Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Шуағы мол нұр әжем

24 сәуір 2014, Бейсенбі
Категориясы: Ұстаздарға
Шуағы мол нұр әжем
Мақсаты: Ұмыт болып бара жатқан халықтық дәстүрді жаңғырту. Әжелеріміздің екінші ұрпағы – немерелеріне тәрбие беру мәселесі жайында ойларын ортаға салуы. Оқушыларды имандылыққа, ізгілікке, қайырымдылыққа, төзімділікке, үлкенді сыйлауға, құрметтеуге баулу. Ата - ана мен мектеп арасындағы байланысты нығайту. Шуағы мол нұр әжем

Мақсаты: Ұмыт болып бара жатқан халықтық дәстүрді жаңғырту. Әжелеріміздің екінші ұрпағы – немерелеріне тәрбие беру мәселесі жайында ойларын ортаға салуы. Оқушыларды имандылыққа, ізгілікке, қайырымдылыққа, төзімділікке, үлкенді сыйлауға, құрметтеуге баулу. Ата - ана мен мектеп арасындағы байланысты нығайту.

Құрметті, ата - аналар, ұстаздар, оқушылар! Сіздерді шуақты көктемнің алғашқы мейрамы 8 - наурыз халықаралық әйелдер мерекесімен құттықтаймын. Мереке қарсаңында мектебімізде « Шуағы мол нұр әжем» атты әжелер сайысы өтпекші.
Әже – әкенің шешесі. Ел іші, отбасының бүтіндігін ойлайтын – ел анасы.
Ана – өмір, қолдаушысы әлемнің,
Шаңырақтың шаттығы мен шуағы.
Сейілмесін жанарынан ананың,
Тіршілікке төккен нұрлы шуағы.
Аялайық аналарды әрдайым,
Қуанышқа бөлейікші өздерін.
Әжелердің, аналардың, қыздардың
Мұң шалмасын күлім қаққан көздерін. – деп сайысымызды бастаймыз.

Мектебіміздің әжелері бас қосты,
Ата - баба салт - дәстүрі жалғасты.
Асылдың сынығындай алтын қазық,
Қарсы алайық әжелерді ақ шашты, - көпшілік болып ізетпен, ақ жаулықты әжелерімізді әсем әннің әуенімен ортаға шақырайық!
( Әжелер ортаға шығады.)

«Асыл әжем» әні
Құрметті де, әділ ақ қазыларым,
Нұрлы аспаннан төгілген шақтарың.
Адалдықтың әрқашан жаршысы боп,
Әділетпен бағала істің бәрін.

( Әділқазылармен таныстыру)
Сайыс шартымен таныстыру:
1. Таныстыру
2. Өз өнерін көрсету
3. Ұлттық ас мәзірі
4. Қолөнер (Ұршық иіру, құрақ құрау)
5. Сұрақ - жауап
Сайыстың шарты бойынша әжелер өздерін таныстырып өтсін.

Ал, кімнің өнері бар қаншалықты:
Би билеп, ал біреуі ән салыпты.
Бүгінгі әжелер сайысынан бәйге алуға
Әжелер аянбай - ақ жан салыпты, - дей келе әжелеріміздің өнерін тамашалайық.
(Әжелер өз өнерін көрсетеді.)
Ән:
Көрсетті өнер әр салада сайысып,
Қимылдары жүргендей бір жай ұшып.
Мерекелік ас мәзірін жасапты
Әжелердің саусақтары майысып, - әжелеріміздің дайындап әкелген ұлттық астарының дәмін көрейік.

(Әжелер дайындап әкелген астарының құрамын, жасалу жолын айтады.)
Шебер қолдар көп болған - ау ертеде,
Шеберлікпен аты шыққан өлкеге.
Шеберлерім өнер тамып қолынан,
Жаңылмаған ата - баба жолынан.
Шебер қолдар өз өнерін көрсетсін,
Біз айталық төрелігін соңынан.

Әжелеріміздің шеберліктерін байқап көрелік.
1. Ұршық иіру
2. Құрақ құрау
Ендігі кезеңде әжелеріміз «Зерделінің ойы озық» атты тосын сұраққа жауап береді.
1 - әже
1. Жегеннің тісіне, жемегеннің түсіне кіретін ас. /ет/
2. Тоңбайтын, бірақ қалтырайтын кім? (сыпайы)
3. Жүндеуге жақсы жануар. (жуас түйе)
2 - әже
1. Қырсыққанда іритін сусын. (қымыран)
2. Ысқырығы жер жарып жүрген адамның айдаған малы. (ешкі)
3. Үш кескенде де кесірткелік жаны қалатын жорғалаушы. (жылан)
3 - әже
1. Қандай жағдайда айнаға өкпелемеу керек? (бетің қисық болса)
2. Құдыққа құраған құланның құлағында ойнайтын не? (құрбақа)
3. Жолы болатын жігіттің алдынан шығатын кім? (жеңгесі)
4 - әже
1. Мүйіз сұраймын деп жүріп құлағынан айырылған жануар. (ешкі)
2. Айран сұраушының жасырмайтын ыдысы? (шелек)
3. Бір қарын майды шірітетін не? (құмалақ)
5 - әже
1. Тауықтың түсіне кіретін дән (тары)
2. Жал біткенде жанына торсық байлатпайтын жануар (жаман ат)
3. Өз атын өзі шақыратын құс (көкек)
6 - әже
1. Семіздікті көтеретін жануар (қой)
2. Айран ішкен құтылып кеткенде тұтылатын кім? (шелек жалаған)
3. Қуаныштың белгісін білдіретін қандай сөз? (сүйінші)
7 - әже
1. Іс тіккенде ине кірмес үшін жезден жасалған құрал (оймақ)
2. Жылқы терісінен жасалып қымыз ашытуға қолданылатын ыдыс (саба)
3. Жүннің ұйысқанын жазып тазарту үшін қолданылатын жіңішке таяқ (сабау)

Салт - дәстүрге байланысты сұрақтар:
1. Тоқым қағар дегеніміз не?
2. Базарлық дегеніміз не?
3. Байғазы дегеніміз не?
4. Сабан той дегенді қалай түсінесіз?
5. Ұйқы ашар деген не?

1. Бесік жырының тәрбиелік мәні неде деп ойлайсыз?
2. Келініңіздің немереңізге беріп жатқан қазіргі тәрбиесі ұнай ма?
3. Қазіргінің келіндеріне айтар ақылыңыз
5 797
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Гүл мереке, күн мереке – 8 - наурыз!
Гүл мереке, күн мереке – 8 - наурыз!
8 - наурыз аналар мен қыздар мерекесін атап өту. Отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың өмірі, өмір гүлі аналарды, нәзік жанды қыздарды сыйлауға үйрету; Қыздарды әсемдікке, іскерлікке баулу
Отбасының шуағысың Ақ әжем!
Отбасының шуағысың Ақ әжем!
Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Қарғалы ауылы «Бүлдіршін» шағын орталығының «Балапан» тобының тәрбиешісі Әлтаева Алтынкүл Райханқызы
Ана - гүл, ана - жыр, ана - өмір шуағы
Ана - гүл, ана - жыр, ана - өмір шуағы
Мұғалім:- Қош, келдіңіздер, аяулы аналар, қадірлі ұстаздар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, 8 – наурыз мерекесі де келіп жетті. Осынау көктем мерекесінің қай кезде де орны бөлек.
Әжем менің әлі де...
Әжем менің әлі де...
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Сапаққөл орта мектебі. Тәлімгер: Нуржанова Жанат Құмарқызы
Шуағы мол нұр әжем
Шуағы мол нұр әжем
Ақтөбе қаласы №33 «Нұрсәт» МдБО тәрбиешісі Ердаулетова А. Е.
8 наурыз. Ана - өмірдің шуағы
8 наурыз. Ана - өмірдің шуағы
Ана барлық өмірдің бастауы. Ол адамды өмірге әкеледі, оны тәрбиелейді, өсіреді. Адам бойындағы барлық асыл қасиет күннің нұрынан, ананың ақ сүтінен дариды Ана - ұлы адам, Ана - құдіретті жан, ендеше бүгінгі мерекелеріңіз құтты болсын!!!
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×