсырма. 22 - 25 тақырыптарды оқу, талдау

Сөйлесу бөлімі 2 - ші сабақ
«Қарлы кесек» ойыны
Мақсаты: Қарлы кесек ойыны арқылы білімдік, іскерлік дағдыны меңгерту.
Шарты: А әріпі бағыттаушы парағын және жетоның алған оқушылар «А үстелінің» басына отырады. Б, В, Г, Д, т. с. с. Мұғалім проблемалық сұрақ қояды немесе қандайда бір тапсырма береді. Бес адамнан тұратын топ 5 - 7 - 15 минут шамасында жауап іздеп, оны тезистер түрінде жазып алады. Оқушылар орындарынан тұрып, әрқайсысы өздерінің бағыттау парағы бойынша жаңа орынға отырады. Топ ішінде уақытты жүргізуші қадағалап отырады. Алдымен жетонында «А» әріпі бар ойыншы, содан соң кезегімен «Б», «В», «Г», «Д» әріптері бар ойыншылар сөйлейді. Барлық тур (3 - 4 - 5) біткен соң оқушылар алғашқы орындарына отырады. Мұғалім бағыттау парағын жинап алады, нәтижесін ортақ параққа жазады. Сол ортақ парақ бойншы ең жақсы ойыншы, «ең жақсы команда» анықталады.

Тапсырмалары:
1. «А» тобының тапсырмалары:
1. Сопылық ілімнің иегерін салушы туралы түсінік
2. Әбу Насыр Әл - Фараби туралы түсінік беру
2. «Б» тобының тапсырмалары:
1. Ибрахим туралы баяндау
2. Құран пайғамбар туралы түсінік беру
3. «В» тобының тапсырмалары:
1. Жүсіп Баласағұн туралы баяндау
2. Мұсылмандық әдеп қағидалары туралы баяндау
4. «Г» тобының тапсырмалары:
1. М. Қашқари туралы баяндау
2. Мұхаммед пайғамбар туралы түсінік беру
5. «Д» тобының тапсырмалары:
1. М. Мақатаевтың дін тақырыбына жазған өлеңдері
2. Ислам діні және Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев.
Қорытынды: Ұлтымыз қазақ, дініміз ислам болғаннан кейін әдет ғұрпымыз бен салт - дәстүрімізді, әдебімізді мәдениетімізді мұсылмандықтан бөліп қарай алмаймыз. Қарапайым қағидалардан тұратын мұсылмандық әдеп исламының бас кітабы Құранмен дәлелдене түсті
Қорытынды, үйге тапсырма: 22 - 25 тақырыптарды оқу, талдау

Сөйлесу бөлімі 3 - ші сабақ
Мақсаты: «Даналық ағашы» ойыны арқылы білімдік іскерлік дамыту, пысықтау.
Шарты: Оқушылар мәтінді жылдам, мұқият оқып шығуы тиіс. Енді әрқайсысы мәтін бойынша сұрақ құрып, қағазға жазады. Жүргізушінің қолында сандықша болуы тиіс, оған оқушылар кезегімен өз сұрақтарын салады. Мәтінді тағы бір рет жылдам оқып шығу керек. Әр оқушы сандықшадан сұрақ жазылған қағаз алып, дауыстап неғұрлым толық жауап беруі тиіс. Басқалары сұрақ пен жауапты бағалайды жеңімпазды анықтайды. Білгірлерді құттықтайды

Сандықшаға түсетін сұрақтар үлгісі:
1. Ы. Алтынсариннің еңбегі қалай аталды?
2. «Мұсылмандықтың шарты» кімнің еңбегі
3. Сопылық ағымының негізін салушы
4. «Диуани лұғат ат түрік» еңбегінің авторы туралы баянда
5. Абу Насыр Әл - Фараби кімдердің еңбектерін араб тіліне аударды
6. “Құдатғу білік” еңбегінің авторы. 7. Абайдың «Қара сөздері» туралы баянда.
8. М. Мақатаевтың дін туралы өлеңдерінің мазмұны.
9. Ислам сөзінің мазмұны.
10. Монотеизм, политеизм сөздерінің мағынасы қандай?
Жауаптары: 1. «Мұсылмандықтың тұтқасы», 2. Ш. Құдайбердіұлы, 3. Қ. А. Иассауи, 4. М. Қашқари, 5. Платон, Аристотель, 6. Ж. Баласағұн, 7. Хакімдік қасиеттерін аша түсу, 8. Шыдамдылық, сабырлыққа шақырады, 9. Ислам - ілім бағыну, бас ию, нану, 10. Монотеизм - бір құдайлы, политеизм - көп құдайлы дін.
Қорытынды: Майкл Харт “100 ұлы адам еңбегінде адамзат баласы тарихындағы 100 ұлы тұлғаның басынан Мұхаммед пайғамбарды қойған. Мұсылмандарға Мұхаммедтің ықпалы, Христос пен Әулие Павел екеуі қосылып, христиандарға жасаған ықпалынан әлде қайда күшті. Ол көшбасшысы бола білді.
Үйге тапсырма: 22 - 25 тақырыптар бойынша қосымша мәліметтер.
Қорытынды бөлім 4 - ші сабақ

Мақсаты: “Бақытты сәт” ойыны арқылы білімділік іскерлік дағдыны қорыту, бекіту
Шарты: 1 Гейм. “Бой сергіту” командаларға берілген сұрақтарға нақты жауаптар беру талаптары қойылады.
Тапсырмалары: І топ
1. Ислам дінінің қасиетті кітабы?
2. Астанада өткен әлемдік діндердің ІІІ съезінің уақыты
3. Мұсылман мемлекеттер қандай дінге сыйынады?
ІІ топ
1. Христиандардың қасиетті кітабы?
2. Әлемдегі негізгі үстемдік етуші діндер саны.
3. Арыстан баб неше дінді білген, қай дінге мойын ұсынған?
ІІІ топ
1. Буддизм дінінің негізін қалаушы.
2. Есенқожа ата ескерткіші қай жерде орналасқан?
3. “Мұсылмандық шарты” еңбегінің авторы
ІV топ
1. “Дін ғылымның атасы” өлеңінің авторы
2. Шымкентте діни медреседе білім алған батыр
3. Сопылық ағымның негізін салушы

Жауаптары: І топ: 1) Құран, 2) 2 - 3 шілде 2009жыл, 3) Ислам
ІІ топ: 1) Библия, 2) Үш дін, 3) 33дін, Ислам.
ІІІ топ: 1) С. Гаутама, 2) Сайрам қаласы 3) Ш. Құдайбердіұлы
ІҮ топ: 1) М. Мақатаев 2) Б. Момышұлы, 3) Қожа Ахмет Иассауи

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
8 730
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Діннің қоғамдағы рөлі
Діннің қоғамдағы рөлі
Діннің шығу тарихы, дін және заманауи өмір, толеранттық және ождан бостандығы, руханилық туралы түсіндіру.
Дін және мәдениет. Исламның таралуы
Дін және мәдениет. Исламның таралуы
Дін және мәдениет. Исламның таралуы Конспект Қазақстанның оңтүстігіндегі және Жетісуда жүргізілген зерттеу жұмыстары қала тұрғындарының арасында әр түрлі діни наным - cенімдердің болғандығын білдіреді.
Үлестер. Жай бөлшектер
Үлестер. Жай бөлшектер
Жай бөлшектің негізгі қасиетін және жай бөлшекті қысқарту ережесін есептер шығаруда қолдана білу
Ислам тағылымы
Ислам тағылымы
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, №3 орта мектептің орыс тілі мен әдебиет мұғалімі Жанжигитова Гульнар
Дін және мәдениет. Исламның таралуы
Дін және мәдениет. Исламның таралуы
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы А. Жанпейісов атындағы № 105 орта мектептің тарих пәнінің мұғалімі Бисенбаева Анар
Дін және мәдениет. Исламның таралуы. Ғылым мен білімнің дамуы
Дін және мәдениет. Исламның таралуы. Ғылым мен білімнің дамуы
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы №32 мектеп-гимназиясының тарих пәні мұғалімі Мусина Гүлшара Құралқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×