Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Фитодизайн

10 тамыз 2017, Бейсенбі
Категориясы: Технология
Сабақтың тақырыбы: Фитодизайн (8 сынып)
Сабақтың мақсаты: Фитодизайн туралы мағлұмат бере отырып, үйлесімділіктің негізгі принциптерін ескеріп, композицияға өсімдіктерді дұрыс таңдап үйлестіре білуге үйрету, қолөнерге деген қабілеттерін, талғамдылық шеберлігін дамытып, ұқыптылық пен дәлдікке, іскерлікке, икемділікке, сәндік талап қоя білуге тәрбиелеу.
Сабақ түрі: жаңа сабақ
Сабақ әдісі: Суретпен мысал келтіре отырып (әңгімелеу, көрсетіп айту), репродуктивтік (өз бетінше жұмыс істеу), зерттеулік әдістерімен түсіндіру.
Көрнекілігі: Бөлме өсімдіктері, жасанды гүлдер.
Пәнаралық байланыс: Биология, тарих, бейнелеу
Сабақ барысы:
Қызығушылықты ояту.
Балалар тақтадан не көріп тұрмыз?
(ия, әр түрлі стильде тігілген киімдер. Бұл киімдерді кімдер көркемдейді? ) «Дизайнер»

Топтастыру.
Киімдерді көркемдейтін Дизайнерлер. Дизайнерлер тағы нелерді көркемдеп жобалайды және қандай дизайн түрлері бар?

Тақтадан бейнебаян көрсетіледі. – Міне, балалар өсімдіктерді көркемдеп әшекейлеуді – Фитодизайн дейді
Стикерде жазылған гүл аттары арқылы жұпқа бөліну
Мәдени өсімдіктер( )
Жабайы өсімдіктер( сарғалдақ, бақбақ )
Бөлме өсімдіктер( кактус, қазтамақ)
Балалар топқа қалай бөліндік? Мәдени өсімдіктер, жабайы өсімдіктер, бөлме өсімдіктер

Мағынаны тану
Дизайн тарихы ХХ ғасырдың басында басталды. Сондықтан оның тарихы өте қысқа. Дизайн өнері адамдардың әдемілікке, қолайлылыққа ұмтылуларынан шыққан. Ал жақсы өмір сүруге адамзат пайда болғаннан бері ұмтылып келеді. Сол себепті дизайн өнері ХХ ғасырда басталғанымен, оның тарихын өте ертеден іздеу керек. ХХ ғасыр техника мен ғылымның өркендеп даму ғасыры болды. Ғылым мен техниканың дамуы дизайн өнерін де дамытты.
Алғашқы дизайнер мамандарды даярлайтын жоғары мектеп 1919 жылы Германияда ашылды. Ол «Баухауз» деп аталды. Бұл мектепте сәулет өнері, сурет өнері шеберлері сабақ берді.
Ғылыми тұрғыда дизайнның пайда болуы 1928 жыл, ал оның отаны АҚШ болып есептеледі. Онда осы уақытта бірнеше дизайнер фирмалары құрылды.
Ресейде жоғары көркем - техникалық шеберханалар 1920 жылдардан бастап құрылды. Алғашқысы Мәскеудегі мемлекеттік жоғары көркем - техникалық шеберхана болды. Кейіннен осы шеберхана институт болып қайта құрылды.
Дизайн бірнеше түрге бөлінеді. Олар:
- көлік құралдарын жобалау (көлік ұшақтары, су кемелері, автомобильдер, т. б.)
- тұрмыс бұйымдарын; электр аспаптарын, ыдыс, жиһаз, киімді, т. б. жобалау,
- интерьер және экстерьер дизайн;
- жарнама дизайн;
- фотодизайн.
Фитодизайн – өсімдіктерді көркемдеп әшекейлеу. Грек сөзінен аударғанда «фито» - өсімдік деп аталады. Фитодизайн жасау үшін оған нақты жағдай жасап, өзінің орындалу тәртібін қолдану қажет.
Кез – келген композицияны құрастыру үшін өсімдік түрлері, құты, ұстатқыштар, құрал - саймандар, қажет. Композицияға қажетті өсімдік түріне бөлме өсімдіктері, кесіп алынған өсімдіктер, жасанды өсімдік түрлері қолданылады. Тірі өсімдіктерді пайдалану жыл мезгілдеріне байланысты, жасанды гүлдерді дүкеннен сатып алып немесе қолдан құрастыруға синтетикалық табиғи материалдардан жасауға болады. Сонымен фотодизайнда құтылардың атқаратын рөлі зор. Олар – шиша, пластмасса, фарфор, қыш, тас құтылар, ал пластмасса бөтелкеден әр түрлі пішін келтіріп, қарапайым ыдыстан бастаған жөн.
Ежелгі Грек мифологиясында көктем және гүлдер құдайы – Флора.
Өз шығармаларында бояу орнына кепкен гүлдердің жапырақтарын және күлтелерін, сабақтарын, ағаш қабықтарын, жеміс – жидектердің және көкөністердің дәнді дақылдарын пайдаланатын көркемдеушілер – Флористтер.
Табиғи материалдардан, кепкен өсімдіктерден көркем шығарма жұмыстары – Флористика.
Қағаз, мата негізгі түсі және түрі әр алуан материалдарды жапсыру арқылы жасалатын живопистік немесе графикалық шығармалар – Коллаж.
Флористикалық коллаж - Кепкен гүлдердің жапырақтарын және күлтелерін, сабақтарын, ағаш қабықтарын, жеміс – жидектердің және көкөністердің дәнді дақылдардан жасалған композиция
Әр алуан табиғи материалдардан құрғақ шөптерден, гүлдерден, жапырақтардан, бұтақшалардан жасалған композицияларды... (тұрғын үйлердің, офистердің мәдениет сарайларының және басқа ғимараттардың ішкі бөлшектерін безендіруге пайдаланады);
Гүлдерді... (құрғақ, ашық күндері таңғы шықтары кеуіп, гүлдерін жаңадан ашқан кезде) жинау керек.
Флористикадағы композицияның ерекшелігі - бір композицияда безендіру материалының бірнеше түрін пайдалануы.... (кептірілген гүлдерді және жасанды өсімдіктерді).
Пейзаж композицияларды... (жайпақ табаққа, қара әйнекке, жіппен, арқанмен оралған шере тақтайға жасауға болады).
Кептірілген өсімдіктердің көмегімен көңіл - күйге және әсемдік тақырыбына сәйкес келетін... (гүлдер бейнесін және композиция түлерін) құрастыруға болады.
Кептірілген өсімдіктерді... (құрғақ, салқын, жақсы желдетілген күн сәулелері түспейтін орындарға) қояды.
(Сюжетті құрастырылмалы өрнектерді)... тұрмыс заттарын, опа салғыштарды, түйреуіштерді, шымылдықтарды сәндендіру үшін және панно, ашықхаттар, маскалар, жасау үшін пайдаланады.
(Масштаб, пропорциялар)... бұл өсімдіктер, гүлдер, жапырақтар, вазалар, сондай - ақ дайын композициялар мөлшерінің олар тұратын ғимараттар мөлшерімен арақатынасы.
Сарамандық жұмыс: 1) Әр жұп гүлдерді жобалап әрлеу және жарнамалау.

Толық нұсқасын жүктеу
Толық жүктеу
5 174
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Классикалық өнердің үздік туындылары. Қазақстандық суретшілердің шығармашылығы
Классикалық өнердің үздік туындылары. Қазақстандық суретшілердің шығармашылығы
Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары) 5. 3. 2. 1 - Пәндік терминологияны қолдана отырып, өзінің және өзгелердің (суретшілер, қолөнершілер, дизайнерлер) жұмыстарында берілген идеялар мен тақырыптарды сипаттау 5. 3. 3. 1 - Пәндік терминологияны
Қысқы киімдер
Қысқы киімдер
Киім және киім түрлері, қысқы киімдер туралы түсінік беру. Қысқы киімдерді ажырата білуге үйрету.
Қысқы киімдердің түрлері
Қысқы киімдердің түрлері
Балаларға киім, киім түрлері, қысқы киімдер туралы түсінік беру. Қысқы киімдерді ажырата білуге үйрету. Ойын ойнау арқылы ойлау қабілеттерін дамыту. Сөйлем құрату арқылы сөздік қорларын молайту. Киімді ұқыпты, таза киюге тәрбиелеу.
Дизайнер – суретші деген кім?
Дизайнер – суретші деген кім?
Оқушыларды дизайнер – суретшілердің жұмыстарымен таныстыра отырып, олардың қарапайым құралдармен тиімді әдістерді қолдана отырып жұмыс істеуін оқушыларға үйрету, ұқыптылыққа баулу.
Фитодизайн
Фитодизайн
Алматы облысы, Ақсу ауданы, Жансүгіров ауылы, Е. Сиқымов атындағы орта мектебінің технология пәні мұғалімі: А. Б. Нұрахметова
Сәндік қолданбалық өнер
Сәндік қолданбалық өнер
Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Б. Момышұлы ауылы Г. Орджоникидзе атындағы №1 мектеп – гимназия Технология пәнінің мұғалімі: Кадирбаева Мереке Ашимхановна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×