Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Адамға пайдалы сусындар

07 желтоқсан 2015, Дүйсенбі
Ақмола облысы, Аршалы ауданы,
Волгодон орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Қыдырбаева Тыныштық Ұзақбайқызы

Қазақ тілі 5 - сынып
Сабақтың тақырыбы: Адамға пайдалы сусындар
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Сусындардың түрлерімен таныстыру, олардың пайдасы туралы мағлұмат беру, жаңа сөздерді меңгерту, жалғау түрлерін қайталап, деңгейлік тапсырмалар орындату.
2. Дамытушылық: Деңгейлік тапсырмалар орындау арқылы оқушылардың қисынды ойлау қабілетін кеңейту, сөздік қорын молайту, топпен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру;
3. Тәрбиелік: оқушыларға адам ағзасына пайдалы сусындарды пайдаланып, денсаулықты сақтап, салауатты өмір сүруге тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың типі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, топтық жұмыс, сөздікпен жұмыс, мәтінмен жұмыс, сұхбат, әңгімелеу, ассоциация, Венн диаграммасы, тұсаукесер.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, суреттер, мәтіндер, кеспе қағаздар.

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі: (3 минут)
- Мұғалімнің кіріспе сөзі.
- Кезекшінің міндеті
- Психологиялық ахуал.
- Қайырлы күн!
- Қайырлы күн көк аспан!
- Қайырлы күн жер ана!
- Қайырлы күн, достарым!
- Қайырлы күн, қонақтар!
Оқушылар 2 топқа бөлініп отырады, бір - біріне тілектер айту.

1 - топ «Қымыз»
2 - топ «Шұбат»

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
68 - бет, 5 - тапсырма, Жаңылтпашты тез оқу
«Қайталау – оқу анасы»
- Адам денсаулығы жақсы болу үшін не істеу керек?
- Денсаулық жақсы болу үшін спортпен шұғылдану керек
- Дұрыс тамақтану, таза жүру керек.
Адам дені сау болу үшін иммунитеті мықты болу керек. Сол иммунитетімізді көтеретін, бүгінгі сабақта өтетін тақырыбымыз бейнесөзде жасырынған.
Қане, ойланайық!
Плакатқа «Топтастыру» әдісімен
Денсаулыққа пайдалы

Дәрумендер
Спортпен айналысу
Дұрыс тамақтану
Пайдалы сусындар

- Сонымен, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы – «Адамға пайдалы сусындар».
Кәне, балалар дәптерлерімізді ашып, бүгінгі күнді және жаңа сабақтың тақырыбын жазайық.

III. Жаңа сабақты өту. Бүгінгі сабақтың мақсаты:
- Пайдалы сусындар туралы мағлұмат беру, жаңа сөздерді меңгерту, жалғау түрлерін қайталап, деңгейлік тапсырмаларды орындату.
- Бүгінгі сабақтың жаңа сөздерімен танысайық.

Жаңа сөздермен жұмыс
Шұбат – верблюжье молоко
қымыз – кобылье молоко
шипалы – лечебный
сіңімді – питательный
өкпе – легкий
зәмзәм – святая вода
- Жаңа сөздерді мұғалім дауыстап оқиды, оқушылар қайталайды.
- Жаңа сөздермен сөз тіркестерін құрастыру.

Мәтінмен жұмыс
- Мәтінді мұғалім оқиды. Мәтін+слайд +аудирование
Шұбат – түйе сүтінен ашытып жасалған өте шипалы сусын. Шұбаттың құрамында адам ағзасына сіңімді, пайдалы заттар мол болады. Шұбат қан толықтырады, өкпе, асқазан ауруларына емдік дәрі ретінде пайдаланылады.
Қымыз – жылқы сүтінен алынатын қышқыл сүт өнімі. Қымызды өкпе, бүйрек, сүйек ауруларын емдегенде пайдаланады.
Балалар, осы мәтіндерден не түсіндіңдер?
Мәтінді кезекпен оқып, аудару.

Cергіту сәті “Мереке күніңмен” ән айту

IV. Жаңа сабақты бекіту.
I деңгей
1 - топ «Қымыз» - қымыз сөзін тәуелдеу.
2 - топ «Шұбат» - шұбат сөзін септеу.

II деңгей
Тақтамен жұмыс
1 - топ «Қымыз» мәтіні бойынша мына сөйлемдерді аяқтаңдар:
1) Қымыз – жылқы сүтінен....
2) Қымыз...,... емдегенде пайдаланылады.
3) Қымыз - өте... сусын

2 - топ «Шұбат» «Шұбат» мәтіні бойынша мына сөйлемдерді аяқтаңдар:
1) Шұбат – түйе сүтінен....
2) Шұбатта сіңімді, пайдалы заттар....
3) Шұбат...,... ауруларын емдегенде пайдаланылады

III деңгей
Венн диаграммасы.
Қымыз бен шұбаттың айырмашылығы мен ортақ қасиеттерін салыстырып жазу.

V. Жаңа сабақты қорыту.
- Оқушылар, бүгін біз сабақта «Адамға пайдалы сусындар» тақырыбымен таныстық. Сол сусындар туралы не білдіңдер? Енді осы тақырыпқа және өткен тақырыптарға байланысты сұрақтар ұяшықтарда жасырынған. Әр топ 4 ұяшықтан таңдап, сұрақтарға жауап беріп, өздеріне ұпай жинайды.

Қорыту сұрақтары:
1/ Шұбат неден жасалады?
2/ Қымыз неден жасалады?
3/ Қазақ тілінде неше жалғау бар?
4/ Көптік жалғауларды ата?
5/ Қандай дәрумендерді білесіңдер?
6/ Кешке қандай ас ішеміз?
7/ Қант тәтті ме, тұз тәтті ме?
8/ Ілік септігінің жалғауы қандай?
9/ Таңертең біз не ішеміз?

VI. Рефлексия
VII. Үй тапсырмасы: «Қымыз» және «Шұбат» тақырыбына мәліметтер жинап келу
VIII. Бағалау.
11 061
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Пайдалы қазбалар және олардың адам өміріндегі маңызы.
Пайдалы қазбалар және олардың адам өміріндегі маңызы.
Пайдалы қазбаларға не жататынын және олардың адам өміріндегі маңызын түсіндіру. Өте кең тараған және көп пайдаланылатын пайдалы қазбалар туралы түсінік.
Адамға пайдалы заттар
Адамға пайдалы заттар
«Адамға пайдалы заттар» тақырыбын меңгертіп, жаттығу жұмыстарын жасай отыра грамматикалық тақырыптарды бекіту. Тапсырмалар арқылы оқушылардың ойлау қабілеттерін, ауызекі сөйлеу тілін дамыту
Қысқы демалыс. Сын есім
Қысқы демалыс. Сын есім
Өскемен қаласы. қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Ахметова Маншук
Жер - қазына
Жер - қазына
Сабақтың міндеттері: 1. сөздікпен жұмыс жасай отырып, сөздік қорын молайту және Жер - қазына тіркесінің мағынасын ашып көрсету. 2. сабақ барысында Жерден алынатын мол өнімнің адам өмірі үшін маңызын айта отырып, оқушылардың ойлау қабілетін дамытып,
Ілияс Есенберлин
Ілияс Есенберлин
Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, №42 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Оразалина Әсия Қабиденқызы
Пайдалы қазбалардың түрлері
Пайдалы қазбалардың түрлері
Ақтөбе қаласы №34 орта мектебінің бастауыш класс мұғалімі Сарсенгалиева Сауле Садуакасовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×