Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Дресскод

28 қараша 2012, Сәрсенбі
Категориясы: Ұстаздарға
Ұстаз болу – жүректің батырлығы,
Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,
Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,
Азбайтұғын адамның алтындығы

Мұғалім бақыты – шәкірт құрметі, - деп ақын Ғ.Қайырбеков жырлағандай, сөзі маржан, үні ән, осындай қасиетті де қадірлі ұстаздардың бар болғанын мақтаныш етемін. Әрине, ұстаз жүгі – ауыр жүк. Ұстаздардың әсерлі үнмен, асықпай мәнерлеп сөйлеген сөзінен әрбір оқушыға деген қамқорлықтың, аналық, әкелік сезімнің дана ойдың ыстық лебі есіп тұрғандай. Иә, адамның жан дүниесін түсініп, ренжітпей, қателігін сездіре білу – бұл нағыз шеберлік емес пе?!

Болашақта мектеп мұғалімі қандай болуы тиіс екенін түсіну үшін, бүгінгі күні орта білім беретін оқу орындарында жас ұрпақты оқытып және тәрбиелеп жүрген мұғалім бейнесін қайта қарауымыз керек. Бұл орайда тілге тиек болатыны, педагогтардың біліктілігінің төмендігі, шәкірттермен арадағы педагогикалық әдептілік негіздері қарым-қатынастардың қажырлығы және оның барлық уақытта сақтала бермеуі. Сондықтан, мұғалімге тән педагогтық қарым-қатынас әрекетінің мәні мен мазмұнын ашып, ұстаздарға оның негізгі сапаларын қалыптастыруымыз қажет сияқты.

Сонымен XXI ғасыр педагог имиджіне тоқталатын болсақ, имидж – ағылшын тілінен аударғанда «бейне», «кейіп» деген мағына береді. Қазіргі заманның белсенді адамы барлық жағынан жаңа белестерге ұмтылады. Олардың өмір сүру салты, киім киісі, өзін-өзі ұстау әдебі не болмаса өмірлік ұстанымдары да басқаша. Кейінгі кезде өркениетімізде «дресс код» ұғымы пайда болды. Саналы азамат бүгінгі күні сырт келбетіне үлкен мән береді. Олар киім таңдауда бірінші, бұл киіммен қай жерге қандай мақсатпен баратынын, және ауа райы мен жыл мезгіліне қарап, ойша саралап барып таңдайды. Бұл жерде «дресс-код» ұғымын дұрыс түсіну маңызды.

Дресс код (ағылшын сөзі dress code - киім кодексі) – арнайы іс-шара мен мекемеге арнап киілетін киім формасы. Мектеп білім ордасы болғандықтан, шәкірттер немесе студенттер білім берушіге қарап, бой түзейді. Сондықтан да, оқытушының киімі басты назарда болады. Олай болса, мұғалім жайлылық пен қарапайымдылық жағына аса мән берсе, іскерлігі бірден көрінеді. – Ұстаздардың бірыңғай үлгіде киінуіне қарсымын. Күні бойы бір киіммен жүру оқушыны да, өзіңді де зеріктіреді. Мұғалім кеңсе немесе банк қызметкері емес. Ұстаз — оқушыға білім жағынан ғана емес, өзіндік стиль жағынан да үлгі. Тек тырысқан шалбар мен тізеден жоғары белдемше, көйлек кигенге қарсымын. Тым жасанып, жұрт назарын өзіне аудару үшін боянған, артық заттарды көп тағынған баланың ойын басқа жаққа аударады.

«Менің атым – Қожа» фильміндегі шашын түйген, жүріс-тұрысы жинақы, өзіне жарасымды киінген Майқанова оқытушы бәріміздің есімізде. Кеңес өкіметі тұсындағы ұстаздар қауымы көзімізге осылай елестейді. Ұстаз — барлық жағынан балаға тәрбиеші, нұсқаушы, жол сілтеуші тұлға. Әр адамның өмір жолы мектеп табалдырығынан басталады. Психологтардың айтуынша, ерлер өздеріне жар таңдағанда сүйікті ұстазы не тәрбиешісіне ұқсағанын қаласа, қыздар ұстазына қарап бой түзейді екен. Сонымен бірге ұстаздардың әдемілігі оқушыны сабақты жақсы оқуға, сөйтіп, мұғалімнің көзіне жақсы көрінуге итермелегенімен, кей жағдайда оқушы мұғаліміне ғашық болуы мүмкін екенін айтады психологтар.

Біз талқылап отырған киім мәселесі елімізде әлі бір жүйеге қойылмай келеді. Ұстаздар киімінің қандай болуы керектігі ешбір заңда, құжатта көрсетілмеген. Бірақ аймақтағы мектептер ата-аналармен, ұстаздар қауымымен ақылдаса отырып, өздеріне ыңғайлы киім үлгілерін таңдап жатыр. Білім беру саласы қызметкерлерінің киімі классика және іскерлік стиль болуы керек. Бірыңғай үлгіде киінуді ұстаздар әрқалай қабылдап отыр.

Ұлт ұстазы, қазақтың өткені ғасырдағы руханиятының көшбасшысы Ахмет Байтұрсынұлы: "Мектептің жаны - мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектебі Һәм сондай болмақшы, яғни мұғалім білімді болса, білген білімін басқаға үйрете білетін болса, ол мектептен балалар көбірек білім біліп шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі, мектепке керегі - білімді, педагогика, методикадан хабардар, оқыта білетін мұғалім"- депті. Арада бір ғасыр өтсе де, Алаш арысының бұл сөзі әлі күн тәртібінен түскен жоқ. Отанымыздағы миллиондаған балаға білім үйретіп, тәрбие тағылымын дарытып келе жатқан мыңдаған мұғалім қауымының еңбектері жана берсін! Өзінің ісімен, сөзімен егемен еліміздің болашағын ойлайтын, тәуелсіздігін қорғайтын білімді ұрпақтың тәлімгері сіздерсіздер!

Ұрпақ тәрбиесі жолында қызмет етіп келе жатқан мұғалімдердің ата-анадан кейінгі атқарар рөлі ерекше, Тәуелсіз мемлекетіміздің басты құндылығы - білімді адам. Тек өз Отанымыздағы білім үрдісімен шектеліп қалмай, әлемдік білім кеңістігіне шығу жолындағы қадамдарыңыздың өзі бәсекелестіктің бағын ашады.

Әл Фараби бабамыздың тәрбиесіз берген білімнің нәтижесіз болатынын көрегендікпен айтқан, тәрбие мен білім беру ісін таразының басындай тең ұстауды ұмытпаңыздар!

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
7 259
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Ұстаздар - ұлы тұлғалар. Ұстаздар мерекесіне арналған мерекелік шара
Ұстаздар - ұлы тұлғалар. Ұстаздар мерекесіне арналған мерекелік шара
Ұстаз болу – жүректің батырлығы, Ұстаз болу – сезімнің ақындығы, Ұстаз болу – мінездің күн шуағы, Азбайтұғын адамның алтындығы – деп ақын Ғафу Қайырбеков ағамыз жырлаған.
Ұстазы жақсының ұстамы жақсы
Ұстазы жақсының ұстамы жақсы
Ұстаздар мамандығы туралы ақпарат беру, ұстаздық мамандықтың қоғамда алатын рөлінің мәнін ашу.
Ұстаз – ұлы тұлға
Ұстаз – ұлы тұлға
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Майдакөл ауылы, №98 орта мектептің мұғалімі Изтлеуова Замзагүл
Педагог имиджі
Педагог имиджі
Қызылорда облысы, Әйтеке би кенті, Қазалы аудандық балалар әуез мектебі "фортепиано"класының оқытушысы Ізмаханова Құралай
Ұстаз - мектептің жүрегі
Ұстаз - мектептің жүрегі
Ақырын жүріп анық бас. Еңбегің кетпес далаға Ұстаздық еткен жалықпас, Үйретуден балаға.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×