Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Өтебай Тұрманжановтың өлеңдері, қысқаша өмірбаяны

10 қазан 2016, Дүйсенбі
Категориясы: Ақын-жазушылар
Өтебай Тұрманжанов 1905 жылы 15 желтоқсанда Бөген ауданындағы "Жалғызағаш" ауылында туған. Ташкентте N14 жетім балалар үйінде тәрбиеленді. Мәскеуде Шығыс еңбекшілері Коммунистік университетінде оқып білім алды. Ташкенттегі Орта Азия университетінің оқытушысы, кафедра меңгерушісі болды (1927 - 30 жылдары).
1939 жылы Өзбекстан Жазушылар Одағы жанынан құрылған қазақ секциясын басқарды. 1931 жылы өлкелік партия комитетінің шақыруымен Алматыға ауысады. ҚазПИ - де профессор міндетін атқарады. Кейін Қазақ мемлекеттік баспасында бөлім меңгерушісі, "Қазақ әдебиеті", "Әдебиет майданы", "Жұлдыз" газет - журналдары бас редакторларының орынбасары, бас редакторы (1935 - 37 жылы) болды. Саяси қуғын - сүргінге ұшырап, түрмеде лагерьде айдауда болды. Өмірінің соңғы жылдары "Жазушы" баспасында бөлім меңгерушісі кызметін атқарған.
Тұңғыш жинағы "Таң өлеңдері" (1925 жыл) Мәскеуден шықты. 1937 жылы - "Қошан кедей", 1929 жылы - "Таң сыры" т. б. 40 - тан аса кітаптың авторы.
Таңдамалылары 1959, 1964, 1975 жылдары жарық көрді. Л. Н. Толстойдың балаларға арналған шығармаларын аударды. "Қазақтың мақал - мәтелдері", "Асыл сөздер" атты жинақтарды құрастырды.
Ауыз әдебиетінің белгілі зерттеушісі, көрнекті ақын Ө. Тұрманжанов Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталды.
Ө. Тұрманжанов 1978 жылы Алматы қаласында дүние салды.

Өлеңдері

Ай мүйізді ақ қошқар
Кел, балалар, күлейік!
Көктем келді гүл алып
Кім неге барсын
Кім нені сүйеді
Кітап оқыр бір бөбек
Қарабай - ау, Қарабай!
Мен дәрігер боламын
Нан қиқымын шашпаңдар
Осы – біздің Оңтүстік
Өс, Ұлан!
Туған өлкем
Тікен - гүлін қорғайды
55 811
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ө. Тұрманжанов. Туған өлкем
Ө. Тұрманжанов. Туған өлкем
Ө. Тұрманжановтың «Туған өлкем» өлеңінің мағынасын түсіндіру және туған өлке, туған жер, атамекен туралы түсінік беру.
Ө. Тұрманжанов. «Туған өлкем»
Ө. Тұрманжанов. «Туған өлкем»
Оқушылардың қабілеті мен белсенділігіне сүйене отырып, өлең туралы түсінік беріп, өлеңнің мазмұнын ашып, Отандарына деген мақтаныш сезімдерін тудыру.
Білім. Өтебай Тұрманжанов
Білім. Өтебай Тұрманжанов
Өтебай Тұрманжановтың «Білім» атты өлеңімен танысамыз. Тұрманжанов Өтебай (15 желтоқсан 1905, Оңтүстік Қазақстан облысы, Бөген ауданы, Жалғызағаш ауылында дүниеге келген. 1978 жылы қайтыс болған.) – жазушы.
Оразақын Асқар өлеңдері
Оразақын Асқар өлеңдері
Оразақын Асқар 1935 жылы 16 мамырда Шығыс Түркістан өлкесінің Іле аймағына қарасты Мүкей Қаратас деген жерде дүниеге келген.
Ғабит Мүсірепов «Ананың анасы» әңгімесі
Ғабит Мүсірепов «Ананың анасы» әңгімесі
Алматы облысы, Талғар қаласындағы №7 мектеп-лицейде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Дарменқұлова Ғалия
І.Жансүгіровтың Құлагер поэмасы (реферат)
І.Жансүгіровтың Құлагер поэмасы (реферат)
Қысқаша өмірбаяны Қарағаш ауылында жәдитше бастауыш мектепті бітіреді. Болашақ ақынның бұдан соңғы біраз уақыты ауылда өтеді. 1919 жылы. Ташкенттегі екі жылдық мұғалімдік курсқа түседі. Оны бітірген соң өз ауылында мұғалім болып, кейін «Тілші»
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×