Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сәндік қолданбалық өнер

20 ақпан 2013, Сәрсенбі
Категориясы: Технология
Сабақ тақырыбы: Сәндік қолданбалы өнер
Сабақ мақсаты: Оқушылардың бойында сәндік қолданбалы шығарма бұйымдарына деген сезімталдықты, қызығушылықты ояту. Әр түрлі материалдарды, металдарды ұқыпты пайдалануға, қолөнер әдет дағдыларын үйрету. Оқушыларға ою – өрнектің элементтерінен, оригами бүктеу жолдарын жасауды және қылқаламмен сурет салу туралы қысқаша мәлімет беру үстінде оқушылардың шеберлігін дамыту.
Сабақтың тәрбиелік мәні: Жұмыс жасау барысында қыздарды әсемдікке, ұқыптылыққа, жинақылыққа, үнемшілдікке, тазалыққа, сұлулыққа баулу.
Сабақтың білімділігі: Қыз балалардың ойлау қабілетін дамыту, оқушының қол икемін, қимылын, қию шеберлігін дамыту.
Сабақ әдісі: Суретпен мысал келтіре отырып(әңгімелесу, көрсетіп айту), индуктивті (жай нәрседен күрделіге ауыстыру), репродуктивтік( өз бетінше жұмыс істеу), зерттеулік( неғұрлым үйлесімдікті ішінара іздестіре таңдау) әдісімен түсіндіру. Сабақ көрнекілігі: Суреттер, буклет « ою – өрнектер» интерактивті тақта «Ұлттық ою – өрнектерді ою» тәсілдері слайд

Сурет – схема Сабақ барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі Техника қауіпсіздік ережелерін қайталау
ІІ Үй жұмысы:
1. Оригами дегеніміз не?
2. Орнамент деген сөзді қалай түсінесің?
3. Ою – өрнек туралы не білесің?

ІІІ Жаңа сабақ
Сәндік қолданбалы өнер деп эстетикалық сапаларға ие өзінің әдемілігімен адам көзін қуантатын практикалық пайдалы заттар жасауды айтады. Бұл өнер өзінің табиғаты жағынан композиция, оригамен туыстас. Оригами дегеніміз – «ори» бүктелген «ками» қағаз дегенді білдіреді. Оригами өнері ең алғаш қытай мемлекетінде дамыған. Оригами жұмысын жасағанда оң жақ сол жақ жартышыларының белсенді қызмет жасауына ықпал жасайды. Қазақтың ұлттық ою – өрнектерінің түрлері де атаулары да көп.
Өнертанушы В. Чепелев «Қазақтар тек ою-өрнек әлемінде өмір сүреді» деген, яғни қазақ халқының салт – дәстүрлері тұрмыс жағдайы ою – өрнекпен байланысты. Сурет салу өнерінің тарихы тереңде жатыр. адамның қолы еңбек ету үшін ғана емес, сонымен қатар ол еңбек жемісі де болып саналады. Адам қолымен Рафаэльдің суреті, Давидтің мүсіні, Паганидің музыкасы өмірге келді.
Салынған сурет адамдардың бәріне түсінікті түрде бейнеленеді, сол себепті де оны «халықаралық тіл» деп атайды.

IV Сарамандық жұмыс
а) Топтық жұмыс
І топ: Оригами шеберлері
ІІ топ: Қылқалам шеберлері
ІІІ топ: Ою – өрнек шеберлері
V Сабақ бекіту. Жұмыстарын талқылау
VI Үйге тапсырма. Жұмыстарын бағалау
10 391
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Дамыған орта ғасырлардағы сәулет өнері мен құрылыстың дамуы
Дамыған орта ғасырлардағы сәулет өнері мен құрылыстың дамуы
Орта ғасырлық сәулет өнерінің даму бағыттары мен түрлері, мәдениет үлгілерімен танысу.
Еңбек (ұл балаларға арналған) 7 - сынып
Еңбек (ұл балаларға арналған) 7 - сынып
Еңбек (ұл балаларға арналған) 7 - сынып
Өрнек түрі
Өрнек түрі
Ұлттық сәндік қолданбалы өнер, ою - өрнектердің түрлері мен қолданылуы және бейнеленуіндегі композициялық заңдылықтар туралы мағлұмат беру.
Сәндік қолданбалы өнер
Сәндік қолданбалы өнер
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, "Бейнеу ауданы Ы. Алтынсарин атындағы орта мектебі" ММ - нің бейнелеу өнері мен сызу пәні мұғалімі Қанжан Айжан
Сәндік қолданбалы өнер
Сәндік қолданбалы өнер
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Бекарыстан би ауылы, № 24 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі: Ысқақ Шамсия
Бұлақ көрсең, көзін аш
Бұлақ көрсең, көзін аш
Жезқазған қаласындағы жалпы білім беретін №10 орта мектебінің бейнелеу өнері және технология пәнінің мұғалімі Шалмағамбетова Гаухар Мейрамовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×