Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тәуелсіз елдің ұланымыз

13 мам 2014, Сейсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Мақсаты: «Отан», «Тәуелсіздік» туралы түсініктерін кеңейту; «Туған жер», «Рәміздердің» қасиетті екенін ұғындыру, оқушыларды ұлтжандылыққа, ата-мекенін көздің қарашығындай сақтай білуге, оларды қастерлеуге, Отанын сүюге, елін, жерін қорғауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: «Тәуелсіз елдің ұланымыз» презентациясы, «Көк тудың желбірегені», «Қазақстан бақытты» әндерінің видеосы, суретті плакаттар (рәміздер, елбасы суреттері),
мақал - мәтелдер, т.б.
Барысы: Әнұранмен тәрбие сағатымызды ашу.
«Көк тудың желбірегені» әнімен (видеосын тамашалау) ашу. Ол өлеңнің мазмұнын талдау. Әр оқушыға біздің туымыздың көкке көтеріліп желбіреуінің маңызын ұғындыру.
Айғаным:
Туған жерім, байтақ менің мекенім,
Сенен ұқтым кеңдіктің не екенін.
Қазақстан деген атты ардақтап,
Мәңгі бақи басымды иіп өтемін.
Әмина:
Мен қазақпын мың өліп, мың тірілген,
Жөргегімде таныстым мұң тілімен.
Жылағанда жүрегім күн тұтылып,
Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.
Аружан:
Мен қазақпын, биікпін, байтақ елмін,
Қайта тудым, өмірге қайта келдім
Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске,
Айта бергім келеді, айта бергім.

- Балалар, біз қай елде тұрып жатырмыз?

Айғаным:
*Менің туып - өскен жеріміз – Қазақстан Республикасы. Ол көне замандардан басталатын тарихы бар, аса бай ел. Қазақстан жерін ежелден қоныстанып келе жатқан ел – қазақ халқы. Қазақ халқы – ер жүрек, достыққа адал, бауырмал, қонақжай халық.
Аружан:
*Қазір Қазақстанда ынтымағы жарасқан көптеген ұлт өкілдері тұрады. Қазақстан бүгінде дүние жүзінің көптеген елдерімен достық байланыс орнатқан, бүкіл әлем таныған елге айналады. Қазақстанда өмір сүруші әрбір адам өз Отанын жанындай сүйеді, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтан тұтады.
- Дұрыс айтасыңдар, балалар, Қазақстан жері батыстан шығысқа қарай 300 000 шақырымға, солтүстіктен оңтүстікке қарай 1700 шақырымға созылып жатыр (ҚР - ның физикалық картасынан көрсету)

- Біздің еліміз - жерінің кеңдігімен қатар, табиғи байлығы да мол мемлекет. Өріс толы малы, тайдай тулаған балығы, теңіздей толқыған егіні, дала толы аң - құсы, таусылмас кен байлығы да жеткілікті, мол.

- Талай ғасырлар бойы ата - бабаларымыз осындай еліміздегі еркіндік пен тәуелсіздік таңын аңсап келген. Тәуелсіздік жолында талай жандар құрбан болып, елім деп еңіреп өткені белгілі. Талай кезең қиын - қыстау, қуғын - сүргінді басынан кешті. Олар көксеген арманға ХХ ғасырдың соңына қарай қол жеткіздік. Соның арқасында бүгінгі таңда өз бағыт - бағдарын ұстанған, өркениетті елдер мойындаған жеке мемлекетке айналдық. Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаев:
«Біз Қазақстанның тәуелсіздігінің оңайлықпен келмегенін біліп оны қадірлеуіміз керек. Әрбір Қазақстанның азаматы Елтаңбаны, Әнұранды, Туды қастерлеуі керек. Әрбір азамат өз Отаны үшін еңбек етуге, жанын қиюға міндетті»- деген. Сондықтан, балалар, осы үлкен жауапкершілікпен орындауларың керек

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
8 223
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Көк тудың желбірегені
Көк тудың желбірегені
Тәрбие сағатының мақсаты: Қазақстанның өткені мен бүгінгі өмірін салыстыра отырып, өз еліміздің даму тарихы туралы танымдарын қалыптастыру.
Желтоқсанда мұзға айналған көктемдер!
Желтоқсанда мұзға айналған көктемдер!
ШҚО, Үржар ауданы, Үржар ауылы, «Жансүгіров атындағы орта мектеп»КММ Физика пәні мұғалімі Аскербаева Рысхан Сагимбаевна
Тәуелсіздік таңы (әдеби - музыкалы кеш)
Тәуелсіздік таңы (әдеби - музыкалы кеш)
№1 Алматы қазақ мемлекеттік гуманитарлық педагогтік колледжі Ұ. Ж. Мухамеджанова
Желтоқсан ызғары
Желтоқсан ызғары
Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз қаласы, «№5 жалпы білім беретін орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бастауыш класс мұғалімі Бураханова Айгүл Абдулхаққызы
Қазақтың бағы да, байлығы да - Тәуелсіздік
Қазақтың бағы да, байлығы да - Тәуелсіздік
Қазақстан – көк байрақты нұр едің, Сен дегенде лүпілдейді жүрегім. Өзің менің қуанышым, бақытым, Өзің менің мақтанышым, тірегім.
Тәуелсіздік-азаттығым, бақ күнім!
Тәуелсіздік-азаттығым, бақ күнім!
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы ауылы, №100 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Тәжбенова Нұргүл Ұласарқызы «Тәуелсіздік - азаттығым, бақ күнім» Мақсаты: оқушыларға 1986 ж. көтерілісті, жастардың көтеріліске шығу себептерін, олардың
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×