Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Дін және мәдениет. Исламның таралуы. Ғылым мен білімнің дамуы

28 сәуір 2013, Жексенбі
Категориясы: Тарих
Сынып 7
Пән Қазақстан тарихы

Тақырып 19, 20. Дін және мәдениет. Исламның таралуы. Ғылым мен білімнің дамуы. (презентациясымен)
Мақсат 9 – 13 ғасырлардағы Қазақстандағы әртүрлі діни нанымдар туралы, ғылымның даму себептері, көрнекті ғалымдар жайлы кеңінен мағлұмат бере келіп, олардың еңбектерінің тарихи маңызын ашып көрсету.
Көрнекілік Ұлы жібек жолының карталары, Айша – бибі мазарларының суреті, көрнекті ғалымдардың портреттері.
Әдіс - тәсіл:
Ауызша баяндау, әңгімелеу, сұрақ – жауап.
Өткен сабақты қайталау:

Сабақтың барысы: Жоспары:
1. Ислам дініне дейінгі діни нанымдар.
2. Мұсылман дінінің енуі және таралуы.
3. Мұсылман дінінің мәдениет дамуына тигізген әсері. Жоспары:
1. Ғылымның дамуы.
2. Тіл білімінің дамуы.
3. Әдебиет.

Алғашқы сұрақтар: «Алғаш адамдар арасында діни наным – сенімдер қалай пайда болды?, Көп құдайға табынушылық дегеніміз не? Ислам діні қай жерде, қашан пайда болды?».
Ислам дініне дейінгі діни нанымдарды түсіндіргенде археологиялық деректерге сүйенеміз. Қазақстанның оңт., оңт – шығысындағы қалаларға зерттеу жұмыстарын жүргізгенде қала тұрғындарының арасында түрлі діни – нанымдардың болғаны байқалады. Сыр бойындағы қалаларды қазғанда қошқар мүйізіне, құс айдарына ұқсас қыш құмыралар табылған. Зороастралық фарн, тотемге табыну белгілері жайлы айта келіп, отқа табыну әдетіне кеңірек тоқталу керек. Отқа табынуды және «Қасиетті Ұмай анамен» де байланыстырады. Осындай сенімдерге байланысты «отқа түкірмеу», «от жанған жерді баспау», «түнде от жарқылдатпау» сияқты әртүрлі ырымдар, жас келін түскенде отқа май тамызу ғұрпы әлі күнге дейін сақталған.
Жетісу аймағында кең тараған діни наным дәстүрлері – зороастризм, несториандық түсініктегі христиан діні, буддизм діндерінің салт – дәстүрлері де назардан тыс қалмауы тиіс. Екінші мәселе бойынша 10 – 11 ғғ қала мәдениетінің дамуына жаңа дін – исламның әсеріне тоқталамыз. 10 ғасырдың басында Қарахан әулетінің негізін қалаушы Сатұқ Богра ханның ислам дінін қабылдап, оның баласы Боғра ханның 960 жылы исламды Қарахан мемлекетінің мемлекеттік діні ретінде жариялағаны белгілі. Және әл – Макдисидің деректерімен қатар, ислам дінінің орнығуы жерлеу дәстүрлеріне де үлкен өзгерістер әкелген.
10 – 12 ғасырларда қала мәдениетінің дамуы, ислам дінінің қанат жаюы Қазақстан жерінде ғылым мен білім салаларының дамуына ықпал етіп, Сайрам, Отырар, Түркістан қалаларының біршама гүлденгенін айтамыз. Шығыстың дүние жүзіне әйгілі, көрнекті ғалымы - Әл – Фараби туралы баяндау.
Әбу Насыр әл – Фараби 870 - 950 жж
Білім жолы: Отырар, Бұхара, Самарқан, Исфахан, Бағдат, Шам.
Платон, Аристотель, Птоломей.
Архимед еңбектері
Ғылым саласы: Философия, математика, музыка, әдебиет, медицина, ғарышнама, логика, анатомия
«Ғылымдар энциклопедиясы»
Ғылымдардың шығуы, Мәселелердің түпкі мазмұны, Жұлдыз бойынша болжаулар, Вакуум туралы трактат

10 – 11 ғасырлардағы тіл білімінің дамуына үлес қосқан ғалымдар:
Аты – жөні: Махмуд Қашқари 1030 - 1090
Еңбектері: «Диуани лұғат ат - түрік» (Түрік тілдерінің сөздігі)
Не айтылды
Түрік дәуірінде өмір сүрген түрік тайпаларының сөздігі, тіл тарихы, түрік мекендерінің аталуы, тарихы, ауыз әдебиеті туралы мағлұматтар.
Жүсіп Баласағұн 1021 - 1075
«Құтадғу білік»
(Құт негізі – білік )
Түркі тілдес халықтардың тарихы, қоғ – саяси өмірі, әдет – ғұрып, наным – сенімдерінен мағлұмат береді. Философия, астрономия, алгебра сияқты ғылым салалары да қамтылған
Әдебиет: Ахмет Иүгнеки + Ақиқат сыйы, Қожа Ахмет Йассауи +Диуани Хикмет – Даналық кітабы, Сүлеймен Бақырғани+ Бибі Мария, Әли ақын + Жүсіп – Зылиқа поэмасы.

Сабақты бекіту:
10 – 12 ғасырларда ғылымның дамуына себеп болған не? Әл – Фараби өмір сүрген жылдар? Ислам дініне дейін қазақ жерінде болған діни сенімдер қандай? Ислам діні қай ғасырда келді? Түрік тілін алғаш зерттеген ғалымды ата? т. б. сұрақтар.
Үй жұмысы: 19 – 20 тақырыптар.
Сабақты бағалау: Тақырып бойынша бағалаймын.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
26 458
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
X - XIII ғасырдың басындағы Қазақстан мәдениеті
X - XIII ғасырдың басындағы Қазақстан мәдениеті
Қазақстан территориясындағы қалалардың пайда болуы мен дамуы, қолөнердің өркендеуін, сауда қатынастарын, сәулет өнері мен құрылыстың дамуын, дін және ғылым - білімнің дамуын қорытындылау.
Дін және мәдениет. Исламның таралуы
Дін және мәдениет. Исламның таралуы
Дін және мәдениет. Исламның таралуы Конспект Қазақстанның оңтүстігіндегі және Жетісуда жүргізілген зерттеу жұмыстары қала тұрғындарының арасында әр түрлі діни наным - cенімдердің болғандығын білдіреді.
Ислам ілімінің таралуы. Исламның ғылым мен мәдениеттің дамуына әсері
Ислам ілімінің таралуы. Исламның ғылым мен мәдениеттің дамуына әсері
Ислам ілімінің шығу тарихы, ғылым мен мәдениеттің дамуына әсерін дереккөздерге сүйене отырып, даму тарихын түсіндіру. Оқушылардың ойлау, сөйлеу дағдыларын дамыту, ислам дінінің ерекшелігін, миссионерлікпен айналыспау себебін талдау.
Ғылым мен білімнің дамуы
Ғылым мен білімнің дамуы
Тарих пәні мұғалімі Аманбаева Жазира Куановна
Ислам тағылымы
Ислам тағылымы
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, №3 орта мектептің орыс тілі мен әдебиет мұғалімі Жанжигитова Гульнар
Дін және мәдениет. Исламның таралуы
Дін және мәдениет. Исламның таралуы
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы А. Жанпейісов атындағы № 105 орта мектептің тарих пәнінің мұғалімі Бисенбаева Анар
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×