Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сүт және сүт өнімдері

11 тамыз 2017, Жұма
Категориясы: Технология
Технология 6 сынып
Сабақтың тақырыбы: Сүт және сүт өнімдері.
Сабақтың мақсаты: оқушыларды қазақтың дәстүрлі сүт тағамдарымен таныстыра отырып сүттен жасалатын сусындардың жасалу жолын меңгерту.
Білімділігі: жалпы сүт тағамдарының адам ағзасына пайдалы екенін түсіндіру.
Дамытушылығы: сусындардың жасалу технологиясымен, әдістерін үйрету арқылы, теориялық білімдерін күнделікті тіршілікте пайдалануға, икемділіктерін дамыту.
Тәрбиелілігі: сүт тағамдарын ұқыпты ұстауға үйрету және үй жағдайында жасалатын тағамдар мен салқын сусындардың жасалу жолдарын көрсету арқылы, ұқыптылық пен тазалыққа, ептілікке тәрбиелеу
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: Ассосация, ЖИГСО, талқылау кестесі.
Пәнаралық байланыс: биология, химия, тарих, медецина
Жабдықтар: стакан, қасық, әйнек ыдыс, пышақ, миксер.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі
Сыныптың сабаққа дайындығын тексеру.
І. Қызығушылығын ояту.
Тамақтану пирамидасына тоқталу

ІІ. Мағынаны тану
Оқушылар түстер арқылы екі топқа бөлініп мәтін беріледі.
«Әлемді шарлау»
1. топ. Сүт және сүт өнімдері.
2. топ. Сүт және сүт өнімдерінің ұлттық тағамдарды дайындаудағы маңызы
1 топ. ТВ - шоу
2 топ. Постер
Сүт және сүтөнімдері
Сүттің құрамында адамның организміне қажетті тағамдық заттар - белоктар, майлар, көмірсутегі, минералды тұздар, А, В, С, Д, Е дәрумендері, су. Олардың ішіндегі ең құнды тағамдық заты - белок. Сүттің негізгі белогі - казейн бой өсіретін және денені қорғайтын заттарға бай және биологиялық жағынан құнды болып есептеледі. Белоктарды организм толық дерлік сіңіреді және олардың құрамында адамның тіршілігіне қажетті барлық амин қышқылдары бар.
Сүттегі майдың мөлшері шамамен белоктың мөлшеріндей. Сүтте холестерин де болады, бірақ оның бұл мөлшері организмдегі холестериннің шамасына ешқандай ықпал етпейді. Сүт майы өзінің тағамдық және биологиялық қасиеттері жағынан өте құнды болып саналады, адамның организміне оңай, жеңіл сіңеді. Сүтте көмірсутегі сүт қантында болады. Оны лактоза деп атайды. Сүттегі минералды заттар түрліше болып келеді, солардың ішіндегі өте маңыздылары - кальций мен фосфор. Тамақпен бірге сүт ішкенде, басқа тағамдардағы кальций тұздары жақсы сіңеді.

Сүт - дәрумендердің көзі. Сүт тағамдары арқылы адам организмін А дәруменімен, В тобындағы дәрумендермен, С және Д дәрумендерімен толық қанағаттандыруға болады. Ең бағалысы жаңа сауылған сүт. Оның бактерияны жоятын, яғни сүтке түскен бактериялардың өсіп - өнуін тоқтатып, оларды жойып жібереді. Сүттің емдік қасиеті туралы ақпаратты көне дәрігерлер - Гиппократ, Гален және Әбу ибн Синаның еңбектерінен кездестіруге болады, олар түрлі жануарлардың сүтін туберкулез бен тұз байлану ауруларына емдеуге қолдануға кеңес берген. XVIII және XIX ғасырларда орыс дәрігерлері сүтпен бронхит, тырысқақ, ас қорыту - ішек, жүйке және т. б. ауруларды емдеген. Петербург дәрігері Ф. Л. Каррель 1865ж. жүрек сырқаты, бауыр цирозы, өкпе ауруы және т. б. ауруларды емдеуге сүт қолданып 200 жағдайды сипаттап кеткен еді.

Толық нұсқасын жүктеу
6 525
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Адамға пайдалы сусындар
Адамға пайдалы сусындар
Сусындардың түрлерімен таныстыру, олардың пайдасы туралы мағлұмат беру, жаңа сөздерді меңгерту, жалғау түрлерін қайталап, деңгейлік тапсырмалар орындату.
Сүт және сүт өнімдері
Сүт және сүт өнімдері
Қазақтың ұлттық сүт тағамдарының ерекшелігі мен құндылығын, қазақ халқының қонақжай дәстүрін құрметтеу, тағамдардың жасалу жолдарына түсінік беру
Қазақтың дәстүрлі ет тағамдарын дайындау
Қазақтың дәстүрлі ет тағамдарын дайындау
БҚО, Шыңғырлау ауданы, А. Тихоненко атындағы ОЖББМ технология пәні мұғалімі Измуханова Алтын Бактыгалиевна
Сүт және сүт өнімдері
Сүт және сүт өнімдері
Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Б. Атыханұлы атындағы № 36 гимназияның технология пәні мұғалімі: Бакелекова Динара Болатханқызы
Қазақтың ұлттық тағамдары
Қазақтың ұлттық тағамдары
Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Б. Атыханұлы атындағы № 36 гимназияның технология пәні мұғалімі: Бакелекова Динара Болатханқызы
Сүт тағамдарын дайындау, оның қасиеті мен маңызы
Сүт тағамдарын дайындау, оның қасиеті мен маңызы
Атырау қаласы, Амангелді селосы, Амангелді атындағы орта мектебінің технология пәні мұғалімі Дощанова Жаңылсын Айтжанқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×