Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мәуелі Бәйтерек

06 қараша 2012, Сейсенбі
Категориясы: Технология
Жезқазған қаласындағы жалпы білім беретін
№10 орта мектебінің технология пәнінің мұғалімі
Ниязбеков Қайрат Абдыкариевич

Сабақтың тақырыбы: «Мәуелі Бәйтерек»
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың танымдық, іскерлік және ойлау қабілетін жетілдіру, өз елінің тарихын, символдарын сыйлауға, мақтан тұтуға үйрету, патриоттық рухта тәрбиелеу. Бәйтерек макетін (жобасын) жасату.
Сабақтың көрнекілігі: Сынып бөлмесіндегі ұрандар, суреттемелер, бәйтеректің схемасы (жобасы) қажетті құрал - саймандар (желім, қыл - аралар, тазалағыштар) дайындамалар т. б.
Сабақтың түрі: Практикалық сабақ. Сызбаға қарай отырып, Бәйтерек макетін құрастыру.
Сабақтың әдістемесі: Практикалық жұмыстар - теориямен практиканың байланысы. Оқушылардың жұмысын мұғалім тарапынан бақылау.

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, оқушылар әзірлігін бақылау. Тақырыбы мен сабақ мақсаттарын хабарлау.
II. Жаңа материалдар баяндау: Құрметті оқушылар, жаңа сіздерге мәлімдегендей, бүгін сабақтан тыс сабағымыздың тақырыбы еліміздің, яғни ҚР - ның тәуелсіздігінің 20 жылдығы мерейтойына арнайы өткізілуде.

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Мәуелі Бәйтерек...»
1991 жылы 16 желтоқсан айында ҚР - сы мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Ата Заңы қабылданды. Ең басты мерекелеріміздің бірі – алдағы уақытта тәуелсіздігіміздің 20 жылдығын атап өткіземіз. Қазақстан ТМД елдері арасындағы оң өзгерістер бойынша көшбасшы мемлекеті. Халықаралық орындағы беделін айтуға болады.
Тәуелсіздігіміздің әрбір жылы жаңаша дамып, кезең - кезеңімен, көптеген жаңалықтарға, жақсылықтарға толы табыстарға қол жеткізудеміз. Оның мысалы көп. Елбасымыз Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтып өткендей, шынайы патриотизм жалаң сөзбен емес, ел игілігі үшін жасалатын нақты істермен, жауапты жұмыстармен дәлелденуі тиіс деген болатын.
Ендеше Тәуелсіздігіміздің 20 жылдық мерейтойына арнап әрі алдағы көрмеге әзірлік ретінде, бүгін сабағымызда «Бәйтерек» макетін жасап тарту етіп, жақсы істерімізбен қарсы алайық.

Сұрақ: - Сіздер Астана қаласында болып, Бәйтеректі қызықтап көрдіңіздер ме? Қалай екен? Қандай әсер қалдырды?
Оқушылар пікірін тыңдап болған соң, Бәйтеректің тұрғызылуы т. б деректер жайлы білетіндеріңіз бар ма деп тағы сұрақтар қоямын.

Деректер: Зураб Церетели жобасы Астананың символы, биіктігі 200 метрлік ойық арқа, ең ұшар басына алтын киімді жауынгердің бейнесін орнатуды ұсынған.
- Араб мамандары 200 метрлік төбе тұрғызуды, етегінде киіз үй түріндей алып құрылыс тұрғызуды ұсынған.
Астана символына байланысты эскиздерді қараған сайын елбасының бәріне көңілі көншімейтін (157).
- Церетелидің жобасы 60 миллион долларға бағаланса, өз жобамыз бар болғаны 5 миллион долларға түскен.
Бәйтеректің силуеті мен геометриялық өлшемдерінде ерекше символдық мән бар.
1. Бәйтеректің биіктігі тура 97 метр, Астанаға көшіп келген жылына 1997 жылға сәйкес келеді.
2. Әйнекпен әдістелген алаңы 1, 5 мың шаршы метрге жуық.
3. Есікке бастайтын әшекейлі темір бетон саты жер бетінен 4, 8 метр жоғары орналасқан. Салмағы 85 тонна жапқы материал Бәйтеректің «оқпанын» ылғалдан қорғайды. Ішінде кең холл бар, екі жүрдек лифт, инженерлік үй - жайлар т. б техникалық объектілері орналасқан.
4. Алтын шар 76, 9 метр биіктікте орналасқан. Күмбездің салмағы 70 тонна. Алтын шардың ауданы (үстіңгі) 1553 шаршы метр. Ішінде: панорамалық залы бар. Алтын шармен ғимараттың негізгі кіре берісі бір - бірімен «ақпан» деп аталатын салмағы 695 тонна металл конструкциясымен жалғастырылған. «Астана - Бәйтерек» кешенінде кафе, буфеттер бар.
«Астана - Бәйтерек» кешенін жобалаған той жетекшісі: Қазақстан сәулетшілер одағының президенті, талантты сәулетші Ақмырза Рүстембаевқа тікелей қатысты.

Сәулетшілер: С. Базарбаев пен Ж. Айтбалаев, инженер - конструктор М. Вайниетейн, интерьер дизайнері А. Оспанов сияқты тамаша мамандардың үлесі баршылық.
- Астана Сәулетшілер одағының халықаралық қауымдастығы өткізген конкурста беделді халықаралық жюри Достастық елдері арасындағы 2002 жылғы ең таңдаулы жоба және ең таңдаулы құрылыс ретінде «Астана - Бәйтерек» монументіне Гранпри үздік айырым белгісін табыстаған.
Ендеше Тәуелсіздігіміздің 20 жылдық мерейтойына арнап әрі алдағы көрмеге әзірлік ретінде бүгін сабағымызда « Бәйтерек» макетін жасап тарту үшін жақсы істерімізбен қарсы алайық.
Практикалық жұмыс: Алдымен дайындаған материалды схемалық сызбаға қарап айттырып, құрастыруын тапсырамын. Қажетті бұйымдар үстел үстіне әзірленіп қойылған. Жұмыс барысы кезінде оқушыларға көмек беріп түсіндіремін.

Қорытынды: Сабақ аяқталған соң, «Бәйтеректің» жасалуын қарап, талқылап, бітпесе келесі сабақта жалғастыратынымды айтамын. Барлық оқушыларға рахмет айта отырып, жақсы тілектермен аяқтаймын.
Оқушыларға тапсырма: Астанада бұндай керемет ғимараттар көп екендігін айта келе, солардың бірі туралы біліп, өз ойларын қағаз бетіне түсіріп келуін өтінемін.
8 029
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Астана – көрікті қала
Астана – көрікті қала
Астана қаласындағы «Бәйтерек» монументі туралы ақпарат беру. Отанымыздың бас қаласы Астана туралы түсініктерін жетілдіру.
Күш білімде
Күш білімде
Есік қаласы, Р.Тоқатаев атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Жазира Молдагулова
Бәйтерек
Бәйтерек
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, №11 «Балапан» балабақшасының тәрбиешісі Кемалова Маржан
Аппликация «Бәйтерек»
Аппликация «Бәйтерек»
Ақтөбе облысы, Алға ауданы, №3 Алға орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Наурыз Ләззат Қуанышқалиқызы
Сыммен жұмыс
Сыммен жұмыс
Заводтарда негізінен сымдарды, орам түрінде шығарады. Қажет дайындамалар ұзыннан арнайы кесіп алынады. Ең алдымен сымнан жасалатын бұйымдарды, затты дайындау үшін түзетіп алу қажет.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×