Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жапония

16 желтоқсан 2014, Сейсенбі
Категориясы: Тарих
Дүние жүзі тарихы 8 - сынып

Сабақтың тақырыбы: Жапония
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: 17 ғ Жапонияның саяси - әлеуметтік жағдайына сипаттама жасау, Токугава әулетінің жүргізген сыртқы саясатының ерекшеліктерін түсіндіру.
Дамытушылық: оқушылардың көшбасшылық қасиеттерін дамыту, оқулықпен жартылай ізденіс жұмыстарын жүргізу дағдыларын арттыру.
Тәрбиелік: отансүйгіштікке тәрбиелеу, өзге ұлт мәдениеттеріне құрметпен қарауға баулу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Пәнаралық байланыс: география
Көрнекілігі: «Даналық ағашы», суреттер, кесте, таратпа материал

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру
2. Үй тапсырмасын тексеру
«Даналық ағашына» тапсырмалар ілінеді. Оқушылар таңдаған жапырақ – парақтағы сұрақтарға жауап береді.
1 - Жапырақ тапсырмалары (3 - деңгей)
1. 17ғ. Моңғолия қандай бөліктерден тұрды?(Чахар, Халха, Жоңғар хандықтары)
2. Жоңғар мемлекетінің негізін қалаушы кім? (1635 ж. Батыр қонтайшы)
3. Жоңғар хандығының негізін қандай тайпалар құрады? (ойрат тайпалары)

2 - Жапырақ тапсырмалары:
1. Жоңғарлардың негізгі шаруашылығы не болды? (көшпелі мал шаруашылығы)
2. Жоңғарлар қандай дін ұстанды? (буддизмнің саласы - лама діні)
3. Араттар деген кімдер? (қарапайым шаруалар)

3 - жапырақ тапсырмалары (2 - деңгей)
1. Жоңғар хандығының әлеуметтік құрылысын сипатта ( қонтайшы, нояндар, араттар)
2. Жоңғар мемлекеті қандай әкімшілік бірліктерге бөлінді? (ұлыс - оток - аймақ)
3. Жоңғар хандығында жердің иесі болып кім саналды? (қонтайшы)

4 - жапырақ тапсырмалары
1. 17ғ басында Жоңғар мемлекеті неліктен Қазақ даласына жорық ұйымдастыра бастайды? (Тәуке хан мирасқорларының әлсіз саясатын ұтымды пайдалану үшін)
2. Цин империясы неліктен Қалдан Бошоқтуға қарсы күресте Халха ханына көмек көрсетеді? (Қалдан Бошоқтудың күшейіп, біртұтас жалпы моңғол мемлекетінің құрылуына жол бермеу үшін)
3. 18 ғ орыс - жоңғар қатынастары қай жерлер үшін шиеленісті? (Орыс шаруаларының Ертіс, Енисей, Тобыл өзендері жағасына келіп қоныстана бастауы)

5 - жапырақ тапсырмалары (1 – деңгей)
1. 1729 жылдан бастап Цин билеушілерінің Іле өзені бойына әскер күштерінің шоғарлана бастау себебін түсіндір. (жоңғарларды қазақтармен бірлесе отырып екі жақтан қыспаққа алу үшін)
2. Жоңғар – қазақ жаугершілік соғыстарының салдары екі ел үшін қандай болды? ( қазақ жері Ресей қол астына көшсе, әлсіреген жоңғарлар Цин еліне оңай олжаға айналды)
3. Билікке келген Дабашы қонтайшы неліктен хойт тайпасының басшысы Әмірсананың көзін жойғысы келеді? (билік үшін бақсаталастықтан қауіптенеді)

6 - жапырақ тапсырмалары
1. Әмірсана мен Абылай хан арасындағы қарым - қатынас туралы не білесіңдер? (Циндерге тойтарыс бере алмаған Әмірсана Абылай ханды паналайды).
2. Жоңғар хандығы мен Қазақ хандығы арасында қандай ұқсастықтар бар?
3. Жоңғар империясы неліктен жойылды? (билік үшін бақталастық оны қытайлықтардың жаулап алуына әкеледі, ұзақ соғыстар халықты қажытады)

3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
«Ой қозғау»- Жапония туралы оқушылар білімдерін тексеру. Картамен жұмыс. Астанасы - Эдо қаласы (қазіргі Токио), көне астана Киото
Сегундық жүйе:
1. Минамото мен Ходзе әулеті 1192 - 1333 жж
2. Асикага әулеті 1335 - 1572 жж
3. Токугава әулеті 1603 - 1867 жж
Терминдермен жұмыс:
Микадо - жапон императоры
Сегун - әскери қолбасшы
Дайме - ең бай феодалдар
Куге - император айналасындағы ақсүйектер

Сызбаны толтыр:

Проблемалық сұрақ: Токугава әулетінің сыртқы саясаты «жабық есік» саясатымен - жапондықтардың сыртқа шығуына тыйым салынумен сипатталады. Бұл саясат қандай мағына білдіреді және неліктен туындап отыр? ( 1542 ж португалдықтардың, кейіннен ағылшындар мен голландықтардың келуінен кейін елде христиан дінінің таралуынан қауіптену)
Хронологиямен жұмыс:
1614 ж - шетелдік дінді қабылдауға қатаң тыйым салынды.
1636 жыл - жапондықтардың елдің аумағына тыс жерге кетуге тыйым салды.
1638 жыл - елдегі барлық португалдықтар мен испандықтарды қуып шығады.
«шығыстық мораль - батыстық техника» принципі.
Жұппен жұмыс: оқушылар жұптарға бөлінеді. Әр жұптың бір оқушысы синтоиз дінін, екінші оқушы буддизм діні туралы оқып, бір - біріне түсіндіреді.
4. Бекіту:
Постермен жұмыс: жаңа замандағы Жапония моделін жасау. Оны қорғау.
5. Үй тапсырмасын беру, бағалау
8 740
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қытай және Моңғолия
Қытай және Моңғолия
Қытай және Моңғолия туралы жаңа ақпараттармен таныстыру, оқушылардың ізденіп, топтасып жұмыс істеулеріне мүмкіндіктер жасау.
Жапония
Жапония
XVI ғасырдағы Жапонияның әлеуметтік жағдайымен таныстыру. Токугава сегунаты кезінде жапон халықтарының қандай топтарға бөлінгендігін, олардың жүргізген саясаты мен сол кездегі діннің рөлі және оның атқарған қызметі туралы тақырып мазмұнын оқушыларға
XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы
XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы
XVIII ғасырдың бас кезіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы жөнінде жалпы түсінік беру, осы кезеңдегі Ресей мен Қазақ хандығы мүдделерінің жақындасу себептерін түсіндіру;
Қазақ халқының жоңғарларға қарсы күресі
Қазақ халқының жоңғарларға қарсы күресі
Есік гуманитарлық – экономикалық колледжі. Оқытушы: Айтбекова Алия
Жапония шаруашылығы. Сыртқы байланыстары
Жапония шаруашылығы. Сыртқы байланыстары
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Аудандық білім бөлімінің әдіскері Елғондина Гүлжанат Базарбайқызы
Иран
Иран
Қызылорда қаласы, № 197 қазақ орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Уәлиева Жұпар Болатқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×