Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


"Көкпар" білім сайысы

12 ақпан 2014, Сәрсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
"Көкпар " білім сайысы

«Көкпар» білім сайысы
Мақсаты: Оқушылардың білім деңгейін көтеру, алған білімдерінің тиянақтылығын тексеру. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Армысыздар құрметті ұстаздар, қымбатты оқушылар «Көкпар» білім сайысын бастауға рұқсат етіңіздер. Сайыс сіздердің көңілдеріңізден шығып, қуанышқа бөлесе, жарқын бастамаға ұйытқы болған біздер де қуанарымыз анық.
Көкпар білім сайысына 2 топ қатысады.
1 топ: Жас ұландар
2 топ: Жас қырандар
Бұл топтар өздерінің білімдерін ортаға салып, тапқырлығы мен бойындағы бар қасиеттерін көрсетпекші. Топ мүшелері 1 – 2 класс оқушыларынан құралған.
Көңілді тапқыштар, алғырлар,
Бар өнерін алдарыңа салады.
Кім білімді, көп оқыған болса егер,
Бүгінгі күн жеңімпазы болады.
Ортаға сайыскерлерімізді шақырамыз.
1 топ: Жас ұландар

Мемлекетіміздің ертеңі сендерсіңдер. Біздің міндетіміз сапалы, білімді жастарды тәрбиелеу.
Әділқазы алқасына бір сәлем!
Әділдікке бас иеді күллі әлем!
Жүйрік озар сайыстарда неше бір.
Сарапқа сап әділдікпен шеше біл!
Сайыстың әділ бағасын беретін, әділқазы алқасымен таныс болыңыздар.
Көкпар білім сайысы 4 турдан тұрады.

1- тур Оймаржан сайысы
2 - тур Гүл теру сайысы
3 - тур Сырлы жұмбақ сайысы
4 - тур Капитандар сайысы
Сайысты бастамас бұрын 2 топ өздерін таныстырып өтсін.
Жас ұландар.
Ұландармыз белді мықтап байлаған
Жарысқа келдік алған беттен таймаған.
Тәуелсіз ел, біз ұрпағы бұл елдің,
Жеңіс үшін ешқашан да тоймаған.
Жас қырандар.
Біз қырандар алысқа қарай самғаған,
Жарысқа келдік, жүлде емес бар арман.
Абай, Мұхтар, Шәкәрімдер тегіміз
Жеңіспенен қайтамыз біз сеніңіз.
Білген сайын келеді біле бергім,
Біле беру емес пе тілегі елдің.
Бүгін осы сайыста жеңіске жет,
Білімді, әрі білікті жас жеткіншек

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
4 524
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Математикалық эстафета
Математикалық эстафета
Бүгінгі білімді оқушыларды анықтайтын, білімге қызығушылығын арттыратын «Математикалық эстафета» атты танымдылық ойынымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
Зерде танымдық ойын
Зерде танымдық ойын
Оқушылардың жан - жақты білімдерін тексеру, логикалық ойлау, есте сақтау қабілеттерін шыңдау. Өз ойын жеткізе білуге тәрбиелеу. Нақыл сөздер, тапсырмалар, логикалық тапсырмалар, әр топқа даярлаған үстел, интерактивті тақта.
Айбынды біздің әкелер
Айбынды біздің әкелер
Әкемен, бала мектеп арасындағы байланысты нығайту, салауатты өмір салтын насихаттау және кез – келген жағдайдан шыға білетін жеке тұлға тәрбиелеу. - Құрметті ата - аналар, ұстаздар, сайысқа қатысушы әкелер! Бүгінгі әкелер арасында өткізгелі отырған
ХХІ ғасыр көшбасшысы
ХХІ ғасыр көшбасшысы
Математика пәні мұғалімі Избасарова Сандеш Тулегеновна
Тапқыр болсаң, талас жоқ
Тапқыр болсаң, талас жоқ
Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы, Абай атындағы №4 мектеп-лицейінің бастауыш сынып мұғалімі Маденова Эльмира Кайратовна
Жыл оқушысы сайысы
Жыл оқушысы сайысы
Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы, Жаңаөзен ауылы. К. Шакенов атындағы орта мектебі Нұрмұхамбетова Сауле Советханқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×