Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Отбасы – тәрбие бастауы

06 желтоқсан 2017, Сәрсенбі
Категориясы: Ұстаздарға
Отбасы – тәрбие бастауы

«Ата – ана, ұстаз, қоғам - үшеуі
Тәрбиеге болар басты өлшемі,
Бір тұтасып біріктірсе күштерін,
Тәрбиенің қаланады мектебі».

Тәрбиенің үш мектебі адамның құлқын қалыптастырып, адамгершілік болмысын жетілдіріп, оны бақытты етіп, қоғамға мейірбан нұрын шашады. Адам бойына қандай да бір бейімділік белгілерін егуді емес, оны адамгершілігі тұтас тұлға етіп тәрбиелеуді, тұрақты ізгі қасиеттерін қалыптастыруды көздейді. Адамның кім болмағы, қандай болмағы ата - ана, ұстаз бен қоғамға ғана тәуелді емес, алдымен ол адамның өзіне байланысты. Бірақ адамның бірден жеке тұлға болып қалыптасуы мүмкін емес. И. Гете айтпақшы: «Біз өз бойымыздағы әдеп сезімін дамытуға тиіспіз, өйткені адамдардың ілтипатынан оп - оңай айырылып қалуы мүмкін. Бұл қателігі үшін адам өмірде өте көп зиян шегеді. Өкінішке қарай ұрпақтарын осы ауыр зияннан құтқара алмай келеді». Әдеп адамның өмір сүру дәстүріне байланысты. Сондықтан бала тәрбиенің үш сатысы негізінде өсіп жетіледі. Олар: ой саулығы, тән саулығы, жан саулығы. «Жақсы адам болып қалыптасу үшін жаратылысынан гөрі жаттығудың рөлі зор» деген ежелгі грек философы Демокриттің сөзінен «Ой мен жан тәрбиесі – адамгершіліктің шарапатты негіздері, рухани ұйтқысы, мәйегі» деген қорытындыны шығаруға болады. Жақсы қасиеттер кез - келген адамның жан дүниесінен табылады. Тек оны уақытымен анықтап, өрісін кеңейте білу керек. Адам бойына дарыған қасиеттерін тану барысында келешегіне болжам жасай алады. Әрине, бала дүниеге келісімен өзін - өзі тануға икемсіз. Сондықтан баланың «Менің» қалыптастырып тәрбиелеуге ата - ана міндетті.
Отбасы – адам баласының өскен өнер ұясы. Адам өміріндегі ең қуанышты, қызық дәурені осы отбасында өтеді. Бала өмірінің алғашқы күнінен бастап ата - ана өздерінің негізгі борыштары тәрбие жұмысын атқаруға кіріседі.
Ата – аналардың балалары алдында олардың денсаулығының дұрыс жетіліп өсуін қамтамасыз ету, тәрбие беру, үй болып тұрып ел қатарына қосылып кетуін қамтамасыз ету сияқты міндеттерін орындауы, ал балалары алдында ата - анасын қамқорлыққа алып сүйеніш болуы секілді міндеттері ұштасып жатады.
Бүгінгі таңдағы қоғам ата – аналарға үлкен жауапкершілікті жүктеп отыр. Бүгінгі тәрбие берудің негізгі міндеттерінің өзі «Ең алдымен дені сау, ұлттық сана сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, ар - ожданы мол, мәдениетті, парасатты, еңбекқор, бойында басқа да ізгі қасиеттері қалыптасқан адамды тәрбиелеу» деп көрсетілген Қазақстан Республикасының тәлім - тәрбие тұжырымдамасында. Отбасы тәрбиесінің негізгі мәні отбасындағы өзара ынтымақтастық пен түсінік болып табылады. Балалар ата – анасының еңбектегі ісіне көңіл бөліп, оны түсінуге тырысады. Отбасының берік негізі міне осы рухани мүдденің бірлігінде. Оның біртұтас ынтымақта болуы, береке - бірлігі ең алдымен ата - ана мүддесінің мәні мен мағынасында, әке мен шешенің бір - біріне, балаларына, олардың достары мен жолдастарына деген қарым - қатынасына байланысты болады.
Отбасындағы тіршіліктің дұрыс ұйымдастырылуы, балалардың еңбекқор болуы, әр нәрсеге жауапкершілік сезіммен қарау, адамды құрметтеу сияқты адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуына мүмкіндік туғызады.
Баланың адамдармен қарым - қатынас жасауы, қоғамға енуі отбасынан басталады. Сондай - ақ отбасындағы баланың дамуы мен қалыптасуы үдерісіндегі рөлі де ерекше. Отбасында тұрмыстық белгілі жағдайлар жасалады, сезімдік күйлер орнығады. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» дегендей бала тәрбиесі сәби дүниеге келгеннен басталады. Бала өскен сайын оның тәрбиесі де күшейе түседі. Бала жақсы адам болып өсуі үшін ол күн сайын отбасы мүшелері арасындағы ең жарасымды, ең әділетті қарым - қатынастардың куәсі болуы керек. Отбасы шын мәнінде тату - тәтті, өзара түсінікте болса, одан адамгершілік пен әділеттің көрінісі айқын сезіліп тұрады. Өз ата - анасын сыйлап, құрметтеп үйренген бала өзге ата - аналарды да құрметтей біледі, үлкендер арасында өзін дұрыс ұстап, құрмет пен қамқорлық таныта біледі. Бала негізгі өнегені алдымен отбасында ата - анасынан алады. Әркім өзінің баласын адам болсын демейді, оның тәрбиелі, білімді болғанын қалайды. Еңбексүйгіш, жақсы адам болса, еліне, халқына пайдасын тигізетіндей бір маман иесі, үлкен дәрежелі қызмет иесі болса екен деп тілейді. Жақсы тілек пен ниеттің орындалуына мүмкіндік жасайтын - ата - ананың өзі. Бала тәрбиесі бесіктен басталады. «Балаға білім беру үшін ең алдымен оны тәрбиелеген жөн. Тәрбиесіз берілген білім ертең бір апатқа әкеп соғады» деген – дүниежүзілік білім мен мәдениеттің екінші ұстазы атанған, данышпан, ойшыл, энциклопедист ғалым Әбунасыр әл – Фараби. Баламызды бала – бақшаға жіберіп, «Олар тәрбие береді» деп бар жауапкершілікті тәрбиешіге салып қойғанымыз жеткіліксіз. Баланы балабақшаға берген соң ата - ана тәрбиешімен тығыз байланыста болып, оның дұрыс тәрбие мен білім алуына бірлесе әрекет етуі тиіс.
Айталық, ата - ана өзінің алдына мына төменгідей мақсат қойып, оның жүзеге асуына мән беретін болса, сөз жоқ, ұрпағының тәрбиелі, өнегелі, білімді болып өсуіне жол ашады.
1. Балаға өз қателігін түсінуге мүмкіндік жасау
2. Баланың жақсы мінез, іс – әрекетіне назар аударып, көңіл - күйін көтеру.
3. Ата - ананың өзін - өзі ұстай білуі, бақылай білуі.
4. Балаға дауыс көтеріп жазалауға асықпай, оны түсінуге тырысуы.
5. Баланың тілін түсініп, онымен сырлас, дос болуға тырысу және оның ойы мен пайымдауларына көңіл бөлу.
6. Өз баласын басқа балалармен салыстырмай, дұрыс тәрбие беріп, мінез - құлұқын, іс - әрекетін, қателігін түсінуге мүмкіндік жасай білу.
7. Оның жүйке жүйесі, физиологиялық даму дәрежесіне, адамгершілік, эстетикалық қалыптасуына, жан - жақты жетілуіне көңіл бөлу.
8. Оның шығармашылық қабілетін, ақыл - ойын, сезімталдығын бағалай білу.
9. Оның талап - тілегіне тежеу жасамай еркіндік беріп дүниеге, өмірге деген көзқарасын бақылай білу.
Әрине, баланы дұрыс тәрбиелеуге қатысты кеңестер мол. Ата - аналар оларды тәрбие барысына жүйелі қолдануы керек. Бала еркелігін көтере алмай айғайласуы, енді бірінің өз балаларына тыңғылықты көңіл бөлуге уақыты жетпейді. Тіптен шектен тыс еркелетемін деп бала мінезінің қалыптасуына да кері ықпал етеді.
7 - сыныптағы «Тамырын жайып тереңге» атты ашық тәрбие сабағымда ата - аналарға балаға рухани тәрбие берудегі отбасының рөлі жайлы түсіндіру болды.
Сабақтың міндеті:
1) ата - аналарды өздерінің балаларының жан - дүниесін түсінуге шақыру;
2) бала жанының нәзік екенін ата - аналарға түсіндіру.
Сабақ барысында мынадай әдістемеліктерді қолданым:
«Сенің есімің» әдістемесі
«Ми шабуылы»
«Ән айтайық» жаттығуы
Шығармашылық жұмыс
Сергіту сәті: «Рухани күш» ойыны
«Ана күнделігімен» танысу
«Жүрек жылуы»
Тренинг: «Менің сіз сияқты керемет анаға тілейтінім»
Осы ойды жалғастырушылар болды. Бір – біріне деген жақсы лебіздерін білдірді.
Сыныптан тыс шараларда отбасы мәселелері, ата - аналарымыздың бала тәрбиесіндегі іс - әрекеттері талқыланды.
Ұрпақ тәрбиесінде әрбір отбасы иесі, әрбір әке мен шеше өз еріктерін өздері меңгеріп, отбасы тәрбиесі деп аталатын, мемлекетіміз аса мән беріп отырған әлеуметтік саяси салаға сергек қарап, өз ұрпақтары алдындағы парызын өтеуде төмендегі шарттарды міндетті түрде орындауды ұсынамыз.
1. Отбасы тәрбиесінің мақсаттылығы.
2. Ата - ананың педагогикалық білімі.
3. Әке мен шешенің жақсы үлгі - өнеге көрсету мүмкіндігі.
4. Отбасындағы бірыңғай тәртіптің орны.
5. Отбасындағы қарапайым жағымды психологиялық ахуал.
5 718
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Әлеуметтенудің әлеуметтік - психологиялық аспектісі
Әлеуметтенудің әлеуметтік - психологиялық аспектісі
Адам баласы материалдық және рухани өмірдің ортасында тіршілік етеді де, өзі өмір сүріп отырған қоғамның мүшесі ретінде өзіндік ақыл - парасатымен, жеке бастың өзіне тән ақыл - ой, ерік - жігер, мінез - құлық ерекшелігімен көрінуге тырысып бағады.
Бала – адамның бауыр еті
Бала – адамның бауыр еті
Баланың өмірінде ата - ананың алатын орны ерекше екенін ұғындыру, отбасы мүшелерінің сыйластығын үлгі тұтып, ата өсиетін, әке ақылын санаға сіңіріп, өз өміріне тағылым етуге баулу.
Адамгершілік - адамның нұрлы шуағы
Адамгершілік - адамның нұрлы шуағы
Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа адамгершілік - рухани тәрбие беру. Құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай адамды қалыптастыру оның туған кезінен басталуы керек. Халықта «Ағаш түз өсу үшін оған көшет кезінде көмектесу болады,
Баяндама. Отбасы – тәрбие бастауы
Баяндама. Отбасы – тәрбие бастауы
Тәрбиенің үш мектебі адамның құлқын қалыптастырып, адамгершілік болмысын жетілдіріп, оны бақытты етіп, қоғамға мейірбан нұрын шашады. Адам бойына қандай да бір бейімділік белгілерін егуді емес, оны адамгершілігі тұтас тұлға етіп тәрбиелеуді, тұрақты
Әдептілік әлемінде
Әдептілік әлемінде
Мақсаты: Адамгершілікке, қарапайымдылыққа, кішіпейілдікке, әдептілікке, еңбексүйгіштікке, өз халқының салт - дәстүрін үйрене отырып, жаман әдеттерден аулақ болуға, имандылыққа тәрбиелеу. Адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды ажырата отырып,
Отбасы - тәрбиенің басты ұясы
Отбасы - тәрбиенің басты ұясы
Жезқазған қаласы, № 10 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Батаева Загира Карабековна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×