Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Шуағы мол нұр әжем

26 қаңтар 2013, Сенбі
Категориясы: Бала-бақша
Ақтөбе қаласы
№33 «Нұрсәт» МдБО тәрбиешісі
Ердаулетова А. Е.


1 - бала:
Қастерлейміз халық боп,
Салт - дәстүрді дәріптеп,
Айтып кеткен бабалар,
Дәстүріңді таныт деп.

2 - бала: Тыңдаңыздар, Тыңдаңыздар!
Босқа қарап тұрмаңыздар,
Әже мен немере тойы басталмақшы,
Қызықтан тыс қалмаңыздар!

Жүргізуші: Бүгінгі сайысымыз, мерекеміз,
Қалайша мұны біз бекер дейміз.
Ұстаздар құтты болсын ару тойы!
Әжелер, аналар құтты болсын мерекеңіз!
Қадірменді қонақтар, ата - аналар, ұстаздар! Бүгінгі «Шуағы мол нұр әжем» атты сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер! Жас ұрпақты жастайынан тәрбиелеудің маңыздылығын қазақ халқы ерте түсінген. Әженің тәлім - тәрбиесін көріп, үйренбеген немере болмас! Әжелеріміздің қадамы құт, мәртебесі биік болсын деген ниетпен әжелерді немерелерімен ортаға шақырайық.
Бүгінгі сайысымыз 5 кезеңнен тұрады.

1. Таныстыру.
2. «Білгенге маржан»
Әжелерге - ситуациялық сұрақтар, немересіне – көктемге байланысты сұрақтар.
3. «Өнер - ағып жатқан бұлақ»
Өз өнерлерін көрсетеді.
4. «Шебердің қолы ортақ»
Әжелер ою ояды, немерелер жабыстырады.
5. «Көктем сәні»
Немерелері сән үлгісін көрсетеді.
Әділқазы алқасын таныстыру.
Ендеше сайысымыздың бірінші кезеңі таныстыруға берейік.
Әділқазылар бағасы
(5 бала «Ана» туралы тақпақ айтады.)
Би: «Домбыра»

Жүргізуші: Асыл сөздің атасы,
Ақын болар ұрпақпыз,
Өнер, білім, еңбекке
Жақын болар ұрпақпыз,- дей отырып, сайысымыздың келесі кезеңіне көшейік.
«Білгенге маржан» Әжелерге - ситуациялық сұрақтар, немересіне – көктемге байланысты сұрақтар қойылады.
Әділқазылар бағасы
(Ағылшын тілінде тақпақтар, әндер)

Жүргізуші: «Өнер - өнерліге ғана оңай»- деп атамыз қазақ айтқандай, енді әжелеріміз бен немерелеріміздің өнерін тамашалайық. Сайысымыздың үшінші кезеңі - «Өнер - ағып жатқан бұлақ».
Әділқазылар бағасы
Қыздарға арнау.
Жүргізуші: Сайысымыздың келесі кезеңі «Шебердің қолы ортақ»
Әжелер ою ояды, немерелер жабыстырады. Бүлдіршіндеріміздің өнерін тамашалап жіберейік.
Би: «Қуыршақ»
Ән: «Мамаға тілек»

Жүргізуші: Менің әжем айтушы еді, жібек мінез жандарды,
Риза болып отырушы еді, мақтан етіп оларды,
Сұқ көздерден тасалау ғып, сақта Алла деп тілек,
Ендігі шарт аруларға «Адам көркі - шүберек»
Қыздарымыз «Көктем сәні» үлгісін көрсетеді.
Әділқазылар бағасы
Әділқазылар алқасы өз бағасын бергенше, бүлдіршіндердің өнерін тамашалаңыздар.
Ән: «Әжеме»
(Балалар дайындаған ашық хаттарын әжелерге, аналарына сыйлайды)
Әділқазылар бағасы
Сайысты қорытындылау.
10 309
0
  • 80
1 дауыс


Жаңалықтар
Мен және менің отбасым
Мен және менің отбасым
Халқымыздың салт - дәстүрі, әдет - ғұрыптары жайлы білімдерін дамыту, ата - ана шығармашылығын ұштау, балалардың бойындағы өнері мен дарындылығын дамыта түсу.
Сайыста біздің - Аналар
Сайыста біздің - Аналар
Ақтөбе облысы, Алға ауданы, №1 Алға мектеп - бақшада тәрбиеші Калкаева Адеми Жоламановна
Отбасының шуағысың Ақ әжем!
Отбасының шуағысың Ақ әжем!
Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Қарғалы ауылы «Бүлдіршін» шағын орталығының «Балапан» тобының тәрбиешісі Әлтаева Алтынкүл Райханқызы
Әліппемен қоштасу балы: "Әліппенің ар жағы - білім бағы"
Әліппемен қоштасу балы: "Әліппенің ар жағы - білім бағы"
Қарағанды облысы, "Балқаш қаласы жбб №15 орта мектебі,"КММ бастауыш сынып мұғалімдері: Толеуова Манира Мухаметкалиевна, Койшина Гакку Мынгышкызы, Сулейменова Жанар Нургаликызы, Кайдакешова Анар, Толеубаева Асем
Ал, кәнеки, әжелер!
Ал, кәнеки, әжелер!
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы №6 орта мектебінің бастауыш класс мұғалімі Орманова Гүлсайран
Әже ұлағаты
Әже ұлағаты
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Миялы селосы Б. Аманшин орта мектебі Бастауыш сынып мұғалімі Мукашева Лаззат Амангелдиевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×