Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстан тарихына шолу

19 наурыз 2013, Сейсенбі
Категориясы: Тарих
Тақырыбы: ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстан тарихына шолу.

Қазақстан тарихы 9 класс
Білімділік мақсаты: 9 класс Қазақстан тарихының І - ІҮ тарауын шартты түрде кезеңдерге бөліп қайталауда есте сақтау, тарихи оқиғаларды бір - бірімен сабақтастыру, Қазақстанның тарихи жүріп өткен кезеңдерін салыстырып саралауға оқушыны бейімдеу, негізгі оқиғаларды бойына сіңіру. Басшылыққа алынған кезең тақырыптары: 1) 1914 - 1916 ж. ж. Бірінші дүниежүзілік соғыс және Ұлт - азаттық көтеріліс кезеңі. 2) 1917 - 1918 ж. ж. Ақпан, Қазан төңкерілісі және Алаш оппозициясы 3) 1918 - 1920 ж. ж. Азамат соғысы және ҚАКСР - інің құрылуы. 4) ЖЭС және «Ұлы жұт».
Дамытушылық мақсаты:
Оқушының білімін шыңдау, өтілген тақырыптарды тарихи кезеңдерді еске тусіре отырып бір - бірімен сабақтастығын айқындау. Саяси білімін, сөйлеу және өз бетімен іздену дағдысын дамыту.
Тәрбиелік мақсаты: Елін, жерін сүюге. Кешегі бейнетті, бүгінгі рахатты бағалай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: топпен жұмыс.
Сабақтың әдісі: сайыс, презентация, пікірлер, ұсыныстар, талдаулар.
Көрнекілік құралдар: Қазақстанның саяси картасы, дүниежүзі саяси картасы, интерактивті тақта, бағалау парағы.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру (2 мин)
А) Оқушылармен сәлемдесу, тізім бойынша түгелдеу.
В) Оқушылар топтары бойынша отырады (№1,№2,№3,№4)
ІІ. Үй тапсырмасы.
І - бөлім «Тарихи кезеңдерге саяхат»(әр топқа 8 - минут)
А) Төрт топ оқушылары кезекпен өз кезеңдерін алдын ала берілген төмендегі 5 - жоспарлы сұрақтар арқылы қорғайды.(Презентацияны интерактивті тақта, плакаттағы тірек сызбалар, ауызша, тақта арқылы қорғауға болады топ оқушыларына шек қойылмайды.)

Жоспарлы сұрақтар: 1) Кезең ішіндегі халықтың әл - ахуалына сипаттама беріңдер. 2) Кезең ішіндегі мемлекеттік құрылым, қоғамдық қатынас. 3) Кезең ішінде соғыс, көтеріліс, төңкеріліс болды ма? 4) Осы кезеңдегі қазақ зиялыларының саяси көзқарасы. 5) Кезең ішіндегі ішкі экономикалық саясат.

Оқушылар жауаптары:
№1 топ 1 - оқушы.
1914 - 1916 жылдар аралығында Қазақ елі Ресей империясының қол астындағы қара жұмыс көзі, шикізат өндіретін әрі сауда рыногы, Азияға қақпа, өз халқын қоныстандыратын шұрайлы жері, әрі алым - салық төлейтін соғыс жағдайында соғыс салығын төлейтін боданы болды.
2 - оқушы.
1914 - 1916 жылдары Қазақ елі Ресей империясының құрамында болғандықтан патшалық Ресейдің мемлекеттік құрылымына тоқталамыз. Романовтар әулеті ІІ Николай ресейді монархиялық түрде шексіз биледі. Қоғамдық қатынасына келетін болсақ Ресейде, Қазақ елінде феодолизм қалдықтарының сақталуынан халық езгіде болды. Ресей капиталистік экономика жолына кеш түссе де орташа дамыған екінші лектегі ел болды.
3 - оқушы.
Бірінші дүниежүзілік соғысқа патша жарлығы бойынша 1916 жылы 25 маусымда қара жұмысқа 19 бен 25 жас аралығындағы ерлерді алу туралы жарлық шықты. Бұл тылда қалған мал және жартылай егін шаруашылығымен күн көретін халық бұқарасына ауыр тиді, еңбек қолы жетіспеді. Генерал – губернатор А. Куропаткиннің құпия бұйрығымен соғыс тылындағы қара жұмысқа адамдарды алалап алды. Патша жарлығына жауап ретінде – Қазақстан мен Түркістан, Орта Азия, Сібір мен Кавказдың бір бөлігі бір мезгілде көтеріліске шықты. Көтеріліске шыққан халық бірінші кезекте отарлауға дейінгі мемлекеттік басқару жүйесін қалпына келтірді, жер - жерлерде хан сайлады. 1916жылғы Ұлт - азаттық көтерілістің салдарынан қазақ халқының жарты миллионға жуығы кеміді. Қазақ халқының 1916 жылғы қозғалыс аяусыз патша әскерімен басылып тасталды. Бірақ оның маңыздылығына келетін болсақ халық бұқарасының ұлттық санасын оятты, отаршылдыққа қарсы күрес тәжірибесін молайтты, саяси аренаға қазақ зиялыларының демократиялық бағытта күрескер тобының өсіп шығуына тікелей ықпал етті.
4 - оқушы.
Тұрар Рысқұлов жазды «1899 жылдан кейін қазақтар мен орыстар арасындағы этностық жанжалдар дағдылы өмірдің сипатына айналды», бұдан кейін 1906 жылы Сталин реформасы бойынша қазақ жерінде қоныс

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
6 862
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Дарынды оқушымен жұмыс жоспары Қазақстан тарихы 9 сынып
Дарынды оқушымен жұмыс жоспары Қазақстан тарихы 9 сынып
Қазақстан тарихы 9 сынып. Дарынды оқушымен жұмыс жоспары
Түрік қағанатының құрылуы, дамуы, ыдырауы
Түрік қағанатының құрылуы, дамуы, ыдырауы
Түрік қағанатының құрылуы, дамуы, мемлекеттік дәрежеге көтерілуі, саяси тарихы, билеушілері туралы мағлұмат беру.
І дүниежүзілік соғыс (тест тапсырмасы)
І дүниежүзілік соғыс (тест тапсырмасы)
1.«Прогрессивті блог» қай жылы пайда болды А) 1915 ж. тамыз В) 1915 ж. қаңтар С) 1915 ж. қазан Д) 1915 ж. шiлде
Үндістан
Үндістан
ХХ ғ. басындағы Үндістанның саяси-әлеуметтік жағдайы, ұлт-азаттық қозғалыс туралы білім беру
Алаштану курсы
Алаштану курсы
Пән мұғалімі: Н. Б. Кульджина «Алаштану» таңдау курсы бойынша оқу бағдарламасы. 10 - 11 сынып (қоғамдық – гуманитарлық бағыт)
Қазақ жерлерінің XVIII ғ. 1 жартысындағы саяси дамуы
Қазақ жерлерінің XVIII ғ. 1 жартысындағы саяси дамуы
Қызылорда облысы, Әтеке би кенті. Б.Мергенбаев атындағы №226 гимназияның тарих пәні мұғалімі Олжакеш Асқар Анатолийұлы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×