Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сөйлем соңына қойылатын тыныс белгілері

28 қараша 2013, Бейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Қазақ тілі 2 сынып

Сабақтың тақырыбы: Сөйлем соңына қойылатын тыныс белгілері
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік мақсаты: Әр түрлі тапсырмалар арқылы оқушылардың тыныс белгілерінен алған білімдерін тиянақтау, оқушы білімін сарапқа салу, теориялық білімдерін практикалық тұрғыда тексеру, сауаттылықтарын арттыру.
2. Дамытушылық мақсаты: Түрлі тапсырмалар, танымдық ойындар арқылы оқушылардың есте сақтау қабілетін, ынтасын арттыру, ойлау қабілетін дамыту.
3. Тәрбиелік мақсаты: Орындалатын тапсырмалар арқылы оқушыларды елжандылыққа, еңбекқорлыққа, жылдамдыққа үйрету, тіл өнерін құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Топтастыру, семантикалық карта, сұрақ - жауаптар
Көрнекілігі: қима қағаздар.

Сабақтың өтілу барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларды түгелдеп, кезекші мәліметтерін тыңдап, оқушы назарын сабаққа аудару.
Оқушылар, біз бүгін тыныс белгілерінен өткендерімізді еске түсіреміз.

Үй тапсырмасын бекіту.
“Мен бастаймын, сен жалғастыр” ойыны
1. Сөйлем аяқталған ….… (ойды білдіреді).
2. Сөйлем сөзден ………… (құралады).
3. Сөйлемдегі сөздер .… (бөлек жазылады).
4. Сөйлемнің бірінші …… (сөзі бас әріппен басталып жазылады).
5. Сөйлемнің соңына ……(нүкте қойылады).
6. Хабарлы сөйлемнен кейін ……… (нүкте қойылады).
7. Сұраулы сөйлемнен кейін ……… (сұрақ белгісі қойылады).

• Сөйлем аяқталған ойды білдіреді. Сөйлемнен соң нүкте (.), не сұрау белгісі (?), не леп белгісі (!) қойылады.
• Бірдеңенің жайын хабарлау мақсатымен айтылған сөйлемді хабарлы сөйлем дейміз. Хабарлы сөйлемнің соңына нүкте (.) қойылады
• Жауап алу мақсатымен айтылған сөйлемді сұраулы сөйлем дейміз.
Сұраулы сөйлемнің соңына сұрау белгісі (?) қойылады
• Адамның көңіл күйін, сезімін білдіретін сөйлемді лепті сөйлем дейміз. Олар көтеріңкі дауыспен айтылады. Лепті сөйлемнен соң леп белгісі (!) қойылады

«Мен тыныс белгісімін» қойылымы

Ілебай: Сен неге осы айғайлай бересің?
Сөйлемге қандай мағына бересің?
Жөн - жосығыңды түсіндірші,
Жазуда қандай жерде келесің?

Леп белгісі: Мен ылғи айғайлай бермеймін,
Қуана да, күле де білмеймін.
Кейде өкініп, ренжісем де,
Көбінесе - ақ көтеріңкі, көңілді жүрем.
Әр іске көңіл күйін білдіріп,
Табысымызға таңданып,
Шаттана күлем!
Сөйлемдерге көтеріңкі дауыс берем,
Сондай сөйлемдердің соңында келем.
Нүкен мен Нүкте
Нүкен: Ей, кішкентай ғана Нүкте!
Сенің осы керегің жоқ - ау түкке!
Керек болсаң айта қойшы,
Сырыңды менен бүкпе.
Нүкте: Мен сөйлемнің соңында тұрам,
Солында емес, оңында тұрам.
Сөйлемдердің жігін ажыратып,
Кідіріс белгісі орнында тұрам.

Оқулықпен жұмыс
- жаттығу
Өлеңді мәнерлеп оқып, сұраулы және лепті сөйлемдерді тап
Үйге тапсырма: «Тыныс белгілер әлеміне саяхат». Өздері қалаған тыныс белгісіне ертегі құрау.
- Жаттығу ( ауызша )
Таңдануды, қуануды білдіретін лепті сөйлемдерді тауып айт
- Жаттығу
Үйді құрылысшы салады ма? - Үйді құрылысшы салады.
- Керіктің мойны ұзын ба? - Керіктің мойны ұзын.
- Дәрігер ауруды емдейді ме? - Дәрігер ауруды емдейді.
Сергіту сәті
- жаттығу
Суреттер бойынша әңгіме құрау
1 - сурет Күні бойы доп ойнап шаршаған Еркін сабағына дайындалмастан ерте ұйықтап қалды. Сабаққа киетін киімдерін әзірлемеді.
2 - сурет Еркін таңертең кеш тұрды. Әр киімін әр жерден іздеп, әрең тапты.
3 - сурет Еркін сабаққа кешігіп келді. Ол бұл қылығына қатты ұялды.

Сәйкестендіру тесті
------------------------------ Қасқырдың төлі не?
------------------------------ Мал жайылды.
Хабарлы сөйлем ------- Жүйрік озады
Сұраулы сөйлем ------- Мысық қалай дыбыстайды?
Лепті сөйлем ----------- Өркенің өссін, қарағым!
------------------------------ Тау алыстан көрінеді.

Қорытынды
Білімді бекітуге арналған тест сұрақтары
1. Сөйлем айтылу мақсатына қарай нешеге бөлінеді?
А) 2 ә) 3 б) 4
2. Сұрауға жауап болып келетін сөйлемнің түрі
А) сұраулы ә) хабарлы б) лепті
3. Лепті сөйлем дегеніміз не?
А) білі және жауап алу мақсатымен айтылатын сөйлем
Ә) адамның көңіл - күйін, сезімін білдіретін сөйлем
Б) Бірдеңенің жайын хабарлау мақсатымен айтылған сөйлем
4. Нүкте қай сөйлемнің тыныс белгісі
А) лепті ә) хабарлы б) сұраулы
5. Өлең мазмұнына қарай жұмбақталып тұрған қандай тыныс белгісі екенін тап:
Қуану, ренжу, өкіну Ұранды да айтамын
Мақсатым соны сездіру Қарқындап барып қайтамын
А) нүкте ә) сұрау б) леп
6. Сұраулық мағына беретін сөзді белгіле
А) көтерді ә) неге б) айтпа
7. Сұраулық мағынада тұрған сөзді белгіле
А) барма ә) сүртпе б) бар ма
8. Сұраулы мағына беретін сөз сөйлем ішінде қалай оқылады?
А) бірқалыпты ә) бәсең дауыспен б) көтеріңкі дауыспен
9. Лепті сөйлем қандай мағына білдіреді?
А) сұраулық ә) лептік мағынаны ( өтіну, бұйыру, қуану, тілек, арман, сескендіру, ұран)
Б) біреу, бірнәрсе туралы хабарлау
10. «Тұр орныңнан!» деген лепті сөйлем қандай мазмұнды береді?
А) қуану ә) бұйыру б) ұран
11. Лепті сөйлемде лептік мағынаны білдіретін сөздер қалай оқылады?
А) көтеріңкі дауыспен ә) бірқалыпты б) бәсең дауыспен
31 780
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Төл сөздің тыныс белгілері
Төл сөздің тыныс белгілері
Төл сөздің өзіндік ерекшелігін, жасалу жолын білу. Өзіне тән қойылатын тыныс белгілерінен түсінік алу. Төл сөздердің тыныс белгілерін дұрыс қойып, сызбасын көрсете алу.
Диктанттар жинағы. 5 - 11 - сыныптарға арналған
Диктанттар жинағы. 5 - 11 - сыныптарға арналған
Бұл құрал оқыту орыс тілінде жүретін мектептердің қазақ тілі пәні мұғалімдеріне арналған. Ол 5 - 11 сынып оқушыларына арналған диктанттар жинағы ретінде құрастырылған. Қазақ тілі бойынша қорытынды жазба жұмыстарын жүргізуге арналған.
Себеп - салдар құрмалас (жаттығу орындау)
Себеп - салдар құрмалас (жаттығу орындау)
Себеп - салдар салаластың құрмаласу жүйесін, тыныс белгілерін, жасалу жолдарын теория - практикалық тұрғыда игерту; Ойларын жүйелі айту дағдысын жетілдіре отырып, тілдік талдауларыды жетік, дағдылы түрде талдау машықтарын тереңдету.
Сөйлем
Сөйлем
Сөйлем туралы түсініктерін нығайту. Сөйлем түрлері жайлы білімдерін толықтыру. Сөйлем түрлерін ажырата білуге үйрету.
Леп белгісі (!)
Леп белгісі (!)
Оңтүстік Қазақстан облысы, Ордабасы ауданы, Шұбарсу ауылындағы Б. Нұрлыбеков атындағы жалпы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Аралбаева Назым
Одағайға байланысты қойылатын үтір
Одағайға байланысты қойылатын үтір
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Жосалы кенті, Ш.Уәлиханов атындағы №26 мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Әбдіқалықова Индира Тұрсынбайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×