Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


«Мұғалім - мәртебелі мамандық» эссе

23 тамыз 2023, Сәрсенбі
Категориясы: Ұстаздарға
«Мұғалім - мәртебелі мамандық»
Эссе
... Ұстаз!
Осы бір сөздің әр әрпі теңдессіз құдіретпен сиқырланған сияқты. Бес әріпті сөз қанша баланың сауатын ашып, қанша адамның тағдырына себепкер болды екен?! Бұл сұрақтың жауабы ғасырдан ғасырға, мыңжылдықтан мыңжылдыққа, жылдардан жылдарға ұласады. Себебі, ұстаздың барша адамзатқа ғасырлар бойы сіңірген еңбегі теңдессіз деп білемін.
Білімді де білгір шәкірт тәрбиелеу ұстаздан басталары сөзсіз. Бұл киелі ұғының астарында білімділік те, шеберлік те, мейірімділік те, зерделік те жатқан жоқ па? Иә, адамның жан дүниесін түсініп, ренжітпей, қателігін сездіре білу – бұл нағыз шеберлік емес пе?! Адамдықтың диқаншысына айналған ұстаз бала тәрбиелеудің, жеке тұлғаны қалыптастырудың бағбаны. Кіршіксіз, пәк сезімді жас ұрпақты арман жолына жетелейтін де, білімнің қия шыңына көтеретін де ұстаз. «Ұстазы жақсының – ұстамы жақсы» деп ғажайып дүниенің сырын ашқан, өмірдің қыр - сырын меңгеретін де ұлық тұлғалар. Ендеше ұстаз білімнің отын жағып, бал - шырын нәрін шәкірт бойына сіңірудің әдіс - тәсілдерін жетік меңгерген мұғалім болу - адам бойындағы ұлы қасиет. Ол жүректің батырлығын да, сезімнің ақылдылығын да, мінездің жайлылығын да, білімнің байлығын да топтастырып, бір арнаға тоғыстыратын, бір сөзбен айтқанда ұстаз - асыл қасиеттердің жиынтығы.
Мұғалім - Мектеп - Шәкірт...
Ал бұл сөздер кез - келген адамның санасында жылдар бойы жатталып, жүректерін елжіретер қуатты күш. Осы ұғымдардың арасындағы жіпсіз байланысты әлемнің небір мықты өнертапқыштары да ажырата алмайды. Себебі, бұлар ешқашан бір - бірінен ажырамайтын, бір - бірін үнемі толықтырып тұратын, бірінсіз бірі өмір сүрмейтін киелі ұғымдар.
«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деп ұлы Абай атамыз айтқандай, менің де осынау қастерлі мамандықтың иесі атанғаныма 10 жыл болды. Мұғалім мамандығын таңдауыма ең бірінші ұйытқы болған адам менің ұстазым - Исабаева Шайда Жәймергенқызы! Демек, қарапайым ауыл мектебінің мұғалімі маған, шәкіртіне, «ҰСТАЗ» деген ұлылықты таныта білген ғой. Бала кезден бері «нағыз ұстаздың» қалыптастырған бейнесі санамда мәңгілік жатталып, кейін өмірлік жолымның басты арнасына айналды. «Ұстаз» атты қастерлі ұғымның қасиетін ұғындырған дара жанға бас иемін.
Қазір менің мамандығым - мақтанышым. Қиындығы мен қызығы, ауыртпалығы мен жауапкершілігі қатар жүретін осы еңбектің жолындағы педагогикалық ұстанымым – үнемі жаңалыққа ұмтылып, алдыңғы қатардан көріну және әр оқушымның бойынан жылт еткен жақсылықты, талап пен талантты тауып, бұлақтың көзін ашу, биікке жетелеу, сондай ізденістер арқылы биік мақсаттарды орындау. Өскелең ұрпақты биік мақсаттарға жетелеу, өз бойында бүкіл адамзаттық құндылықтарды жинақтаған, өз өміріне өзі басшылық жасап, өзін - өзі дамытатын тұлғаны тәрбиелеу - бүгінгі білім беру ұйымдарының алдына қойған міндеттерінің бірі. Осы міндетті іске асыру тетігі ұстаздарға байланысты. Іскер, жаңаға жаны құмар, үздіксіз ізденіс үстіндегі мұғалім ғана оқушыға сапалы білім бере алады.
Қазіргі ақпарттық технология дамыған заманда талап қатаң, ал оқушыға берілетін білім де терең. Сондықтан жаңашылдықтың дәуірін басынан кешіріп жүрген талантты да, талапты оқушыны тәрбиелеуде, осындай жаңа даму үрдісі алға басып отырғанда Елбасымыздың сөзін әрқашан есімізде сақтауымыз қажет. «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр», – деген еді. Қоғам тұлғаны қаншалықты жетілдірсе, жетілген тұлға соншалықты дәрежеде дамытады. Сондықтан қоғам дамуында білім беру ең маңызды болып табылады.
Мен өз тәжірибемде ағылшын ағартушысы Уильям Уордтың қаннатты сөзін қолданамын:
Жай мұғалім хабарлайды,
Жақсы мұғалім түсіндіреді,
Керемет мұғалім көрсетеді.
Ұлы мұғалім шабыттандырады.
Әр сабағымда оқушыны тақырыптан хабардар етіп, өмірмен байланыстыра отырып түсіндіру, сол тақырыпты бейнежазба, аудиожазба, интерактивті тақта немесе кез - келген ақпарттық технология көмегімен көрсетіп, оқушы санасына әсер ету, кез - келген баланың талабына қуанып, қолдау көрсету - менің міндетім! Қазақ тілі және әдебиеті сабақтарындағы басты мақсатым - әр сабағымда оқушының бойында зерттеушілік дағдыларды дамыту. Сабақ барысында Кембридж технологиясының сараланған тәсілдер жиынтығын қолдану - жетістікке жетуімнің бірден - бір жолы. Атап айтар болсам, «Балық қаңқасы», «Фрайер моделі», «SWOT» талдау жүргізу, «POPS» формуласын толтыру, шығарманы сатылай кешенді қарапайым талдау, сыни тұрғысынан ойлау технологиясының элементтері арқылы, сондай - ақ эссе, сипаттау, образды ашу оқыту әдістерін пайдалану негізінде оқыту. Бұл әдістермен жұмыс жасау арқылы оқушы бойында пәнге деген қызығушылық қалыптасады және кез - келген оқушы тақырыпты өздігінен зерттеп, таниды, ғылыми тілмен анықтама беріп, нақты мәліметтерді жинақтайды. 7 жылдық еңбек жолымда әр түрлі оқушылармен жұмыс жасадым. Талантты, қабілетті оқушының дарынын шыңдасам, әр балаға білім нәрін себуге тырыстым. Өйткені, әрбір мемлекеттің өсіп өркендеуінің, бәсекеге қабілетті болуының ең маңызды ошағы – ұстаз берген білімде. Сондықтан, әр мұғалім өзіне жүктелетін міндетті жауапкершілікпен атқарып, жас ұрпақ тағдырына, болашағына жанашырлықпен қарауды түсініп, «ҰСТАЗ - ең ұлы мамандық» екенін ұғынуы тиіс!

Шокаева Аигерим Алтынгазиевна
М. Әуезов атындағы ЖОББМ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
2 459
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Менің оқыту философиям
Менің оқыту философиям
Дүниедегі мамандық атаулының төресі – ұстаз. Ұстаз - ол барлық мамандық иесін тәрбиелейтін, оқытатын мамандық. Ұстаз берген тәрбие әрбір жанның өміріне жол сілтер шамшырақ секілді.
Ұстаздар - ұлы тұлғалар. Ұстаздар мерекесіне арналған мерекелік шара
Ұстаздар - ұлы тұлғалар. Ұстаздар мерекесіне арналған мерекелік шара
Ұстаз болу – жүректің батырлығы, Ұстаз болу – сезімнің ақындығы, Ұстаз болу – мінездің күн шуағы, Азбайтұғын адамның алтындығы – деп ақын Ғафу Қайырбеков ағамыз жырлаған.
Ұстаз – ұлы тұлға
Ұстаз – ұлы тұлға
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Майдакөл ауылы, №98 орта мектептің мұғалімі Изтлеуова Замзагүл
Эссе. Қазіргі заман мұғалімі
Эссе. Қазіргі заман мұғалімі
Ғафу Кайырбековтың өлең жолдарын оқығанда, мен өзімді бақытты сезінемін. Ұстаз болғаныма мақтанамын. Өйткені ұстаз – мақтан тұтар мамандық. Киелі әрі өте көне мамандық.
Ұстаздық – киелі де, мәртебелі мамандық
Ұстаздық – киелі де, мәртебелі мамандық
Ақтау қаласы, М. Әуезов атындағы №20 жалпы білім беру орта мектебі Беккожина Нуржамал
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×