Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мектепке дейінгі бала тәрбиесіндегі театрдың рөлі

20 қаңтар 2018, Сенбі
Категориясы: Ұстаздарға
Мектепке дейінгі бала тәрбиесіндегі театрдың рөлі

Мектепке дейінгі баланы тәрбиелеу мен дамыту ісіне байланысты мақсаттарды шешуде театр ерекше рөл атқарады. Театр әр балаға қуаныш ұмтылмас әсер сыйлайды, оның көркемдік талғамын, еліктеуі мен қиялын дамытады.
Әдетте адамның жеке басының қасиеттері бес жасқа дейін қалыптасады екен. Сондықтанда да баланың жан - жақты қалыптасуы үшін мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндердің бойына жақсы, жағымды қасиеттерді сіңіре білу керек. Бала әр нәрсеге құмар, қызыққыш, ол өзінің айналасында болып жатқан өзгерісті, тамаша құбылыстарды сезінуге тырысады. Оның жан - жақты дамып, жеке тұлға болып тәрбиеленуіне, тілінің дамуын театрландырылған ойындар арқылы жетілдіруге болады. Ал, театрландырылған ойындарды балалар қызықтап ойнайды. Театрландырылған ойындар желілі рөлдік ойындардан тек желісі ғана емес, сондай - ақ ойнау іс - әрекетінің сипатымен ерекшеленетіні айқындалған. Театрландырылған ойындар ойын – қойылымдары болып саналады, бұл жерде балаларға арналған көркемдік шығармаларды сахналық қойылымдарға айналдырып, оларды кейіпкер ретінде қатыстырудың маңызы зор. Баланы сахнада кейіпкер ретінде ойната отырып, оның жеке тұлғасын жан - жақты дамыту. Оның бойында әдебиетке, мәдениетке, өнерге деген құштарлықты ояту. Бүлдіршіндер сахнада шағын рөлдерде ойнау арқылы байланыстыра сөйлеуге, әдемі киініп, жинақы жүруге, үлкендермен және өзге де балалармен тіл табыса білуге үйренеді. Жетілген диалог балалардың өз пікірін жеткізе білуге жетелейді.
Ойын барысында ойын ситуациясына бейімделу, алғашқы да жекелеген элементтерді, кейінен рөлді толығымен ойнау арқылы баланың ой - өрісі, қиялы дамиды. Рөлді ойнау арқылы өз кейіпкерін алдына елестетіп қана қоймай, бала оның әрекеттерін, сезімдерін сезінеді. Осындай эмоциялық күйлер баланы бұрын байқамаған өмір көріністеріне таң қалдырып, өз сезімін мимика, ым - ишара, тағы басқа көріністер арқылы біреуге үйретеді.
Театрландырылған ойындар балалардың ой - өрісін кеңейтеді, балаларды әңгімеге араласуға, спектакль туралы ата - аналарына, жолдастарына әңгімелеп беруге итермелейді. Бұның бәрі сөйлеу қабілетінің дамуына, диалог түрінде сөйлеуге өзі алған әсерін монолог түрінде сөйлеп жеткізуге септігін тигізеді.

Балабақшадағы театрландырылған іскерлік бағдарламасы: 5 бөлімнен тұрады.
Театрландырылған ойын. Кез келген өмірлік мән жайда өз құрбыластарымен және үлкендермен қарым - қатынас жасай білуге, кез - келген жұмысқа шығармашылық қабілетпен қарауға, эстетикалық сезіммен ойнау арқылы мінез құлқын дамыту. Бұл бөлімдегі ойын 3 - ке бөлінеді:
- дамытушылық
- әсемділік
- театрлық.
Ырғақты иілгішті (ритмопластика)– бұған кешенді (комплекст) ырғақтылық, музыкалық, иілгіштік ойындар мен жаттығулар кіреді. Дене қозғалысының нақтылығымен еркіндігін дамытуда, өзінің денесінің сыртқы қоршаған ортамен байланысқан қарым - қатынасын сезінуге балаларды эстетикалық, психологиялық қабілетін дамытады.
Сөз мәдениеті және техникасы. Ойындар мен жаттығулар сөйлеу логикасы мен дикциясын дұрыс артикуляциясын меңгере білуге, сөйлеу құрылымын еркін айтуға, тыныс алуын дамытуға бағытталған. Бұл бөлімге сөздермен айтылатын ойындар кіргізілген. Бейнелеу арқылы сөйлетуін дамыту, шығармашылық фантазиясын дамыту, шағын әңгіме және ертегі құрастыра білуге үйретеді. Жаттығулар 3 - ке бөлінеді: тыныс алу және артикуляциялық, дикциялы және интонациялы сөздер мен шығармашылық ойындар.
Театр мәдениеті: Балаларға театр өнерінің шынайы сезімдерін меңгерту. Бөлімнің негізгі тақырыптары: театр өнерінің ерекшеліктері, театр өнерінің түрлері, қойылымның жасалуы, сыртқы және ішкі театр, көрермендер мәдениеттілігі.
Қойылыммен жұмыс – жанама бөлім, авторлық сахналауға негізделген. Оған кіретін тақырыптар.
- қойылыммен таныстыру
- қойылымды мазмұндап, талдау, кейіпкерлендіру.
- Қойылымға қажетті құралдар дайындау. Көріністі безендіру.
- Дайындық
Қойылымды сахналау.

БҚО, Теректі ауданы, Сарыөмір аулы
МКҚК «Өркен» балабақшасы
Туякова Динара Дарменқвызы

Мектепке дейінгі бала тәрбиесіндегі театрдың рөлі. жүктеу
6 376
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Балабақша аясындағы театр – рухани тәрбиенің қайнар көзі
Балабақша аясындағы театр – рухани тәрбиенің қайнар көзі
Театрландырылған ойындар ойын - қойылымдары болып саналады, бұл жерде балаларға арналған көркемдік шығармаларды сахналық қойылымдарға айналдырып, оларды кейіпкер ретінде қатыстырудың маңызы зор.
"Драма" сабағының баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуындағы маңызы
"Драма" сабағының баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуындағы маңызы
Атақты педагог Ы. Алтынсарин «Бала кезде үш жастан он екі жасқа дейінгі аралықта әр адам өзінің рухани дамуына қажетті нәрсенің бәрін де ертегіден алады»- деп атап айтқандай қай бала болмасын кішкентайынан анасының өзіне айтқан бесік жырынан бастап,
Ертегі және таныс әдеби шығармалардан үзінділерді сахналауда балалардың рольді сомдау шеберлігін дамыту
Ертегі және таныс әдеби шығармалардан үзінділерді сахналауда балалардың рольді сомдау шеберлігін дамыту
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, №7 «Балдырған» балабақшасының тәрбиешісі Изенова Зухра Жеткергенқызы
Тіл дамыту сабағындағы саусақ  ойындарының маңызы
Тіл дамыту сабағындағы саусақ ойындарының маңызы
Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, № 23 «Балауса» мектепке дейінгі гимназиясының тәрбиеші Шахметова Анар
Мектепке дейінгі балалардың шығармашылық қабілетін театр түрлерін қолдану арқылы дамыту
Мектепке дейінгі балалардың шығармашылық қабілетін театр түрлерін қолдану арқылы дамыту
Ибраева К. М. қазақ тілі мұғалімі «Алтын сақа» балабақшасы КМҚК, Қарағанды қаласы
Баланың жас ерекшелігіне сай даму деңгейі
Баланың жас ерекшелігіне сай даму деңгейі
Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы Онды селосы «Құлыншақ» балабақшасының тәрбиешісі Назира Алиева
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×