Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қазақстан ауыл шаруашылығын ұжымдастыру жылдарында.

21 желтоқсан 2017, Бейсенбі
Категориясы: Тарих
Қазақстан ауыл шаруашылығын ұжымдастыру жылдарында. (5 сынып)
Сабақтың мақсаты:
а) білімдік: Қазақстан ауыл шаруашылығын ұжымдастыру жылдарындағы басты ерекшеліктері туралы мәлімет беру, экономикалық даму жағдайы туралы таныстырып, түсіндіру.
ә) дамытушылық: Жүйелі ойлау, еркін сөйлеу дағдыларын жан – жақты дамыту, саяси білімдерін көтеру.
б) тәрбиелік: Еліміздің өткеніне құрметпен қарауға үйрету, тақырыптың маңызды мәселелерін оқыту арқылы оқушыларды отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: Баяндау, әңгімелеу және сұрақ - жауап.
Сабақтың көрнекілігі: Қазақстан картасы, өнеркәсіп құрылысының суреттері. Түрксіб құрылысы, кесте, слайдтар.

Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ Үй тапсырмасын сұрау
1 - тапсырма. 3 – 4 оқушыдан түсінік сұрау
2 - тапсырма. «Жуан және жіңішке» сұрақтар
1. Индустрияландыру жылдары қандай өндіріс орындары іске қосылды?
Шымкент қорғасын зауыты, Балқаш мыс қорыту, Ащысай полиметалл комбинаттары
2. Қай жылы Кеңес елінде индустрияландыру бағыты қабылданды? 1927ж
3. Азамат соғысы қарсаңында Қазақстанда қанша өндіріс орны болды? 10 мың
4. Түрксіб құрылысы қашан басталды? 1927 жылы
5. 1930 – 1932 жылдардағы аштықта Қазақстанда қанша адам қырылды?
2, 1 млн адам

ІІІ Білімін жан – жақты жетілдіру
3 - тапсырма. Тарихи тұлға карточкасы.
Сталинге ашық хат жазған қазақтың белгілі қайраткерлері туралы жазады.
Бұл оқушыларға алдын ала берілген үй тапсырмасы. Ендігі жерде оқушылар өз жұмыстарын қорғауы керек.
Жүргізу тәсілі. Үлкен парақтардан жасалған карточкаларға қандай да бір тарихи тұлға туралы ақпараттар жазылады.

1. Ф. А. Ә
2. Өмір сүрген кезеңі
3. Шығу тегі
4. Білімі
5. Кәсіби қызметі, атқарған қызметі
6. Қандай оқиғаға қатысушы
7. Жаңалығы, еңбегі
8. Ескертпелер (жанұясы, балалары туралы)

ІV Жаңа сабақ
Азамат соғысынан кейінгі Қазақстанның экономикалық жағдайы:
– Өнеркәсіптегі хал
– Ауыл шаруашылығы
– Ашаршылық
Индустрияландыру жылдары:
– Жаңадан салынған өнеркәсіп орындары
– Түркістан – Сібір темір жол құрылысы
– Қазақстан КСРО – ның шикізат базасы
Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру:
Кеңес үкіметінің ауыл шаруашылығын ұжымдастыру бағыты 1929 жылы қабылданды.
– Ф. И. Голощекиннің «Кіші Қазан» саясаты.
– Байлардың мал – мүлкін тәркілеу
Кеңес үкіметі жұмысшылар мен шаруалардың үкіметі болғандықтан, мұнда бай, байлық, жеке меншік деген болмауы керек. Барлығы да ортақ, мемлекеттің меншігі болуы тиіс еді. Осы мақсатпен 1928 жылы 27 тамызда бай және орташа байлардың мал - мүлкін тәркілеп, мемлекетке өткізу керек деп шешті.
– Күштеп ұжымдастыру
– Ұжымдастыру зардабы

а) Мал шығыны
Ұжымдастыру қарсаңында республикада мал басы 40, 5 млн болса, 1933 жылы оның саны 4, 5 млн - ға дейін азайған.

ә) Ашаршылық
1930 - 1932 аштық жылдары қарсаңында Қазақстан халқының саны 6, 2 млн болса, соның 2, 1 млн - ы аштықтан қырылды. Ал 1 млн 700 мың адам Қазақстаннан тыс аймақтарға көшіп кетті.

б) Демографиялық өзгеріс
– Ұжымдастыру саясатына қарсылық.
Тұлғалар: Т. Рысқұлов, С. Сәдуақасов, М. Дәулетқалиев, Е. Алтынбеков,
Қ. Қуанышев, Ғ. Мүсірепов, М. Ғатауллин.
Қазақстанда болып жатқан осы аштық, оның себептері туралы белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Т. Рысқұлов 1933 жылы наурызда Сталинге ашық хат жазған («Сталинге хат»). Голощекин 1933 жылы биліктен алынды.

Жамбыл облысы,
Жуалы ауданы, Б. Момышұлы ауылы
№29 Александр Герцен орта мектебі Үсенқұлова С. Е.

Қазақстан ауыл шаруашылығын ұжымдастыру жылдарында. жүктеу
4 379
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
1931 - 1933 жылдардағы ашаршылық
1931 - 1933 жылдардағы ашаршылық
1931 - 1933 жылдардағы ашаршылық, ХХ ғ. 30 - ж. Қазақстандағы қасірет, Қазақстандағы ауыл шаруашылығын ұжымдастырудың демографиялық салдары, Қазақтардың республикадан тыс аймақтарға жаппай қоныс аударуы туралы оқушылардың білім деңгейін зерттеу
Дарынды оқушымен жұмыс жоспары Қазақстан тарихы 9 сынып
Дарынды оқушымен жұмыс жоспары Қазақстан тарихы 9 сынып
Қазақстан тарихы 9 сынып. Дарынды оқушымен жұмыс жоспары
1930 ж аштық, шаруалар көтерілісі
1930 ж аштық, шаруалар көтерілісі
1930 жылдардағы шаруалар көтерілісі мен ашаршылық жайлы түсіндіру, шындығын ашу
1931 - 1933 жылдардағы ашаршылық
1931 - 1933 жылдардағы ашаршылық
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы «Абай атындағы орта мектебі» ММ тарих пәнінің мұғалімі Мусаева Камшат
Қазақстанның ауыл шаруашылығы жаңа экономикалық саясат жылдарында
Қазақстанның ауыл шаруашылығы жаңа экономикалық саясат жылдарында
Қарағанды облысы Қарқаралы қаласы Академик О. А. Жаутыков атындағы №1 қазақ орта мектебінің тарих пәні мұғалімі К. М. Омарбеков
Қазақстан ауылшаруашылығын ұжымдастыру
Қазақстан ауылшаруашылығын ұжымдастыру
Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Северный орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Шолакова Райса Бабаевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×