Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Уақыт бірліктері

27 мам 2014, Сейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Уақыт бірліктерін – тәулік, апта, ай, жыл, ғасырды бір - бірінен және олардың қатынасын ажырата білуді үйрету.
Дамытушылық: Есеп, мысал шығарта отырып оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру. Тапсырмаларды орындата отырып, ой - өрісін, қиялын, зейінін дамыту, дыбыс құрамындағы күрделі сөздерді анық айтуға, математикалық терминдерді, компоненттерді сөйлеуге үйрету.
Тәрбиелік мақсаты: Ұйымшылдыққа, тапқырлыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Қолданылатын әдістер: Түсіндіру, сұрақ - жауап.
Көрнекіліктер: Сағат, күнтізбе, 12 жыл, 12 ай.
Сабақ түрі: Жаңа сабақ.

Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
1. Психологиялық дайындық.
Сөйлеу ережесін еске түсіру (оқушыларға айтқызу).
Қане, балалар осы қонақтармен бір - бірімізге жылы лебіздер
тілеп сәлемдесейік.
- Сәлеметсіздер ме!
- Есенсіздер ме!
- Қайырлы күн!
- Әрқашан күн сөнбесін!
- Деніміз сау болсын!
- Мектебіміз жайнай берсін!
- Бәріміз дос болайық!

- Қазір қандай сабақ болады?
- Математикаға арналған өлеңімізді айтайықшы?
Математика толған тәртіп, мағынамен мән,
Математика толған тамаша, заңдылық сән.
Математика толып жатқан терең сыр,
Шетсіз, шексіз дариядай бейне бір.

Ойын: «Кім тапқыр?»
Мына жерде бір сөз жасырылған. Бұл сөз бізге керек оқу құралы.
Оқу құралдарына не жатады?
Мен сендерге бір жеңілдік жасап, бір әріпті ашуға рұқсат етемін.
Бірақ ол үшін берілген сұрақтарға жауап беру керек.

Әр тапсырманы орындағанда бір әріптен ашылып тұрады.
1.- Бір жылда неше мезгіл бар?
- Қазір қай мезгіл?
- Күз мезгілінде неше ай бар?
- Қазір қай ай?
- Бүгін аптаның нешінші күні?
- Бесінші күн қалай аталады?

2. Әріпті ашу үшін үй тапсырмасын сұрау.
- Минуттық тіл дегеніміз не?
- Сағаттық тіл дегеніміз не?
- Бір тәулікте неше сағат бар?

6 - мысал. Бір минут ішінде неше мысал шығарғанын тексеру:
3 + 7 3сағ + 7сағ
7 + 3 7сағ + 3сағ
10 – 3 10сағ – 3сағ
10 – 7 10сағ – 7сағ

3. Әріпті ашу үшін сергіту сәті.(Қимылды іс - әрекетпен.)
Аспанға қарап ай көрдім,
Төменге қарап жер көрдім.
Оңға - солға бұрылып,
Егеменді ел көрдім!

4. Әріптерді ашу үшін жаңа сабақ.
1апта – 7күн 1ай – 30, 31күн
1тәулік – 24сағат 12ай - 365, 366күн
1сағат – 60минут 12ай – 1жыл
100жыл – 1ғасыр

Оқулықпен жұмыс.
1 - тапсырма.
1минут ішінде неше есеп шығара алатыныңды тексер, жауабын жаз:
50 + 4 = 54 50сағ + 4сағ = 54сағ.
4 + 50 = 54 4сағ + 50сағ = 54сағ.
50 – 4 = 50 54сағ - 4 сағ = 50сағ.
54 - 50 = 4 54сағ - 50сағ = 4сағ.

2 - тапсырма.
Есеп.
Шарты: Әкесі 38 жас
Баласы -? 30жас кіші
Шешуі: 38 – 30 = 8(жас)
Жауабы: Баласы 8жаста.

3 - тапсырма.
Сағатпен және минутпен өрнектеп жаз:
90мин =  сағ мин
100мин =  сағ мин
70мин =  сағ мин
80мин =  сағ мин

5 - ші әріпті ашу. Математикалық логикалық есептер.
1. Сағат 22 - де жауын жауып тұрса, 24 сағаттан кейін күннің көзі жарқырап
тұруы мүмкін бе?
2. Марат 9 жаста. 6 жылдан кейін ол неше жаста болады?
3. Жанатбек 11жаста, 5жыл бұрын ол неше жаста еді?

6 - шы әріпті ашу.
Ойынның жауабы: «Субояқ».
Сабақты қорыту.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
10 031
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Уақыт. Ай. Апта. Тәулік. Таңертең. Сәске. Түс. Бесін. Кеш. Түн.
Уақыт. Ай. Апта. Тәулік. Таңертең. Сәске. Түс. Бесін. Кеш. Түн.
Жалпы уақыт өлшеуіштері туралы бағдар беру. Төрт жыл мезгілі, ай, апта күндері, күндізгі, түнгі мезгілді қамтитын 24 сағаттың да уақыт өлшеуіштері екендігіне мағлұмат беру.
Т дыбысы мен әрпі
Т дыбысы мен әрпі
Өткен дыбыстарды қайталау, зейінін бақылау, дыбыс пен әріпті ажырата білуге үйрету. Кеспе әріптерден буын, сөз, сөйлем құрату. Т дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасай білуге үйрету.
6 шілде Астана күні!, Жайнай берсін, Астана!
6 шілде Астана күні!, Жайнай берсін, Астана!
Балаларға еліміздің бас қаласы - Астана туралы мәлімет беру.
Бауырсақ ертегісі
Бауырсақ ертегісі
Ертегі сахналау барысында кейіпкерлердің мінез - құлқын жеткізе білуге үйрету. Ертегідегі кейіпкерлердің сөз мәнерін, қимыл қозғалысын келтіріп ойнауға үйрету. Сөздерді анық айтуға, есте сақтау қабілетін дамыту.
Көмектес септік
Көмектес септік
Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру. Тапсырмаларды орындата отырып, ой - өрісін, қиялын, зейінін дамыту, анық айтуға, математикалық тілде сөйлеуге үйрету, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.
Екі таңбалы сандарды жазбаша қосу және азайту
Екі таңбалы сандарды жазбаша қосу және азайту
Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қаласы «Тілінде ауыр кемістігі бар балаларға арналған облыстық арнайы мектеп - интернат» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бастауыш сынып мұғалімі Муталиева Жамила Әшірханқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×