Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Баяндама: "Билингвалды білім беру"

22 қаңтар 2018, Дүйсенбі
Категориясы: Ұстаздарға
Баяндама: "Билингвалды білім беру"

Еліміздің тіл туралы заңында көрсетілгендей ҚР - да тілдердің қолданылуының құқықтық негіздерін, мемлекеттің оларды оқып - үйрену мен дамыту үшін жағдай жасау жөніндегі міндеттерін белгілейді. ҚР - да қолданылатын барлық тілге бірдей құрметпен қарауды қамтамасыз етеді.
Тіл мәселесі күштеуді көтермейтіні белгілі. Салмақты саясат сабырмен жүзеге асырылғанда ғана жемісті болмақ. Елбасымыздың қазақстандықтарға халықтың мәдени мұрасын зерделеу, білім беру салаларын дамыту мәселелерін шешуді алға тартып отырып, «мемлекеттік тілде әлемдік ғылыми ойдың, мәдениет пен әдебиеттің үздік жетістіктері негізінде гуманитарлық білім берудің толымды қорын» жасауды атап көрсетті. Қазіргі қазақ тілінің әлеуметтік – лингвистикалық мәртебесі анықталды. Бұл - дүниежүзінде өмір сүретін бүкіл ұлт тілдерімен бір қатарда тұрған қазақ ұлтының тілі. Өркені өскен, сөздік құрамы мейілінше бай қазақ тілі өткен ғасырдың өзінде талай ғалым, оқымыстылардың назарына ілінген. Белгілі филолог Б. Хасанов өзінің көптеген еңбектерінде қазақ тілін білу – республика халқының әлеуметтік қажеттілігі екенін дәлелдеді.

Көптілділік, мультилингвизм, полилингвизм - нақтылы коммуникативтік жағдайдың әсер етуімен белгілі бір әлеуметтік ортада, мемлекетте бірден үш, одан да көп тілде сөйлей білушілік. Мұның өзі жеке адамның көптілділігі және ұлт пен ұлыстың көптілділігі болып бөлінеді. Көптілділіктің үштілді меңгеру дәрежесі сол адамның немесе бүтіндей халықтың өмір сүрген тілдік ортасы, әлеуметтік, экономикалық, мәдени өмірі, тұрмыс - тіршілігі секілді көптеген факторларға байланысты. Қазіргі таңда адам қызметінің барлық салаларында жаһандану үрдісі орын алғандықтан, білім беру саласында қайта қарастырулар жетілдіруде. Сол себептен ақпараттық - коммуникативтік құзырлықпен қатар, полимәдениеттілік бүгінгі уақытта әлемдік білім беру қоғамдастығының кеңістігін қалыптастыратын білім беру құзырлығының басты бағыттарының бірі ретінде анықталды. Көптілді білім - көп мәдениетті тұлғаны қалыптастырудың өзегі. Бүгінгі таңда көп тілді оқыту – жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашатын, әлемдік ғылым құпияларына үңіліп, өз қабілетін танытуына мүмкіндік беретін қажеттілік. Үш тілде оқыту – заман талабы десек, оның негізгі мақсаты: бірнеше тілді меңгерген, әлеуметтік және кәсіптік бағдарға қабілетті, мәдениетті тұлғаны дамыту және қалыптастыру. Қазақ тілі мемлекеттік тіл, ал орыс тілі мен шетел тілдерінің бірін білу тұлғаның ой - өрісін кеңейтеді, оның «сегіз қырлы, бір сырлы» тұлға болып дамуына жол ашады, ұлтаралық қатынас мәдениетін, толлеранттылығын және планетарлық ойлауының қалыптасуына мүмкіндік туғызады. Бұл халықаралық тұрғыда бағытталған тұлғаны тәрбиелеуде тікелей құрал болып есептеледі, яғни өзін өркениетті және тарихи субъект ретінде тани алатын, даму кезінде өз елінің және адамзат тарихын қабылдай алатын, өзі үшін, халқы үшін, мемлекеті үшін, адамзат болашағы үшін жауапкершілік жүгін сезінетін, өзара тәуелділік пен әлем бүтіндігіне, адамзат өркениетінің ғаламдық мәселелерін шешуде мәдениаралық қатынастың қажеттілігін жете түсінетін, адамның азаматтық құқықтарын мойындайтын және саяси бостандыққа ұмтылатын, қоғамдағы гуманизм идеалын жасау үшін басқа адамдармен, қозғалыстармен, қоғамдық институттармен қызмет атқаруға дайындығы мен қабілеттілігін көрсете білетін және де қоғам, адам және табиғат арасындағы ынтымақтастықты қалыптастыратын ұқыпты да тиянақты, білікті маман мен адамды дайындау осы заман оқытушылары мен ұстаздардың алдында қойылатын үлкен заман талабы деп білуіміз керек. Елбасы Н. Ә. Назарбаев өзінің жылдағы дәстүрлі Жолдауында «Тілдердің үш тұғырлығы» мәдени жобасын іске асыруды жеделдету тиістігіне ерекше мән береді. Сонымен қатар бүкіл қоғамымызды топтастырып отырған мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілін оқытудың сапасын арттыру қажеттілігіне ерекше назар аударады. Сондықтан қазақ тілін тереңдетіп оқыту, сонымен қатар көптілділікті меңгеруді жолға қою - бүгінгі таңдағы орта білім жүйесінде педагогикалық үрдістің негізгі бағыттарының бірі. Әлемдік білім беру іс - тәжірибесінде көптілді және билингвалды білім беру жаңалық емес. Ғылыми әдебиеттерде көптілді және билингвалды білім беру ұғымдарына көптеген анықтамалар берілген. Олардың ішінде біздің тәжірибемізге ең сәйкес келетін нұсқалары төмендегіше болады:

- Көптілді білім беру - бұл мектепте оқу пәндерін екі немесе одан да көптілде аудармасыз оқыту;
- Билингвалды білім беру - оқу және оқудан тыс жұмыстардың негізгі бағыттарын екі тілде іске асыру, педагогикалық үрдісте екі тілді оқыту құралы ретінде пайдалану.
Көптілді және билингвалды білім беруде оқу - тәрбие үрдісінен күтілетін нәтижелер мыналардан тұрады:
- Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті орта білім стандарттары талаптары деңгейінде қалыптасқан білімдерін ана тілі, мемлекеттік тіл, орыс тілінде еркін білдіретін мектеп бітірушісі;
- Бітірушінің көптілді коммуникативтік және ақпараттық құзыреттілігі;
- Көп мәдениетті, рухани - адамгершілік, ұлтаралық қатынастар мәдениетінің жоғары деңгейі;

Баяндама: "Билингвалды білім беру". жүктеу
3 281
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Тіл мерекесіне арналған сынып сағаты
Тіл мерекесіне арналған сынып сағаты
Оқушыларға мемлекеттік тілдің өркендеп, оянуына, мемлекеттік тілімізді сүюге, мемлекеттік тілді аяққа баспай, мәртебесін биік ұстау жөнінде, әр ұлттың өзіндік ерекшеліктері, салт - дәстүрі, діні, тіл ерекшелігі болатынын түсіндіру.
Үштілділік - рухани жаңғыру
Үштілділік - рухани жаңғыру
Әлемде қанша ұлт, нәсіл болса, соларды бір - бірінен даралап тұратын басты бойтұмары – туған тілі. «Әр халықтың ана тілі – білімнің кілті»,- деп Ахмет Жұбанов тілдің адамзат өміріндегі маңызын аша түскен.
Қазақстан халықтарының тілдері күні
Қазақстан халықтарының тілдері күні
Астана қаласы, №10 «Бөбек»балабақшасы Ботакоз Сағындыковна Аяпбергенова
Тілге құрмет - елге құрмет
Тілге құрмет - елге құрмет
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы Тұрмағамбет ауылы, №29 мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Бектасова Айымжан Дастанбекқызы
12 жылдық білім беру жағдайында мектепке табысты даярлау факторы ретінде баланың тұлғалық дамуы
12 жылдық білім беру жағдайында мектепке табысты даярлау факторы ретінде баланың тұлғалық дамуы
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Қармақшы ауылы, №113 «Қаракөл» қазақ орта мектебі директордың бағдарлы ісі жөніндегі орынбасары Байсалбаев Дархан Абдуллаұлы
Жұмыстық оқу бағдарламаларын, оқу жоспарларын әзірлеуде оқу орындары мен мемлекеттік, жеке меншік, әріптестік қатынастардың ықпалдастығы
Жұмыстық оқу бағдарламаларын, оқу жоспарларын әзірлеуде оқу орындары мен мемлекеттік, жеке меншік, әріптестік қатынастардың ықпалдастығы
Қазақстанның әлеуметтік саясатында білімді дамыту мәселесі ерекше орын алып отыр. Білім берудегі мемлекеттік саясаттың негізгі принциптері мен бағыттары Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында айқындалған.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×