Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Күш білімде

05 ақпан 2015, Бейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Тақырыбы: «Күш білімде»

Мақсаты: Оқушылардың пәндер бойынша алған білімдерін саралау, ой ұшқырлықтарын байқау, топпен бірлесе жұмыс істей білуге үйрету.
Сабақтың түрі: жарыс сабақ
Әдіс – тәсілдер: түсіндіру, сұрақ - жауап, іздену
Көрнекіліктер: плакатқа салынған суреттер, жазылған сөздер

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Кіріспе сөз
- Армысыздар, құрметті ұстаздармен оқушылар және ойынға қатысушы сайыскерлер. «Халықтың кемеліне келіп, өркендеп өсуі үшін ең алдымен азаттық пен білім керек» деп Ш. Уалиханов айтып кеткендей еліміздің болашағы тек қана білім керек» деп Ш. Уалиханов айтып кеткеніндей еліміздің болашағы тек қана білімді жастар екені даусыз. Сол білімді жастарды болашақта сендер құрайтын боласыңдар. Осы мақсатта бүгін 4 «В» сынып оқушылары арасында «Күш білімде» атты интеллектуалды сайыс өткізгелі отырмыз. Ойыншылар екі топқа бөлінген

1 - топ оқушылары: «Бәйтерек» тобы
2 - топ оқушылары «Қыран» тобы
Әр топта 6 сайыскерден құралған.
«Бәйтерек» тобының топ басшысы ------------------
«Қыран»тобының топ басшысы -----------------------------

Кезекті сайыскерлерімізге берейік.
1 - топ: Бастары компьютердей
Бойлары бәрі бірдей
Балалықты бірге өткізген
«Қырандарға» бір сәлем

2 - топ Келешекке үмітпен қарар
Атақ - даңққа бөленер
Сегіз қырлы ойшылдар
«Бәйтерекке» бір сәлем
Сайыс бастамас бұрын әділ - қазы алқаларымен таныстырып өтейін:
1.
2.
3.
Сайысымыз 5 кезеңнен тұрады:
1. «Бәйге»
2. «Өнер алды - қызыл тіл»
3. «7 жұмбақ»
4. «Ұшқыр ой»
5. «Сын сағаты»
Әр ойын кезеңін ойын барысында таныстырып отырамын.
«Бәйтерек» тобына кезек берейік.
Біз тобымызды «Бәйтерек» деп атадық және өз төс белгімізге бәйтеректің суретін салдық. «Бәйтерек» қазіргі Қазақстанның нышан - символы, қазақ халқының қайта өрлеуі мен түлеуінің, мемлекеттілігінің, биіктік пен тереңдіктің, кеңдіктің белгісі, дархандықтың көрінісі іспетті. Біз сондықтан «Бәйтеректі» таңдадық.

Қазағым, қара орманым байтақ елім
Жақсыны, жаманды да байқап едің
Асырған мерейіңді асқақтатып
Елбасы - бойлап өскен Бәйтерегің!

Нұрсұлтан - ел тірегі, алтын діңгек
Алыптың халқы ғана нарқын білмек
Қазағым шаттанатын кезің келді
Алашқа қорған болар ұл тудым деп

Танытып терезесі теңдігіңді
Әлемге әйгіледі елдігіңді
Тереңге тамыр жайды Бәйтерегің
Сақтай біл, ұлан - байтақ кеңдігіңді!

Келесі сөзді «Қыран» тобына берейік
Біз өз тобымызды «Қыран» деп және төс белгімізге қыранның суретін салдық.
Қыран бүркіт батылдықтың, мықтылықтың, ерліктің, бостандықтың құсы. Қазақтар қыран бүркітті пір тұтқан. Оны киелі құс деп санаған.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
4 226
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
ХХI ғасыр көшбасшысы
ХХI ғасыр көшбасшысы
Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар және ойынға қатысушы сайыскерлер! Қаныш Сәтбаев « Ғылым майданының қатардағы жауынгері тек үнемі оқу, іздену, талпыну, тану, өмір мектебінен өту арқылы ғана оның ірі қайраткері дәрежесіне дейін көтеріледі»
Озық ойлы оқушы
Озық ойлы оқушы
Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар және ойынға қатысушы сайыскерлер!«Халықтың кемеліне келіп, өркендеп өсуі үшін ең алдымен азаттық пен білім қажет» деп Ш. Уәлиханов, «Ғылым мен майданның қатардағы жауынгері тек үнемі оқу, іздену, талпыну,
"Зерде" интеллектуалды ойыны
"Зерде" интеллектуалды ойыны
"Зерде" интеллектуалды ойыны
ХХІ ғасыр көшбасшысы
ХХІ ғасыр көшбасшысы
Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы бастауыш сынып мұғалімі Маденова Эльмира Кайратовна
Күш білімде
Күш білімде
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы № 6 орта мектептің, бастауыш сынып мұғалімі Изимбергенова Нургуль Кусаиновна
Білім тарландары
Білім тарландары
Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданы, Зайсан қаласы, «Хафиза Мұстафина» атындағы орта мектептің математика, информатика пәндері мұғалімі Хасенова Ләзат Каукенқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×