Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Эссе «Қазақстан - кеше, бүгін, ертең»

02 қыркүйек 2017, Сенбі
Категориясы: Ұстаздарға
ЭССЕ
«Қазақстан - кеше, бүгін, ертең»
Менің туып өскен жерім - Егеменді Қазақстан.
Қазақстанның байлығы өте көп және қазынаға бай ел. Біздің еліміздің табиғаты өте сұлу. Биік - биік асқар тау, мөп - мөлдір көлдер, неше түрлі өсімдіктер мен дәрілік қасиеттері бар шөптер өседі. Қазақстан жерінде аңдар мен құстар, неше түрлі жануарлар өмір сүреді. Сол жерде біздің ата - бабаларымыз, батырларымыз, ақындарымыз, ғалымдарымыз туып өскен.
Қазақстандай жері шұрайлы, шөбі шүйгін өлкені мен әрқашанда мақтан тұтамын. Қазақстанның кең даласындай байтақ дала еш жерде жоқ.
«Отаның - алтын бесігің», «Отаны жоқтың – негізі жоқ» деп дана халқымыз бекер айпаған. Өз Отанын сүю, өз ана тілін ардақтау - әрбір қазақ азаматының бірінші міндеті.
Қазақстан - кеше. (Кешегі күннің тарихына шолу жасау) Құс ұясыз болмайды, адам Отансыз болмайды. Ал менің Отаным - сонау Каспиден Алтайға дейін созылып жаттқан қасиетті өлке - Қазақстан. Қазақстан - тәуелсіз, азат ел. Сол тәуелсіздік жолында қазақ бабам не көрмеді десеңізші?! Еліміздің басынан азап та, аштық та, сұм соғыс та өтті. Әсіресе ХХ ғасыр қазақ халқы үшін ауыр, қайғыға толы кезеңдермен есте қалады.
1916 жылғы көтеріліс 1928 - 1932 жылдардағы аштық.
1941 - 1945 жылдары адамзат тарихында болмаған алапат соғыста, бірлік жолында жан қиған қазақ батырлары фашизмнен бүкіл адамзатты қорғап, ерекше ерлік көрсетті. 100 - ге тарта қазақ қаһарманына Кеңес Одағының Батыры деген абройлы атақ берілді.
ХХ - ғасырда дүние жүзіндегі бірде - бір ел қазақ көргенді көрген жоқ.
1949 - 1950 жылдары Семей полигонында сыналған 600 - ден астам ядролық жарылыстардың кесірінен осы өңірдегі 500 мыңнан астам адам уланды.
1986 жылдың желтоқсаны.
Атыраудан Алтайға, Сарыарқадан Алатауға дейінгі байтақ жерімізге желтоқсанның қанды қара дауылы үдей түсіп дүрбелең жайылды.
Қазақтың көптеген азаматтарының мойындарына қыл шылбыр салынды.
Әділдік үшін бой көтерген жас боздақтардың маңдайы тасқа соғылды. Бастарына қара бұлт үйірілді.
Қазақстан біздің сүйікті - Отанымыз. Қарасаң көзің тоймайды, осының бәрі Алтай мен Атырау, Ақжайық пен Алатаудың аясында құлаш жайып, жайнай түрленіп жасанып - жасарып жатыр.
«Отан отбасынан басталады»- деп халқымыз айытқандай, әрбір адамның отбасы, тұрған мекені, өскен ортасы, мемлекеті - оның жарық дүниедегі жансаясы, өмір өрісі, оттай жандырған Отаны.
Қазақстан - бүгін: (Бүгінгі күннің тарихына шолу)
Қазіргі кезде Қазақстан қандай?
Біздің туып - өскен жеріміз, еліміз - Қазақстан. Еліміз мұнайға пайдалы қазбаларға өте бай. Қазір ынтымағы жарасқан көптеген ұлттың өкілдері тұрады. Олар: орыс, татар, өзбек, неміс, түрік т. б. көп ұлттар тұрады.
Ол бүгінде дүние жүзінің көтеген елдерімен достық байланыс орнатқан, бүкіл әлем таныған елге айналды.

Толық жүктеу
55 423
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Менің Отаным – Қазақстан
Менің Отаным – Қазақстан
Әрбір адамға өзінің отбасы ыстық болса, Отаны да адам баласына сондай ыстық.
Менің Отаным - Қазақстан
Менің Отаным - Қазақстан
Туған жердің тарихына үңіле білуге, болашақта елдің тұтқасы өзіміз боламыз деген түсінік қалыптастыру. Сөздік қорларын, ой - өрісін дамытып, дұрыс сөйлеуге жаттықтыру.
Менің отаным - Қазақстан!
Менің отаным - Қазақстан!
Тақырыбы: Менің отаным - Қазақстан!
Тәуелсіз елдің ұланымыз
Тәуелсіз елдің ұланымыз
Мақсаты: «Отан», «Тәуелсіздік» туралы түсініктерін кеңейту;
Қазақстан – Тәуелсіз мемлекет. Қазақстан – менің Отаным
Қазақстан – Тәуелсіз мемлекет. Қазақстан – менің Отаным
Астана қаласы, «Көпбейінді колледж»МКҚК Қазақ тілі мен әдебиет пәні оқытушысы: Айсариева П. А
Менің Қазақстаным  (өлеңдер)
Менің Қазақстаным (өлеңдер)
Қазақстан – бар қазақтың киелі туған жері, Қазақстан – қазағымның туған елі. Кен байтақ Қазақстандай жерде туған Қазақтың Тәңірі берген несібесі!
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×