Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Менің отаным - Қазақстан!

23 тамыз 2015, Жексенбі
Категориясы: Бала-бақша
Білім беру саласы: таным, әлеуметтік орта,
ҰОІӘ: Қоршаған ортамен танысу, экология,
Тақырыбы: Менің отаным - Қазақстан!
Мақсаты: Отанға, туған жерге, елге деген сүйіспеншілігін арттыру. Қазақстан Республикасының жер көлемі туралы түсінік беру, елімізде өндірілетін қазба байлықтардың қай жерден шығатыны туралы білім беру, рәміздерді білуге үйретуді жалғастыру, сөздік қорларын, ой - өрісін дамытып, дұрыс сөйлеуге жаттықтыру. Өз Отанын сүйе білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Слайд, карта, елтаңба, ту, шаңырақ, далада өсіп жатқан қызғалдақтар, үй жануарлардың төлдерімен суреті.
Билингвизмі: Отан – Родина, елтаңба – герб, әнұран – гимн, туу – флаг

Шаттық шеңбері
Күннің көзі ашылып,
Көкке шуақ шашылсын.
Құтты қонақ келіпті,
Төрімізге еніпті.
Амандасу үлкенге,
Тәрбиенің басы ғой -
Ал қанекей бәріміз
Сәлем дейік үлкенге!
(3 тілде амандасу)
- Балалар қазір қай мезгіл?
- Көктем мезгілі.
- Көктем мезгілінде неше ай бар? Қазір қай айы?
- Көктем мезгілінде 3 ай бар. Қазір мамыр айы.
- Мамыр айында қандай өзгерістер болып жатыр?
- Күн жылып, жер бусанып, өсімдіктер өсіп, гүлдер құлпырады. Төл көбейеді, өріске шығады. құстар ұя салып, балапан шығарады. Мамыр айы көктемнің ең сұлу шағы.
- Жарайсыңдар балалар! өте жақсы.
- Балалар біз қай елде тұрамыз?
- Қазақстан Республикасында.
- Жарайсыңдар балалар біз Қазақстан Республикасында тұрамыз, ол - біздің Отанымыз. Отан – Родина. Отан туралы қандай тақпақтар білесіңдер?

Отан туралы тақпақтар:
З. Темірлан: Отан тарих, Отан – тіл
Жасаған елің, ер халқын
Отан - өлкең, Отан – жыр
Көтерген көкке ел даңқын

Сабина: Байтақ дала - туған жердің,
Қымбат маған әр тасы
Өзен - көлі, сама желі
Асқар тауы, баршасы.

Аружан: Алтын дәнді даласы бар,
Ақ күмістей қаласы бар.
Неткен сұлу, неткен көркем
Осы менің туған өлкем.
Балалар Отан туралы қандай мақал - мәтелдер біледі екенсіңдер тексеріп көрейік. Ойын: «Жалғасын тап». Мен бастаймын, ал сен қостайсың.
- Отан оттан да ыстық.
- Отансыз адам - ормансыз бұлбұл.
- Отан – елдің анасы.
- Отан үшін отқа түс, күймейсің.
- Отаным - алтын бесігім.
- Есік қағып Саяхатшы кіреді қолында Қазақстан Республикасының картасы бар. Балалар мен өмір бойы барлық жер шарын кезіп келемін, ал сіздің елде болмаппын. Сізің елмен жері мен қалаларын білгім келеді. Маған көмектесесіңдер ме? ИЯ.
- Ал ендеше Сізді біздің елмен, қалалармен таныстырайық.
Картамен Жұмыс:
- Бұл біздің туып өсіп келе жатқан Отанымыздың, Тәуелсіз, Егеменді еліміздің, Қазақстан Республикасының картасы.
- Қазақстан жері кең, әсем, әдемі. Мұнда көптеген қалалар бар. Онда көптеген халық өкілдері бар, олар өте тату тұрады Орман, көлдері, таулары, пайдалы қазбалары да бар. Енді, әр қалаға тоқталып қандай жер байлықтары бар екенін көрейік.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
24 303
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Табиғат – біздің досымыз
Табиғат – біздің досымыз
Қоршаған ортаға деген көзқарасын кеңейтіп, табиғатты сүйюге, қамқор бола білуге, табиғат байлығын, сұлулығын сезіне білуге үйрету. Балаларды табиғатты аялауға баулу, экологиялық тәрбие беру.
Шуақты көктем
Шуақты көктем
Күн жарқырап, күннің өзі бізді көктем мезгілімен құттықтап тұрғандай. Бүгінгі оқу қызметімізді әдемі бір өлең шумағымен бастағым келіп тұр:
П дыбысы мен әрпі
П дыбысы мен әрпі
П п дыбысы мен әрпін таныстыру. П дыбысы дауыссыз дыбыс екенін ұғындыру
Менің Отаным - Қазақстан
Менің Отаным - Қазақстан
Туған жердің тарихына үңіле білуге, болашақта елдің тұтқасы өзіміз боламыз деген түсінік қалыптастыру. Сөздік қорларын, ой - өрісін дамытып, дұрыс сөйлеуге жаттықтыру.
Жұмбақтар әлемі
Жұмбақтар әлемі
Жамбыл облысы, Тараза қаласы, №4 "Балдырған" балабақшасы Ансатбаева Света
Көбелек
Көбелек
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Жылтыр селосы, «Балбөбек» балабақшасы Қожабергенова Игілік Рыскелдіқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×