Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ұстаздық – киелі де, мәртебелі мамандық

16 ақпан 2015, Дүйсенбі
Категориясы: Ұстаздарға
Ұстаздық – киелі де, мәртебелі мамандық

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: «Болашақты еңбек етіп, өмір сүретіндер - бүгінгі мектеп оқушылар, мұғалім оларды қалай тәрбилесе, Қазақстан елінің болашағы да сол деңгейде болады. Сондықтан да ұстазы жүктелетін міндет өте ауыр»- деген болатын.
Сол, ұстаз - жас ұрпақтың рухани сәулеткері, қоғам өзінің үміті мол болашағын тапсыратын сенімді өкілі. Олар сол сенімді ақтай отырып, зерделі де зерек, парасатын, ұлттың және адамзаттық құндылықтарда бойына дарытқан тұлғаларды тәрбиелеуде деп білемін. Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан да, мал бағып терін төккен шопан да, көк күмбезінен әрі өткен ғарышкер де бәрі - бәрі ұстаздан білім, тәлім алған. Сондықтан ұлағатты ұстаздарға бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді.

Қазақ мектебінің болашағы туралы М. Жұмабаев «Әрбір елдің келешегі мектебіне байланысты» деп айтып кеткендей тәуелсіз Қазақстан Республикасының тарихи әлеуметтің мәдени болмысын дамытуға, қоғамдық өмір мен ұлтының мектепті қалыптастырудағы ұстаздардың еңбегі өте зор.
Ұстаздардың еңбегін тек оқушылар ғана бағаламаған, олардың алдында ұлы жазушыларда бас иіп, өлең жырларын арнады емес пе?

Ұстаз деген – ерекше тұлға дара шың,
Ұмытылмастай өмірде мәңгі қалатын.
Ұстау деген – аяулы адам, асыл жан,
Шәкірт көңіліне күй болып жайнап шататын.

Шәкірттерін азамат қып саналы,
Ұстаз ана - дана бола алады,
Ең бастысы ұстаз мына өмірде,
Ұлағат боп қалады.
Ұстаз - жасөспірімдерді іскерлікпен ұйымдастырып басқарушы, мамандығын жетік меңгерген білімпаз шебер оқытушы, жүрек жылуымен оқушы жан дүниесін нұрландырып, тәсілдер үйретуші - рухани сәулеткер, болашаққа жол сілтер ең жақын ақылшы - екінші ата - анасы, көмектесіп жетектеуші, кеңес беріп ескертуші, демеп ынталандырушы, үлгі - өнегесімен тәрбиелеуші, нәзік психолог, ізденімпаз - жаңашыл, жасампаз еңбекқор қасиеттері бар бойына дарыған ең басты асыл тұлға.

Әрбір жеке тұлғаның болашағы мектебінде шыңдалады. Мектепте берілетін білім - барша әлем тыныс - тіршілігінің алғашқы іргетасы. «Ел болам десең бесігіңді түзе» дейтін болсақ, біздің тербеткен бесігіміз – мектеп. Мектеп – білім тірегі, ұстаз оның жүрегі. Ендеше, мектептің басты тірегі де, жүрегі де – мұғалім.
«Нағыз ұстаз өзінің білімділігімен, жүріс - тұрысымен, жайдары мінезімен, тіпті сырт - пішіні, киген киімімен де шәкіртке жақсы мағынада қатты әсер етеді»- деген Мәлік Ғабдуллиннің сөзінен көп нәрсе аңғаруға болады.

Қазіргі заман мұғалімінің мәртебесі өзінен дүние емес, ол - көп еңбектенуден туындайтын күрделі мәселе. Ұстаз білімді, білікті, ибалы, ақылды болса мәртебелі болады.
«Еліміздің ертеңі – бүгінгі жас ұрпақтың қолында, жас ұрпақтың тағдыры ұстаздың қолында» демекші, өскелең ұрпақты мәртебелі ұстаздар тәрбиелесе, ел ертеңі де жақын болары сөзсіз.
7 950
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ұстаз деген ұлағатқа бас иеміз
Ұстаз деген ұлағатқа бас иеміз
Ұстаздардың қадір – қасиетін түсіндіре отырып, қазіргі заманда қоғам үшін еңбек етіп жүрген ұстаздарды таныту. Оқушылардың өлең шумақтары арқылы ой - өрісін кеңейту, ойлау қабілетін дамыту.
Ұстаздық еткен жалықпас Эссе
Ұстаздық еткен жалықпас Эссе
Дүниедегі мамандық атаулының төресі – ұстаздық. Әсілі, мұғалім барлық мамандық иесін тәрбиелейтін, оқытып үйрететін мейірімді абзал жандар.
Ұстазы жақсының ұстамы жақсы
Ұстазы жақсының ұстамы жақсы
Құрметті ұстаздар! Сіздерді бүгінгі мұғалімдер күні мерекелеріңізбен құттықтай отырып, ұстаз деген ұлағатты қызметтеріңізге шығармашылық табыстар тілейміз. Жанұяларыңызды бақытқа бөлеп, шәкірттеріңізді білімнің биік шыңдарына жетелей беріңіздер!
Алғашқы мұғалім
Алғашқы мұғалім
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті Ы.Алтынсарин атындағы № 204 орта мектепте бастауыш сынып мұғалімі Сулейменова Гульмира
Ұстаз - мектептің жүрегі
Ұстаз - мектептің жүрегі
Сабақтың мақсаты: Ұстаздар күнінде оқушыларға ұстаздықтың қиын да қажырлы еңбек екенін білдіріп, ардақты да аяулы ұстаздарын құрметтеуге, еңбектерін бағалауға, адамгершілікке тәрбиелеу.
Ұстаздық ұлы жол
Ұстаздық ұлы жол
Ұйғыр аудандық білім бөлімінің әдіскері Гүлзия Алшынова
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×