Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


1931 - 1933 жылдардағы ашаршылық

21 ақпан 2019, Бейсенбі
Категориясы: Тарих
Қазақстан тарихы 9 сынып
Сабақтың тақырыбы: §17. 1931 - 1933 жылдардағы ашаршылық
Сабақтың мақсаты:
1. 1931 - 1933 жылдардағы ашаршылық, ХХ ғ. 30 - ж. Қазақстандағы қасірет, Қазақстандағы ауыл шаруашылығын ұжымдастырудың демографиялық салдары, Қазақтардың республикадан тыс аймақтарға жаппай қоныс аударуы туралы оқушылардың білім деңгейін зерттеу, қосымша ақпараттар бойынша жан - жақты білім қорын молайту.
2. Тарихи шығармаларды, баспасөз ақпарат құралдарын, деректі фильмдерді пайдалана отырып, халқымыздың тарихындағы ең ауыр трагедиялардың бірі екеніне ерекше көңіл бөліп, ақпараттарды игеру барысында оқушының қосымша құжаттармен жұмыс істей білу дағдысын дамыта өздігінен ізденіп, білімдерін толықтыра білуге мүмкіншілік туғызу.
3. Ұжымдасып өзара көмек көрсете білуге баулу, өзара сыйластыққа үйрету. Халқын ойлаған зиялылардың іс - әрекетінің негізінде ұлттық патриоттық тәрбиеге баулу.
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгеру
Сабақтың түрі: ашық сабақ
Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ - жауап, ойын, тірек - сызба
Пән аралық байланыс: д. ж. тарихы, қазақ әдебиеті
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайдтар, тірек - сызбалар, “Білімге жорық” Дарын студиясы ойыны, Ақылды вагонар, Жеңіс шыңы, «Мен» мақсат адамы. Деректі фильм үзінді
Түйінді идея: Сыни тұрғыдан ойлауға үйретеді. Топпен жұмыс жасауға және ортақ пікір туғызуға, өзгенің және өзінің іс - әрекетіне баға беруге үйрену. АҚТ - ны қолдану
Күтілетін нәтиже: Оқушылар өз ойларын жүйелеп жеткізеді.
Бірлесе жұмыс жасау арқылы өзара сыйластық, ынтымақтастық ахуалы қалыптасады. СТО әдістері арқылы пәнге белсенділігі артады, сөздік қоры молаяды.

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру:
Оқушылармен амандасып, түгелдеу, сынып тазалығына көңіл бөлу, көңілдерін сабаққа аудару. Оқушыларды «Мен» өлеңі арқылы сабаққа психологиялық дайындық жасау.

Үй тапсырмасы:
Үйге берілген тапсырманы еске түсіру үшін ойын тәсілін пайдаланамын. Ойынның аты «Студия Дарын тв» арқылы оқшылардан үйге берілген тапсырманы сауалдар, сұрақтар арқылы сұрап, ойланған алты шляпа арқылы қорытындылаймын.

«Мен» Психологиялық дайындық
Жігер деген - МЕН
Күш деген - МЕН
Махаббат деген - МЕН
Кешірім деген - МЕН
Жастық деген - МЕН
Денсаулық деген - МЕН
Жарқындық деген - МЕН
Бар ғажайып деген - МЕН
Бәрі маған байланысты -
Бәрі менің қолымда.

1. Үй тапсырмасын сұрауға арналған сауалдар

1. «Ауылды кеңестендіру» ұранымен Қазақстанда « жаңа революция» жүргізудің негізін қалаған кім? ( Ф. И. Голощекин)
2. Голощекиннің бұл идеясына наразылық білдірген қазақ қоғам қайраткері?
(Т. Рысқұлов)
3. «Ірі бай шаруашылықтары мен жартылай феодалдарды тәркілеу және жер аудару туралы» декрет қай жылы шықты? ( 1928ж)
4. Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру бағыты қашан және қай съезде жарияланды?
( 1927 жылы ХV съезде)
5. Ф. И. Голощекиннің шын ата кім? (Шая Ицкович)
6. Орталық Комитет Қазақ АКСР – інде ұжымдастыруды қашан аяқтауды көздеді?
(1932 ж. көктемге қарай)
7. 1928 жылы Қазақстандағы барлық қожалықтардың қанша пайызы ұжымдастырылды? (2%)
8. Қай жылдан бастап республикада ұжымшар құрылысы жедел жүргізілді?
(1929 ж. 2 - ші жартысы)
9. Ауыл шаруашылығын ұжымдастыруды республикадағы толқулар мен көтерілістердің саны? (372)
10. Ұжымдастыру жылдарында Қазақстандағы қарулы қарсылықтар қай жылдары болды? (1927 - 1931)

Ойланған шляпа (Қорыту)
2. Жаңа сабаққа көшу. (Ашаршылық туралы оқушылардың ойын білу. Ассосация әдісі)

Жаңа сабақ жоспары:
1/ Асыра сілтеушілік зардаптары. Ұлы нәубет ашаршылықтың етек алуы
2. Қазақстандағы етек алған 1931 - 1933 жылдардағы ашаршылық
1 - Тапсырма: Оқулықпен жұмыс
2 - Тапсырма Тарихи сандар:
3 - 5%- Жалпы шаруашылықтар санындағы үлес
1929 - 1933 - ж аралығында Қазақстан жөніндегі Біріккен ммемлекеттік Саяси басқарма уәкілетті өкілдігінің үштігі толық емес деректер бойынша 9805іс қарап. 22933 адам жөнінде шешім қабылданды
1930ж 9 - наурыз - Қазақ өлкелік комитетінің өкілі Г. Рошаль Үштік хаттамаға қол қойды
1933 1қаңтарда - мал саны мүлдем азайып 40. 5 млн малдан 4. 5 мал ғана қалды
5873 - Ашаршылыққа дейін қазақ тұрғындарының саны 5873 мың адам болған, ашаршылықтан кейін ол көрсеткіш 2681 мың адамды құрады
1932 - Бесеудің хаты жазылды.
1933 - жылы наурызда Т. Рұсқұлов Сталинге хат жазды.
1 млн - Қазақстаннан басқа елдерге қоныс аударды.
1931 - 1933 жылдардағы ашаршылық жүктеу
2 619
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
1931 - 1933 жылдардағы аштық және шаруалар көтерілісі
1931 - 1933 жылдардағы аштық және шаруалар көтерілісі
1931 - 1933 жылдары аштықтан, суықтан және өзге де аурулардан 2, 1 млн - дай қазақтар мен 200 - 250 мыңдай басқа ұлттардың өкілдері қаза тапты.
1931 - 1933 жылдардағы ашаршылық
1931 - 1933 жылдардағы ашаршылық
Шаруалардың жаппай ұжымдастыру саясатына қарсылығын, Созақ, Жетісу, Маңғыстау аймақтарындағы көтеріліс барысымен таныстыру, ашаршылық кезіндегі жіберілген ащы ақиқатқа оқушылардың көздерін жеткізу.
1931 - 1933 жылдардағы ашаршылық
1931 - 1933 жылдардағы ашаршылық
1930 - 1932 жылдарындағы жазалау шаралары мен аштық салдары Қазақстандағы демографиялық жағдайға қалай әсер етті?
Қазақстандағы 1930 - 1932 жылдардағы ашаршылық
Қазақстандағы 1930 - 1932 жылдардағы ашаршылық
Кеңестік саясаттың, асыра сілтеулер әрекеттердің халықты ашаршылыққа ұрындырып, демографиялық ахуалға кері әсерін тигізгенін айта келе, сол жылдардағы халықтың тұрмыс - тіршілігіне, қайғы - қасіретіне баса назар аудару, оның тарихи маңызын ашып,
1931 - 1933 жылдардағы ашаршылық
1931 - 1933 жылдардағы ашаршылық
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы «Абай атындағы орта мектебі» ММ тарих пәнінің мұғалімі Мусаева Камшат
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×