Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Фитодизайн

16 қараша 2013, Сенбі
Категориясы: Технология
Сыныбы: 7
Сабақтың тақырыбы: Фитодизайн
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Үйлесімділіктің негізгі принциптерін ескеріп, композицияға өсімдіктерді дұрыс таңдап үйлестіре білуге үйрету.
Дамытушылық: Қолөнерге деген қабілеттерін шыңдай отырып, іскерлікке, икемділікке, ой – өрісін, шеберлігін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды көркемдік танымға, жұмысты орындау кезінде ұқыптылық пен дәлдікке, сәндік талап қоя білуге тәрбиелеу.
Сабақ түрі: аралас сабақ
Сабақ әдісі: Суретпен мысал келтіре отырып (әңгімелеу, көрсетіп айту), индуктивтік (жай нәрседен күрделіге ауысу), репродуктивтік (өз бетінше жұмыс істеу), зерттеулік ( неғұрлым үйлесімділікті ішінара іздестіре таңдау) әдістерімен түсіндіру.
Көрнекілігі: Бөлме өсімдіктері, жасанды гүлдер.
Пәнаралық байланыс: Биология, тарих, бейнелеу

Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1) Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу;
2) Оқу құралдарын тексеру;
3) 2 топқа бөлу (1 - топ: Жауқазын, 2 - топ: Бәйшешек);
4) Назарын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
1)«Жауабын тап» ойыны (Пердеше арқылы)
І - топ: Жауқазын.
1. Ежелгі Грек мифологиясында көктем және гүлдер құдайы – Флора.
2. Өз шығармаларында бояу орнына кепкен гүлдердің жапырақтарын және күлтелерін, сабақтарын, ағаш қабықтарын, жеміс – жидектердің және көкөністердің дәнді дақылдарын пайдаланатын көркемдеушілер – Флористтер.
3. Табиғи материалдардан, кепкен өсімдіктерден көркем шығарма жұмыстары – Флотистика.
2 - топ: Бәйшешек.
1. Қағаз, мата негізгі түсі және түрі әр алуан материалдарды жапсыру арқылы жасалатын живопистік немесе графикалық шығармалар – Коллаж.
2. Адам өміріндегі ең керекті қазына көзі – Табиғат.
3. Флотистикалық коллаж - Кепкен гүлдердің жапырақтарын және күлтелерін, сабақтарын, ағаш қабықтарын, жеміс – жидектердің және көкөністердің дәнді дақылдардан жасалған композиция

ІІІ. Өткен сабақты бекіту:
«Орнына қой»(Еркінше таңдау аспабы)
1 - топ: Жауқазын.
1. Әр алуан табиғи материалдардан құрғақ шөптерден, гүлдерден, жапырақтардан, бұтақшалардан жасалған композицияларды... (тұрғын үйлердің, офистердің мәдениет сарайларының және басқа ғимараттардың ішкі бөлшектерін безендіруге пайдаланады);
2. Гүлдерді... (құрғақ, ашық күндері таңғы шықтары кеуіп, гүлдерін жаңадан ашқан кезде) жинау керек.
3. Флористикадағы композицияның ерекшелігі - бір композицияда безендіру материалының бірнеше түрін пайдалануы.... (кептірілген гүлдерді және жасанды өсімдіктерді).
4. Пейзаж композицияларды... (жайпақ табаққа, қара әйнекке, жіппен, арқанмен оралған шере тақтайға жасауға болады).

2 - топ: Бәйшешек.
1. Кептірілген өсімдіктердің көмегімен көңіл - күйге және әсемдік тақырыбына сәйкес келетін... (гүлдер бейнесін және композиция түлерін) құрастыруға болады.
2. Кептірілген өсімдіктерді... (құрғақ, салқын, жақсы желдетілген күн сәулелері түспейтін орындарға) қояды.
3.(Сюжетті құрастырылмалы өрнектерді)... тұрмыс заттарын, опа салғыштарды, түйреуіштерді, шымылдықтарды сәндендіру үшін және панно, ашықхаттар, маскалар, жасау үшін пайдаланады.
4.(Масштаб, пропорциялар)... бұл өсімдіктер, гүлдер, жапырақтар, вазалар, сондай - ақ дайын композициялар мөлшерінің олар тұратын ғимараттар мөлшерімен арақатынасы.
ІҮ. Жаңа сабақтың мақсатын қою:
Үйлесімділіктің негізгі принциптерін ескеріп, композицияға өсімдіктерді дұрыс таңдап үйлестіре білуге үйрету.

Ү. Жаңа сабақты түсіндіру:
Дизайн тарихы ХХ ғасырдың басында басталды. Сондықтан оның тарихы өте қысқа. Дизайн өнері адамдардың әдемілікке, қолайлылыққа ұмтылуларынан шыққан. Ал жақсы өмір сүруге адамзат пайда болғаннан бері ұмтылып келеді. Сол себепті дизайн өнері ХХ ғасырда басталғанымен, оның тарихын өте ертеден іздеу керек. ХХ ғасыр техника мен ғылымның өркендеп даму ғасыры болды. Ғылым мен техниканың дамуы дизайн өнерін де дамытты.
Алғашқы дизайнер мамандарды даярлайтын жоғары мектеп 1919 жылы Германияда ашылды. Ол «Баухауз» деп аталды. Бұл мектепте сәулет өнері, сурет өнері шеберлері сабақ берді.
Ғылыми тұрғыда дизайнның пайда болуы 1928 жыл, ал оның отаны АҚШ болып есептеледі. Онда осы уақытта бірнеше дизайнер фирмалары құрылды.
Ресейде жоғары көркем - техникалық шеберханалар 1920 жылдардан бастап құрылды. Алғашқысы Мәскеудегі мемлекеттік жоғары көркем - техникалық шеберхана болды. Кейіннен осы шеберхана институт болып қайта құрылды.
Дизайн бірнеше түрге бөлінеді. Олар:
- көлік құралдарын жобалау (көлік ұшақтары, су кемелері, автомобильдер, т. б.)
- тұрмыс бұйымдарын; электр аспаптарын, ыдыс, жиһаз, киімді, т. б. жобалау,
- интерьер және экстерьер дизайн;
- жарнама дизайн;
- фотодизайн.
Фитодизайн – өсімдіктерді көркемдеп әшекейлеу. Грек сөзінен аударғанда «фито» - өсімдік деп аталады. Фитодизайн жасау үшін оған нақты жағдай жасап, өзінің орындалу тәртібін қолдану қажет.
Кез – келген композицияны құрастыру үшін өсімдік түрлері, құты, ұстатқыштар, құрал - саймандар, қажет. Композицияға қажетті өсімдік түріне бөлме өсімдіктері, кесіп алынған өсімдіктер, жасанды өсімдік түрлері қолданылады. Тірі өсімдіктерді пайдалану жыл мезгілдеріне байланысты, жасанды гүлдердідүкеннен сатып алып немесе қолдан құрастыруға синтетикалық табиғи материалдардан жасауға болады. Сонымен фотодизайнда құтылардың атқаратын рөлі зор. Олар – шиша, пластмасса, фарфор, қыш, тас құтылар,

ҮІ. Жаңа сабақты бекіту:
Тест жұмысы
1. Дизайн тарихы қай ғасырда басталды.
А) ХҮ
Ә) Х
*Б) ХХ
2. Алғашқы дизайнер мамандарды даярлайтын жоғары мектеп
А) 1989 жылы АҚШ - та
*Ә) 1919 жылы Германияда
Б) 1819 жылы Италияда
3. Дизайнның негізгі қанша түрі бар?.
А) 10
Ә) 3
*Б) 5
4. Фитодизайн нені зерттейді?
*А) өсімдіктерді
Ә) жануарларды
Б) адам организмін
5. «Фито» қай тілден аударғанда өсімдік деп аталады.
А) Орыс;
*Ә) Грек;
Б) Испан.
6. Ресейде жоғары көркем - техникалық шеберханалар қай жылдардан бастап құрылды.
А) 1830 жылдар;
Ә) 1980 жылдар;
*Б) 1920 жылдар

ҮІІ. Қорытындылау:
1. Суретке қарап дизайн түрін анықтап жаз(слайдқа қалам арқылы жазу)
1 - топ: Жауқазын.
2 - топ: Бәйшешек.
ҮІІІ. Үй тапсырмасы:------------------- Оқушыларды бағалау:
Күнделікті енді ашайық -------------- 5 болсын алар бағамыз,
Үй тапсырмасын жазайық. ---------- Біліммен бақыт табамыз.
Бүгінгі алған білімді, ------------------ Өнер – білім көп бақыт,
Ұмытпай есте сақтайық -------------- Өсе берсін санамыз.
16 495
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Зат есімнің жекеше және көпше түрлері
Зат есімнің жекеше және көпше түрлері
Сабақтың мақсаты: Зат есімнің жекеше және көпше түрлері туралы түсінік беру, сөйлем ішінен таба білуге үйрету.
Ауыл шаруашылық дақылдарының зиянкестері мен аурулары
Ауыл шаруашылық дақылдарының зиянкестері мен аурулары
Ауыл шаруашылық дақылдарының зиянкестері мен аурулары. Күнбағыстың ауруларымен зиянкестерін және олардың зияндылығын түсіндіру, жаңа термин сөздерді меңгерту, жоспарлы әңгімелеу
Фитодизайн
Фитодизайн
Фитодизайн туралы мағлұмат бере отырып, үйлесімділіктің негізгі принциптерін ескеріп, композицияға өсімдіктерді дұрыс таңдап үйлестіре білуге үйрету, қолөнерге деген қабілеттерін, талғамдылық шеберлігін дамытып, ұқыптылық пен дәлдікке, іскерлікке,
Былғарымен жұмыс
Былғарымен жұмыс
Өміржанов Сәрсенбек Қаукенұлы № 7 мектеп, Рудный қаласы
Сәндік қолданбалық өнер
Сәндік қолданбалық өнер
Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Б. Момышұлы ауылы Г. Орджоникидзе атындағы №1 мектеп – гимназия Технология пәнінің мұғалімі: Кадирбаева Мереке Ашимхановна
Бұлақ көрсең, көзін аш
Бұлақ көрсең, көзін аш
Жезқазған қаласындағы жалпы білім беретін №10 орта мектебінің бейнелеу өнері және технология пәнінің мұғалімі Шалмағамбетова Гаухар Мейрамовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×