Менің оқыту философиям
Менің оқыту философиям
Дүниедегі мамандық атаулының төресі – ұстаз. Ұстаз - ол барлық мамандық иесін тәрбиелейтін, оқытатын мамандық. Ұстаз берген тәрбие әрбір жанның өміріне жол сілтер шамшырақ секілді. Қай маманның иесін алып қарасақта барлығы ұстаздың алдынан білім, тәрбие алған. Сондықтан барлық адам баласы ұстаздардың алдында басын иеді.Мен жас маман ретінде ұстаздық жолым әлі қалыптасып жатыр деп түсінемін... Педагог қанша жерден білімді болсада, заман талабы бойынша адамдардың көзқарасыда өзгеріп жатыр және соған орай адамдардың талабы қояр сұрағыда өзгеріп жатыр.
Ұстаздың ең басты сыры – баланың жүрегі мен жанын түсіне білу. Бала жүрегі кіршіксіз таза, сол жүректі ұстаз одан әрі жақсылық пен мейірімге, білімге толтыра білу керек. «Дүниедегі ғажайыптардың ішіндегі, ең ғажайыбы - жақсы тәрбиеленген адам» - деп даналарымыз айтқандай, дұрыс адам тәрбиелеу - бүгінгі ұстаздың басты міндеті.
Менің қазіргі ұстаздық жолым №40 жалпы білім беретін мектепте ағылшын тілі мұғалімі ретінде өтіп жатыр. Сонымен қатар 10 «Ә» сыныбының жетекшісімін. Өмірдегі ең қиыны, әрі ең қызығы адаммен қарым – қатынас жасау екенін, мектептегі педагогикалық үрдіс барысында білдім. Бала жаны таза тақта болса, сол тақтаға ұстаздың не жазуына байланысты алдында отырған оқушы, ертеңгі үлкен азаматтың тағдыры соған байланысты. Осындай жағдайларды сараптай келе, ұстаздың жауапкершілігі ұлт алдында, ұрпақ алдында орасан зор.
Ұстаздықты жүрегімен сезінген адамға ұстаз - киелі мамандық. Мен педагог ретінде оқушыларды тәрбиелеуде халқымыздың ғасырлар бойы келе жатқан ұлттық құндылықтары мен салт - санасын бойына сіңіріп, ойына ұялатуға тырысамын. Адам тәрбиелеу оған ғылыми негіздермен мәлімет беру, баланы өмір сүруге үйрету - өте қиын екені белгілі. Мұғалім өз баласынан бұрын өзгенің баласы үшін жаратылған жан деп бекер айтылмаса керек.
Менің мамандығыма деген қызығушылықтың, дұрыс көзқарастың қалыптасуына әріптес ұстаздарымның рөлі ерекше. Ұжымдағы тәжірибелі педагогтардан үлгі - өнеге аламын. Менің бір түсінгенім әр таңда жұмысына, мектепке, оқушыға асыға жеткен ұстаз, ол – үлкен жүректі ұстаз.
Жаңалықтар
Мамандығым мақтанышым
Мамандық – қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі. Өмірде тек екі нәрседен қателеспеу керек.
Эссе: Менің қызығушылықтарым
қазіргі кезде мектепте жас ұрпақ тәрбиесі, оның жеке тұлғасының жаңаша қалыптасуы, әлеуметтік дүниеге көзқарасы алдымен мұғалімге байланысты
Ұстаз еңбегі - ұлы еңбек атты оқушылардың аудандық ғылыми - тәжірибелік конференция
Білім саласына еңбегі сіңген Гүлжамила апайдың есімін, өзгелерге таныстыру
Ұстаздық еткен жалықпас Эссе
Дүниедегі мамандық атаулының төресі – ұстаздық. Әсілі, мұғалім барлық мамандық иесін тәрбиелейтін, оқытып үйрететін мейірімді абзал жандар.
Ұстаздық – киелі де, мәртебелі мамандық
Ақтау қаласы, М. Әуезов атындағы №20 жалпы білім беру орта мектебі Беккожина Нуржамал
Менің алғашқы ұстазым
Кусаинова Самал Кемельевна Саға мектеп – бала бақшасы мектепалды даярлық топ тәрбиешісі
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.