Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Педагог имиджі

16 тамыз 2013, Жұма
Категориясы: Ұстаздарға
БАЯНДАМА


ТАҚЫРЫБЫ: "ПЕДАГОГ ИМИДЖІ"


Қазіргі заман педагогтың кәсіби іс - әрекетінің табысты болуы көбінесе имиджге байланысты.
Болашақта мектеп мұғалімі қандай болуы тиіс екенін түсіну үшін, бүгінгі күні орта білім беретін оқу орындарында жас ұрпақты оқытып және тәрбиелеп жүрген мұғалім бейнесін қайта қарауымыз керек.

Бұл орайда тілге тиек болатыны, педагогтардың біліктілігінің төмендігі, шәкірттермен арадағы педагогикалық әдептілік негіздері

қарым - қатынастардың қажырлығы және оның барлық уақытта сақтала бермеуі. Сондықтан, мұғалімге тән педагогтық қарым - қатынас әрекетінің мәні мен мазмұнын ашып, ұстаздарға оның негізгі сапаларын қалыптастыруымыз қажет сияқты. Сонымен XXI ғасыр педагог имиджіне тоқталатын болсақ, имидж – ағылшын тілінен аударғанда «бейне», «кейіп» деген мағына береді.

Ұстаздардың арасында айналасындағыларға өзі туралы жақсы әсер қалдыруды маңызды санамайтындар да бар. Тіпті, кейбір педагогтар имидждің маңыздылығына сенбейді.

Басқа мамандық иелеріне қарағанда мұғалім мамандығы ерекше, ол әрдайым үлкен аудитория ішінде және көпшілік көз алдында.
Сонымен имидж – сіздің бойыңыздағы талантыңыздың жарқырап ашылуы, өзіңіз туралы жақсы пікір қалыптастыру жолы. Әлемдік өркениеттің стандарттарын ұсынатын американдық психологтардың пікірінше, тамаша табыс феномені – адамның имиджі мен оның карьерасымен тікелей сабақтас.
Егер олай болмаса, қолдан жасалған имидждің көмегі тимесі анық. Сондықтан да кәсіби мамандығын
жан - жақты меңгерген педагог қана жоғары бағаланып, әріптестері мен шәкірттерінің ыстық ықыласына бөленбек.
Жалпы, адамдардың 85%- ы бізбен танысқан алғашқы бес секундта қалдырған сыртқы әсер бойынша баға береді деп есептелінеді.
Сол себепті педагогқа өзін көрсете білу, ұнау, өзі туралы жақсы пікір қалдырудың маңызы зор.

Тартымды имидж:
- Айналасындағы адамдардың көңілін аулау кепілі;
- Кез келген жұмыста жетістікке жетудің негізгі шарты.
Егер оқушылар мұғалімнің жеке тұлғасына қызықпаса пәнге деген қызығушылығы да болмайды деген байламға келуге болады.

Себебі, баланың өмірінің жартысы оларға білім ғана беріп қоймай, сонымен қатар оларды тәрбиелейтін және жеке тұлға ретінде қалыптастыратын мектепте өтеді. Әлеуметтік және балалық шақтан алған әсерлер мен тәжірибелер үлкен өмірге өтуіне әсер етеді. Мұғалімнің жеке басы оқушының жеке тұлға болып қалыптасуына көмектеседі. Ақпараттың басым бөлігін біз көру арқылы аламыз, сондықтан да біздің тартымды бейнеміз өте маңызды. Оған ұқыптылық, іскерлік стиль, мәнер, әдеп, күлкі жатады. Ұстаз өзін қалай көреді және оны оқушылары қалай елестетеді? Мектеп әкімшілігі мен оқушылар сыйлау үшін және іс оңға басу үшін не істеу керек? Бар мәселе имиджде.
Имидж құрылымы:

- сыртқы бейне;
- вербалды және вербалды емес қарым - қатынасты пайдалану құралы;
- ішкі «Мен» сезімінің кәсібіне сәйкестігі.

Сыртқы имиджді құраушыларға:
- мимика,

- дауыс күші мен тембрі,
- костюм,
- қимыл,
- мәнер.
Айналаңыздағы адамның санасындағы сіздің бейнеңіз туралы көзқарас. Ол сізбен жүздесуден кейінгі сыртқы кейпіңіз бен өз - өзіңізді ұстауыңыздың тәрбиелік мәні мен сөйлесу мәнеріңіз арқылы қалыптаспақ. Сыртқы бейнеміздің үйлесімді әсер қалдыру үшін вербалды және вербалды емес қатынас қажет:
• Мәнерлі сөйлеу
• Көндіре білу
• Стиль мен киім түсінің психологиялық әсерін білу
• Тұрған тұрысқа, мимикаға және мәнерге көңіл бөлу
• Шыдамдылық
• Көргіштік

Қазіргі қазақ қоғамында ұстаз мамандығы өзінің мәртебесін жоғалтып отыр, оны өзімізге қайтарып алу керектігінше күмән жоқ. Әрине мемлекет тарапынан қолдау көрсетілу керек.
Бірақ ұстаздың имидждің және ата - аналар мен оқушылардың педагогқа деген көзқарасын тек экономикалық фактор ғана анықтай алмайды ғой. Осыған орай педагогтың өзі не істей алды?
Бұл сұраққа жауап іздейтін болсақ, онда былай жауап берер едік.

Педагогтың мәртебесі мен беделі оның жеке имиджіне байланысты.
Жалпы имидждің құрамына төменде көрсетілген элементтерді жатқызуға болады:
- Қызметтік қарым - қатынас этикеті ( корпоративтік ережелерді ұстану)
- визуальді белгілер - бойдың, дене бітімің, шаш үлгісінің үйлесімділігі.
- Өзіне сәйкес стильді анықтайтын элементтер: киім, аяқ киім, аксессуарлар
- тіл табысу білу қабілеті ауызша және жазбаша тілдесу, дауыс ерекшілігі.

Сонымен, педагогтың имиджі мынандай құрамнан тұрады:

Жеке және тұлғалық қасиеттер
Коммуникативтік қасиеттер
Кәсіби іс - әрекеттің және мінез - құлықтың ерекшеліктері.

Жаңа қоғам педагогтың имиджіне жаңа талаптар қояды, бірақ замандар бойы ұстаздың бойында өзгермейтін мынандай қасиеттер бар:
- балаларды жақсы көру
- мейірімділік
- шынайылық
- тілдесе алу икемділігі
40 147
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Педагогтардың кәсіби күйіп кетуде алдын алуға психологиялық қолдау (шебер класс)
Педагогтардың кәсіби күйіп кетуде алдын алуға психологиялық қолдау (шебер класс)
Педагог - психологтың педагогтардың кәсіби дамуына қолдау көрсету жұмыстарын жүйелі түрде ұйымдастыру.
Педагог  - шығармашылықпен өзін- өзі дамытушы тұлға
Педагог - шығармашылықпен өзін- өзі дамытушы тұлға
Қазіргі заман талабына сай мұғалім болу ең жауапты, ең күрделі, ең зиялы мамандық болып табылады. Себебі, ол адамды қалыптастыруға, дамытуға бағытталған зор жауапкершілікті қажет ететін мамандық.
Жаңа ақпараттық технологияны пайдалану заман талабы
Жаңа ақпараттық технологияны пайдалану заман талабы
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Жалаңтөс баты ауылы, Қ. Пірімов атындағы № 103 орта мектептің бағдарламашысы Култанова Куншара Сериковна
Педагогтің коммуникативті мәдениеті
Педагогтің коммуникативті мәдениеті
ШҚО, Ұлан ауданы, Мамай батыр ауылы, М.Ломоносов атындағы орта мектеп бастауыш сынып мұғалімі Абраимова Нургул Сеитжапаровна
Дресскод
Дресскод
Ұстаз болу – жүректің батырлығы, Ұстаз болу – сезімнің ақындығы, Ұстаз болу – мінездің күн шуағы, Азбайтұғын адамның алтындығы Мұғалім бақыты – шәкірт құрметі, - деп ақын Ғ.Қайырбеков жырлағандай, сөзі маржан, үні ән, осындай қасиетті де қадірлі
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×