Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


"Жас тарихшы" зияткерлік сайысы

30 наурыз 2015, Дүйсенбі
Категориясы: Тарих
Ақмола облысы, Аршалы ауданы,
№3 Аршалы орта мектебінің тарих пәні мұғалімі
Айкынбаева Мадина Мураткызы

«Жас тарихшы» зияткерлік сайысы.
1 ж: Ассалаумағалейкум, қымбатты көрермендер.
2 ж: Армысыздар, ардақты ұстаздар мен оқушылар.
1 ж: Сіздердің назарларыңызда «Жас тарихшы» зияткерлік сайысы.
2 ж: ----------- Жапонияда төменгі сынып оқушыларына үй тапсырмасын бермейді екен.
1ж: Естігенім бар, бірақ жоғары сынып оқушыларына артылған жүк бастан асады.
2 ж: Ия, Жапонияның жоғарғы сынып оқушылары әлемдегі жұмысы көп жандар болып саналады екен.
1 ж: Ол ештеңе емес, ал АҚШ - та мектепке жаңа барған оқушыға ата - анасы ештеңе алып бермейді, яғни қажетті құрал жабдықтарымен мектеп толық қамтамасыз етеді.
2 ж: Ең қызығы Финляндияда оқушыларына алғашқы 6 сынып бойы мүлдем баға қойылмайды екен.
1 ж: Расыңда да, қызық, әр елдің білім жүйесі әр түрлі, бүгін бізде тарих пәні бойынша «Жас тарихшы» атты зияткерлік сайыс, қатысушылармен таныс болыңыздар.
2 ж: Алғашқы сайыскеріміз -------------------------- 6 «Ә» сынып оқушысы.
Армысыздар жиналған көрермендер және ойын қатысушылары. Ұлы ойшыл Жүсіп Баласағұни айтқандай «Бақытты болудың негізі білім» осы мақсатта осы ойынға келіп тұрмын.
1 ж: Келесі білімді ойыншымыз --------------------------- 6 «А» сынып оқушысы.
Қайырлы күн қымбатты көрермендер. Бүгінгі білім бәсекесінде
Төзімділігім «ту» болып, Ұлтжандылығым «Ұран болып, Әділдігім «Ән» болып, Жеңіс жалауына жетсем деймін.
2 ж: Зияткерлік сайыс ойында бағын сынайтын келесі қатысушымыз 6 «Ә» сыныбының қатысушысы ----------------.
Өткен шаққа алғыс айтып, осы шаққа сүйсіне қарап, келер шақты үмітпен күтетін енің бұл сайысқа қатысып отырғандағы ең басты мақсатым, білімімді одан әрі жетілдіру болмақ. Менің ұстанымым Абай атамыздың өлең жолдары:
Сенбе жұртқа тұрсадағы қанша мақтап,
Әуре етеді ішіне қулық сақтап,
Өзіңе сен өзіңді алып шығар,
Еңбегімен ақылың екі жақтап.
2 ж: Келесі ойыншымыз 6 «А» сынып оқушысы --------------------
Армысыздар, жиналған қауым. Менің бүгінгі ойынға келіп отырғандағы мақсатым, өз бағымды сынап, білімімді тексеру. Менің өмірлік ұстанымым тек «Алға».
1 ж: Келесі қатысушымыз ізгілік жолын білімнен іздейтін 6 «Ә» сынып оқушысы -----------------.
Осы зияткерлік сайысқа қатысу себебім өзімнің білімім мен дүниетанымымның шын мәнідегі дәрежесін білу, ал өмірлік ұстанымым «еркін де қызықты» өмір сүру.
2 ж: Соңғы қатысушымыз 6 «А» сынып оқушысы ----------------
Армысыздар ардақты Алаш елі.
Қараңғы қазақ көгіне, Өрмелеп шығып күн болам,
Қараңғылықтың кегіңе, Күн болмағанда кім болам? Бүгінгі ойын нағыз көшбасшыны анықтасын.

1 ж: Қадірменді ойыншылар, қымбатты көрермендер. Ал енді алғашқы айналымның ойын шартын түсіндіре кетейін. Қазір сіздерге тест түрінде ортақ 10 сұрақ оқимыз, әр сұраққа жауап ретінде5 нұсқа берілген, сіздер берілген нұсқаның ішінен дұрыс жауапты табуыңыз керек, әр жауап 1 ұпаймен бағаланады. Ойлануға 5 секунд уақыт беріледі. Дұрыс немесе бұрыс жауабын әділқазылар беретін болады.
Бәйгеге түсіп жарыспай
Жүйріктің бағы жана ма
Біліммен өнер жарысып
Тәрбие - тәлім табар мән
Бұл бәйге ойдың бәйгесі
Кім жүйрік ойға, сол алда!
Деп,- тартысқа толы алғашқы айналым «Бәйге» бастаймыз.

Сұрақтар.
1. Алғашқы адамдардың әлеуметтік құрылысы қалай аталады?
a) Алғашқы қауымдық құрылыс
b) Құл иеленушілік құрылыс
c) Феодалдық құрылыс
d) Капиталистік құрылыс

2. Заттай деректер негізінде адамзаттың тарихын зерттейтін ғылым:
a) Этнография
b) Археология
c) Нумизматика
d) Геральдика

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
5 728
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ойлы болсаң, озып көр
Ойлы болсаң, озып көр
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Сарыбұлақ ауылы №78 мектептің бастауыш сынып мұғалімі Жолдасбаева Ажаркүл
«Ақмола облысы» тарихи – өлкетану сайысы
«Ақмола облысы» тарихи – өлкетану сайысы
Тақырыбы: «Ақмола облысы» тарихи – өлкетану сайысы
ХХI ғасыр көшбасшысы
ХХI ғасыр көшбасшысы
Шалқар қаласы, № 3 мектеп. Бастауыш сынып мұғалімі Батырова Назгуль Шахматовна
"Көкпар" білім сайысы
"Көкпар" білім сайысы
Шығыс Қазақстан облысы "Д. Бабатайұлы атындағы жалпы білім беретін орта мектеп"КММ Бастауыш сынып мұғалімі Омаргазина Мақпал
ХХІ ғасыр көшбасшысы
ХХІ ғасыр көшбасшысы
Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы бастауыш сынып мұғалімі Маденова Эльмира Кайратовна
Әдебиет көшбасшысы (зияткерлік сайыс)
Әдебиет көшбасшысы (зияткерлік сайыс)
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы № 6 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Жолдасова Айкенже Жалмағанбетқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×