Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Педагогтардың кәсіби күйіп кетуде алдын алуға психологиялық қолдау (шебер класс)

20 шілде 2019, Сенбі
Категориясы: Ұстаздарға
Қарағанды қаласы
№41 жалпы білім беретін орта мектебі КММ
мектеп психологі Далдабаева Аманкуль Бейсенбековна

Педагогтардың кәсіби күйіп кетуде алдын алуға психологиялық қолдау (шебер класс)

Қазіргі заман мұғалімі тек өз пәнінің терең білгірі болу емес, тарихи - танымдық, педагогикалық - психологиялық сауатты, саяси - экономикалық білімді және ақпараттық - коммуникациялық білімді және ақпараттық – коммуникациялық технологияны жан - жақты меңгерген ақпараттық құзырлы маман болу керек.
Мақсаты: Педагог - психологтың педагогтардың кәсіби дамуына қолдау көрсету жұмыстарын жүйелі түрде ұйымдастыру.
өздеріне деген сенімділіктерін анықтау, мақсаткерлік, кешірімділік туралы ойларын жетілдіру
Кілтті сұрақ: Педагогтардың кәсіби дамуына психологиялық қолдау көрсету
Түйінді сөздер: педагог, педагогикалық ерекшелігі, кәсіби даму түрлері, шығармашылық, мүмкіндік
Шебер – класс кредосы:
• Өзгені тыңда!
• Өзіңді тыңдат!
• Мүмкіндікті пайдалан!
• Уақытты сыйла!
• Ойыңды ашық айт!
• Өзгенің пікірі құнды!

І. Кіріспе бөлім «БІЛУ»
Бірінші қадам: «Гүл теру» жаттығуы арқылы топқа бөлу
Екінші қадам: «Миға шабуыл»
Постер:
- Мақсат қоя білу; өз алдына кәсіби мәнді мақсат пен өзіндік даму міндеттерін қою;
- Жоспарлау: өзіндік даму құралдары мен әдістерін, әрекеттері мен тәсілдерін таңдау;
- Өзіндік бақылау: өзіндік дамудағы қадамдар мен нәтижелерді салыстыру;
- Түзету: өзімен жүргізілген жұмыс нәтижелеріне қажетті түзетулер енгізу.
Сонымен, «миға шабуыл» әдісі арқылы анықтаған бүгінгі шебер класымыздың тақырыбы айқындалды. Олай болса, Сіз бен біздің бірлесе жұмыс жасайтын шебер класымыздың тақырыбы: Педагогтардың кәсіби күйіп кетуде алдын алуға психологиялық қолдау яғни, «Педагог» туралы ұлы ойшылдардың даналық ойларын көрелік:
Сухомлинский сөзі: “Мұғалімдік мамандық – бұл адамтану, адамның күрделі және қызықты, шым – шытырғы мол рухани жан дүниесіне үңіле білу. Педагогикалық шеберлік пен педагогикалық өнер – ол даналықты жүрекпен ұға білу болып табылады.
Бүгінгі қазақстандық мектептерге қоғамның қарқынды дамуына ілесе алатын, заман талабына сай ойлайтын, ғылыми - әдістемелік білімі жеткілікті, педагогика мен психологияны терең меңгерген ізденімпаз мұғалім қажет. Бұл мұғалімнің кәсіби шеберлігінен көрінеді. Басқаша айтқанда, білім беру үдерісі мұғалімнің дайындық деңгейі мен мамандық сапасына үлкен талап қояды. Ол мұғалімнің өзін - өзі дамытуына, өзіндік білім алуына және өздігінен шығармашылық түрде қызметтерін іске асыруға мүмкіндік береді. Мұғалім – бүгінгі оқушы – ертеңгі қоғамның, елдің тірегін өмірге дайындаушы.
Кәсіби мұғалім - құзырлығы жоғары, әлеуметтік тұрғыдан жетілген, әдіс - тәсілдерді меңгерген, шығармашылықпен жұмыс істейтін, өзін - өзі кәсіби жетілдіруге ұмтылған маман. Мұғалім, Педагог мамандығы, зиялылар ішіндегі көп топтасқан мамандықтардың ірі тобына жатады. Білім беру жүйесінде педагогтар мемлекеттік қызметкерлер болып табылады. Педагог өз мамандығының сапасын, біліктілігін арттыруды психологиялық тұрғыдан қамтамасыз етуі үлкен роль атқарады. Педагогтың іс - әрекеті көбінде оның кәсіби шеберлігінің кеңістігіне қатысты, педагогикалық қарым - қатынас механизмдеріне, оқушылардың (студенттердің) психологиялық ерекшеліктерінің табиғатына да байланысты. Педагогикалық іс - әрекеттің дамуының жоғары деңгейі мынада – педагог өзін - өзі дамыту механизмдерін қалыптастыруға мақсат қояды және оқушыларға (студенттерге) өз қабілет - қарымы бойынша даму бағыттарын ұштайды, кәсіби дамуды көздейді.
Кәсіби даму - (лат. profiteor – өз ісімді хабарлаймын) – еңбек әлемінде, соның ішінде жекеленген кәсіби ролдердің, кәсіби мотивацияның, кәсіби білімдер мен дағдылардың әртүрлі аспектілерін игеруге бағытталған адамның онтегенезде болып жатқан әлеуметтену үрдісі. Кәсіби дамудың негізгі қозғаушы күші әлеуметтік топтар мен институттарға идентификациялану негізінде әлеуметтік контекстке интеграциялануға тұлғаның талпынысы болып табылады.
Кәсіби даму – нәтижесінде адамның өзінің барлық өмірінің барысында өз кәсіби дағдылары мен іскерліктерінің деңгейін және сапасын сақтауға мүмкіндік алатын үрдіс. Бір рет қана кәсіби маман болу мүмкін емес. Кәсіби маман болып қалу үшін, тұлғаның үнемі кәсіби дамуы қажет.
ІІ. Негізгі бөлім
Енді біз шебер класымыздың негізі бөліміне кірісеміз.
Үшінші қадам. Бейне роллик көру арқылы «Любимые фразы учителей» «Педагогқа психологиялық тұрғыда қандай көмек бере аласыз?» (өз шеберліктеріне байланысты) Топпен жұмыс.
Төртінші қадам
Жаттығу «Сиқырлы ғажайып орман»
Мақсаты: Эмпатия мен сенім секілді сезімдерді жетілдіру.
Барысы: Қазір біз ғажаптарға толы, жайдарман әрі сиқырлы орманға айналамыз. Екі топқа бөлінеміз: орман - тоғай болып екі қатарға тұрамыз. Біздің қолдарымыз – орманда серуендеп келе жатқан адамды нәзік, абайлап қана сипалайтын ағаштардың бұтақтары болады. Ал енді барлықтарыңызды бір - бірден осы сиқырлы орман ішінен өтуге шақырамыз, ал қалғандарың серуендеуші адамның басынан, қолынан, арқасынан сипалап, сиқырлы ағаштар болуға шақырамыз. Сараптама:
Орман ішінен өткенде, басқа қатысушылар сізді сипағанда қандай сезімде болдыңыз?
Сиқырлы ағаштар болғаныңызда қандай сезімде болдыңыз?
Жаттығуға дейінгі және жаттығудан кейінгі сезімдеріңізбен бөлісіңіз?
Бесінші қадам «МЕНІҢ ТӘЖІРИБЕМ» қолдану.
Бейнетаспа арқылы педагогтардың сұрақтарына топпен жауап беру (психологтардың шеберлігі)
1. Мүтәліп Айжарқын
Мен жас маманмын кейінгі уақытта көбінесе шаршап жүремін.
2. Туленова Мақпал
Жас маманмын көбінесе әкімшілік тарапынан сабаққа қатысқаны жүйкеме қатты әсер етеді?
3. Ибрахимова Сауле
Сабақ барысында көбінесе балаға қатты дауыс шығарып сөйлеп кетем, бала кері әсер етпей ма?
Алтыншы қадам. «Орныңды жылдам ауыстыр»
Нұсқау: Ойыншылардың ішінен бір жүргізуші таңдалынады. Ол барлық ойыншыларда кездесетін бір затты байқап, команда береді. «Кімнің киімінде қалтасы бар, солар орын ауыстырсын». Сол кезде осы команданың қатысы бар ойыншылар жылдам орындарын ауыстыруы керек, ал олар ауысып жатқанда жүргізуші бос орындыққа отырып қалу керек. Қай қатысушы орынсыз қалса, сол келесі жүргізуші болып ойынды жалғастырады.
Әрбір ұстаз кез - келген жағдайлардан, педагогикалық әрекеттен өзінің шеберлігімен жол тауып шыға білу керек емес пе?
Олай болса біздің қазіргі ойын жаттығуымыз сіздердің шеберліктеріңізді, өздеріңізді терең тануға, сондай - ақ өзгелердің психологиялық ерекшеліктерін тануға көмектеседі.
Жетінші қадам. БАҒАЛАУ.
1. Топты бағалау
«Екі жұлдыз, бір тілек»
Бұл қадамда «бес саусақ» әдісін қолданамыз. Сонымен, Сіз көзіңізбен көріп, ой елегінен екшеп, санаңызға түйгендеріңізді бес саусаққа «Бүгін мен не үйрендім?», «Маған не қызық болды?», «Сұрағым бар...», «Әріптесіме не үйретемін?», «Менің тілегім...» секілді аяқталмаған сөйлемдерді толықтыру арқылы бағалайсыз.
Педагогтардың кәсіби күйіп кетуде алдын алуға психологиялық қолдау (шебер класс). жүктеу
2 578
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Коучинг - сессия жоспары: Кәсіби қоғамдастық – педагогтардың кәсіби біліктілігін арттыру құралы ретінде.
Коучинг - сессия жоспары: Кәсіби қоғамдастық – педагогтардың кәсіби біліктілігін арттыру құралы ретінде.
Кәсіби қоғамдастықтың маңызы туралы алғашқы түсінік қалыптастыру. Желілердің білім және инновациялар алмасу үдерісінде маңыздылығын көрсету. Мектептер арасындағы ынтымақтастық, мектептерде оқитын оқушылардың ғана емес, барлық балалардың мүддесі
Математика - информатика пәні мұғалімінің кәсіби құзырлығын қалыптастыру
Математика - информатика пәні мұғалімінің кәсіби құзырлығын қалыптастыру
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, №125 С. Сапарбеков атындағы орта мектептің математика - информатика пәні мұғалімі Асанова Мөлдір
Білім беру үрдісінде ақпараттық - коммуникациялық технологияны қолдану
Білім беру үрдісінде ақпараттық - коммуникациялық технологияны қолдану
Жезқазған гуманитарлық колледжінің физика, информатика пәні оқытушысы Қалжанова Гүлфайруз Мұхтарқызы
Жаңа ақпараттық технологияларды ағылшын тілі сабағында тиімді пайдалану
Жаңа ақпараттық технологияларды ағылшын тілі сабағында тиімді пайдалану
Тілдің грамматикасын білу арқылы оқушылар бір - бірімен сөйлесуді, сұрақ қоюды үйренеді. Олардың сөйлеу тілін дамыту үшін өздерін қоршаған заттарға, ортаға қатысты, қайда отыр, не көріп отыр, олар не үшін қажет деген сұрақтарға жауап беретіндей
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×