Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Оқушылардың үлгермеу себептері

17 қараша 2013, Жексенбі
Категориясы: Ұстаздарға
Оқушылардың үлгермеу себептері

Оқу әрекетін ұйымдастырудың нәтижесі оқушы білімімен анықталады. Қазіргі таңда мемлекеттік стандарттың орындалуын талап ету бірінші кезекке қойылып отырған міндеттердің бірі. Оқушы білімінің өлшеуіштері - білімнің беріктігі, толықтығы және жүйелілігі.
Оқу әрекетін дұрыс ұйымдастырғанның өзінде де бірнеше нашар оқитын, үлгермейтін оқушылар табылып жатады. Бұл құбылыс мейілінше сан алуан себептерден тұрады. Бір сыныпта бірдей жағдайда оқып отырған оқушылардың үлгерімі түрліше болуына оқушының жеке бас психологиялық ерекшелігі себеп болады. Сабақты бір оқушылар тез меңгерсе, екіншісі баяу қабылдайды, түсінбей үлгермеушінің қатарына қосылады. Әр оқушының үлгермеушілік себебі әртүрлі болады.

Оқушылардың артта қалуларының, үлгермеулерінің, сабақта және үйде жұмыс жасамауларының себебінің бірі – денсаулықтарының нашарлығы.
Оқушылардың денсаулығына зер салғанда, жыл өткен сайын баланың рухани өмірінің, оның дамуының, ойлау қабілетінің, назарының, тындырымдылығының, дене күшіне тәуелділігінің таңғажайып көріністері айқындала бастайды.

Кейбір балалардың реңдері жайнап тұрса да, олардың денсаулығына назар аударып, тексергенде астыртын кесел табылады. Астыртын кеселдер мен әлсіреу мұғалім сабақтың әр минутын ой еңбегін көп қажет ететін жұмыспен толтыруға тырысқан шақта айрықша білінеді. Әдеттен тыс ой еңбегімен қатты шұғылдану кейбір балалардың шектен тыс қимыл жасауына әкеп соғады, көздері бозарып, көз қарасы бұлдырап, қимылдары әлсірейді. Мұндай шапшаң қарқын сау балалардың өздеріне де ауыр болады. Негізінде бала өз табиғатында білуге құмар талпынғыш келеді, ал мектепке алғаш келгенде оның көздерінен білімге деген құштарлық көрініп тұрады.

Оқу – білімді механикалық түрде бере салу емес. Бұл – өте күрделі адамдық өзара қатынастар. Оқушы – алдымен адам, артынша еңбеккер. Еңбектің нәтижесін көрсе ғана жетістікке қол жеткізеді. Нәтижесіз оқу білімге деген ынтаны жояды.
Түптің түбінде оқуға ынтасы жоқ оқушылар қайтеді? Күн сайын, ай сайын өз еңбегі туралы жаман деген бір сөзді естиді. Оның еңбегінің сипатын біртіндеп өзінің жеке басының сипаты деп қабылдайды, бала біртіндеп өзім де жаманмын деген сенімге келеді. Бала жанында керемет жасырын орын бар, ол – адамдық намыс. Оның жаны биязы, нәзік, осал, сезімтал, оны оп - оңай жаралап я жансыздандырып алуға болады. Бұл, әсіресе, оқудың бірінші сатысында – бастауыш мектепте маңызды, ондай бала қиыншылықты жеңуді білмейді, онда сәтсіздік қайғы әкеледі. Егер бір сәтсіздіктен соң екінші сәтсіздік кездессе, бала біраз уақыт жапа шегеді. Баланың жан дүниесі жараланады, жансызданады, оған енді бәрібір болады.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
9 326
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс папкасы
Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс папкасы
Үлгерімі төмен оқушылармен жыл бойы жұмыс жүргізе отырып, қабілеті төмен оқушылардың жеке тұлғалық мүмкіндіктерін ашуға көмектесу, пәнге деген қызығушылығын арттыру, мемлекеттік білім стандартын меңгерту.
Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс жоспары
Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс жоспары
Үлгермеушілік сабақ барысында қалыптасады. Оның алдын алуға болады. Оқушы үлгермеушілігінің себептері оқу - тәрбие жұмысын дұрыс ұйымдастырмауда, санитарлық – гигиеналық нормалардың бұзылуында.
Үлгерімі төмен оқушымен жұмыс жүргізу әдістемесі
Үлгерімі төмен оқушымен жұмыс жүргізу әдістемесі
Үлгерімі төмен оқушыларда дамудың жеке варианттарының көп түрлілігі бар. Олар таным компоненттерінің қалыптасуының әр түрлі деңгейіне байланысты, яғни бұл артта қалудың әр түрлі себептері бар екенін көрсетеді
Сынып жетекшілерге арналған психологиялық сауалнама
Сынып жетекшілерге арналған психологиялық сауалнама
Сынып жетекшілерге арналған психологиялық сауалнама
Ойын элементтері арқылы психикалық дамуы тежелген балалардың танымдық іс-әрекеттері мен сөздік қорларын дамытудың әдіс-тәсілдері
Ойын элементтері арқылы психикалық дамуы тежелген балалардың танымдық іс-әрекеттері мен сөздік қорларын дамытудың әдіс-тәсілдері
Психикалық даму тежелісі /ПДТ/ дегеніміз ғылымда психика дамуының уақытша артта қалуы деп түсіндіріледі.
Қазақ тілі сабағында қолдануға тиімді тест түрлері
Қазақ тілі сабағында қолдануға тиімді тест түрлері
Оқушылардың білімнің мемлекеттік стандарт талаптарына сәйкестігін бақылауды ұйымдастырудың бір түрі – тесттік бақылау жүйесі. Әлемде тестік тапсырмалар арқылы білім сапасы мен деңгейін тексеру, жоғары технологиялар қатарына жатқызылады. Тестілеу
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×