Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

Алматыдағы NIS оқушысы Даниал Султановты «Жасанды интеллект» ҰТБ арнайы бейініндегі жеңісі үшін Сбербанк Президенті Герман Греф құттықтады

05 мам 2021, Сәрсенбі
Категориясы: Қоғам
Алматыдағы NIS оқушысы Даниал Султановты «Жасанды интеллект» ҰТБ арнайы бейініндегі жеңісі үшін Сбербанк Президенті Герман Греф құттықтады
Алматы қаласындағы химия - биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы Даниал Султанов Ресей Федерациясы, Ұлттық технологиялық бастамалар (ҰТБ) Үйірме қозғалысы халықаралық олимпиадасының жеңімпазы атанды. «Жасанды интеллект» арнайы профилінде Даниал үздік шетелдік жоба үшін «Халықтар достығы» номинациясында бірінші орын алды.
Олимпиаданы ұйымдастырушылардың қатарында – Үйірме қозғалысы және ҰТБ «Платформасы», Ресейдің Ғылым және жоғары білім, оқу - ағарту министрліктерімен бірлескен Стратегиялық бастамалар агенттігі және ресейлік венчурлық компания бар. Жабылу салтанаты мен жеңімпаздарды марапаттау Мәскеуде өтті, жасанды интеллект саласындағы үздік оқушыларды Сбербанк Президенті, Басқарма Төрағасы Герман Греф құттықтады:

– Бес жыл бұрын AI тақырыбында сөйлеген кезде шөл даладағы жаңғырық секілді естілетін, ал бүгін AI — бұл «электр», ол қайта өрлеу, жандану кезеңінде. Бірақ ғылым, зерттеу және практикалық тұрғыдан қолдану бірдей шамада келе жатыр. Қымбатты балалар, Сіздер дұрыс бағытта және дұрыс жолда келесіздер, дұрыс уақытта және дұрыс жерде өмір сүрудесіздер. Алынған тәжірибе пайдалы боларына сенімдімін.
Әлемдегі ең беделді олимпиадалардың бірінде бес мыңнан астам оқушы кездесті, байқаулар жасанды интеллект пен су асты робототехникасынан бастап геномдық өңдеу мен VR технологиясына дейін 28 технологиялық бейінде өткізілді. «Ақпараттық қауіпсіздік», «Жасанды интеллект», «Бизнес процестерді автоматтандыру» ең танымал IT профильдер қатарында болды. Биыл олимпиада жаңа рекорд орнатты – барлық тректер бойынша Ресейдің 85 өңірі мен шетелдерден 110 000 - нан астам бала қатысуға өтінім берді.
– Финалда қатысушылар тек технологиялық тапсырмаларды ғана шешіп қойған жоқ – оқушылар алдында жасанды интеллект, робототехника, ғарыш индустриясы саласындағы жетекші компанияларда жұмыс істейтін мамандар айналысатын жаңа сын - қатерлер тұрды. Жоғары сынып оқушылары ересек әріптестерінің ойларынан асып түсетін қызықты шешімдерді ұсына білді, – дейді ҰТБ «Жас мамандар» бағыты директорының орынбасары Юлия Ханьжина.
2021 жылы финалистер ең көп сұранысқа ие технологиялармен байланысты мәселелерді шешті: жасанды интеллект, машиналық оқыту, компьютерлік көру, виртуалды және кеңейтілген шындық, геномдық өңдеу. Бөлінген форматтағы инженерлік тапсырмамен жұмыс істеу үшін 2020 жылы финалда сыналған бірқатар технологиялар қолданылды: мамандандырылған бағдарламалық жасақтама, симуляторлар, командалық жұмыс үшін жеке бейне және дауыстық арналар, сынақ алаңдарынан трансляциялар. Қорытынды сайысқа жүзден астам оқушы қатысты, олардың алдында ақыл - ойды ескеретін алгоритм құру міндеті тұрды. Соңғы сынақ үшін қатысушыларға Кристофаридің суперкомпьютеріне қол жетімділік берілді.
– «Болашаққа үлес» Сбер қайырымдылық қорымен және жасанды интеллект Академиясымен бірлесіп өткізілетін «Жасанды интеллект» бейінінің финалында орысша мәтіндерді машиналық түсіну саласында серпіліс болды. Оқушылар бір жыл бойы осындай тапсырмамен жұмыс істеген ресейлік data - science қоғамдасты қол жеткізе алмаған нәтижені көрсетті, – дейді «Үйірме қозғалысы» ҰТБ жұмыс тобының жетекшісі Дмитрий Земцов.
– Жасанды интеллект жай ғана біздің болашағымыз емес, ол бүгіннің өзінде расымен енгізіліп жатыр. Сондықтан біз трендте болуға және оқуға, іздеуге, сынап көруге тиіспіз, олимпиада бұл тұрғыда мен үшін жақсы мектепке айналды, – деп Даниал марапаттау рәсімінен кейін әсерімен бөлісті.

Ученика алматинской NIS Даниала Султанова за победу в специальном профиле НТИ «Искусственный интеллект» поздравил Президент Сбербанка Герман Греф
Ученик Назарбаев Интеллектуальной школы химико - биологического направления города Алматы Даниал Султанов назван победителем международной олимпиады Кружкового движения Национальной Технологической инициативы (НТИ), Российская Федерация. В специальном профиле «Искусственный интеллект» Даниал занял первое место в номинации «Дружба народов» за лучший зарубежный проект.
В числе организаторов Олимпиады – Кружковое движение и «Платформа» НТИ, Агентство стратегических инициатив и Российская венчурная компания совместно с Министерством науки и высшего образования России, Министерством просвещения России.
Торжественное подведение итогов и награждение победителей прошло в Москве, лучших школьников в области искусственного интеллекта поздравил Президент, Председатель Правления Сбербанка Герман Греф:
– Пять лет назад, выступая на тему AI, мы звучали как глас вопиющего в пустыне, сегодня AI — это уже «электричество», пусть и он находится сейчас на стадии своего рассвета, Ренессанса. Но наука, исследования и практическое применение идут примерно вровень. Дорогие ребята, вы на правильном пути, вы живете в правильное время и в правильном месте. И полученный опыт вам точно пригодится.
В одной из самых престижных мировых олимпиад встретились более пяти тысяч школьников, соревнования проводились по 28 технологическим профилям: от искусственного интеллекта и подводной робототехники до геномного редактирования и технологий VR. Наиболее популярными были IT - профили: «Информационная безопасность», «Искусственный интеллект», «Автоматизация бизнес - процессов». В этом году олимпиада поставила новый рекорд – заявки на участие по всем трекам подали более 110 000 ребят из 85 регионов России и зарубежных стран.
– В финале участники решали не просто технологические задачи – перед школьниками встают реальные вызовы, над которыми работают в ведущих компаниях в сфере искусственного интеллекта, робототехники, космической индустрии – всего более двух десятков направлений. Старшеклассники предлагают интересные решения, которые превосходят решения взрослых коллег, – подчеркнула заместитель директора направления НТИ «Молодые профессионалы» Юлия Ханьжина.
В 2021 году финалисты решали задачи, связанные с наиболее востребованными сквозными технологиями: искусственный интеллект, машинное обучение, компьютерное зрение, виртуальная и дополненная реальность, геномное редактирование. Для работы над инженерной задачей в распределенном формате использовали ряд технологий, опробованных на финалах в 2020 году: специализированное программное обеспечение, симуляторы, отдельные каналы видео и голосовой связи для командной работы, трансляции с испытательных полигонов. В итоговом состязании приняло участие более ста учеников, перед ними стояла задача построить алгоритм, учитывающий здравый смысл. Для финального испытания участникам был предоставлен доступ к суперкомпьютеру Кристофари.
– В финале профиля «Искусственный интеллект», который проводится совместно с благотворительным фондом Сбера «Вклад в будущее» и Академией искусственного интеллекта, произошел прорыв в сфере машинного понимания русских текстов. Школьникам удалось сделать то, что не удалось российскому data - science сообществу, которое работало над аналогичной задачей целый год, – рассказал лидер рабочей группы НТИ «Кружковое движение» Дмитрий Земцов.
– За искусственным интеллектом не просто будущее, он уже сегодня реально внедряется. Поэтому мы должны быть в тренде и изучать, искать, пробовать, олимпиада в этом отношении стала для меня хорошей школой, – поделился впечатлениями сразу после церемонии вручения Даниал.
1 939
0
0 дауыс
Оқи отырыңыз
Алматылық NIS оқушысы әлемнің 4 жетекші университетіне шақырту алды
Алматылық NIS оқушысы әлемнің 4 жетекші университетіне шақырту алды
Алматы қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12 сынып оқушысы Мұхаммед - Әли Қанатбек Фордем университетінен, Дрексель университетінен, Гонконг баптист университетінен және Британ Колумбия университетінен шақырту алды. Сондай - ақ, Бабсон
Нұр - Сұлтан қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы Эльдар Уркумбаев АҚШ - тың Массачусетс штатындағы Массачусетс технологиялық институтынан шақырту алды.
Нұр - Сұлтан қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы Эльдар Уркумбаев АҚШ - тың Массачусетс штатындағы Массачусетс технологиялық институтынан шақырту алды.
Университет робототехника мен жасанды интеллект секторлары және ақпараттық технология, физика, химия және математика салаларын оқыту жүйелері бойынша ең таңдаулы болып саналады
NIS желілік олимпиадасы – 2021: сәттілік тұмары ақ бата, рухы қазақ Евгений Югай, үш Аружан мен Алматыдағы физика - математика бағытындағы мектептің абсолютті жеңісі
NIS желілік олимпиадасы – 2021: сәттілік тұмары ақ бата, рухы қазақ Евгений Югай, үш Аружан мен Алматыдағы физика - математика бағытындағы мектептің абсолютті жеңісі
Алматы қаласындағы физика - математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі – 2021 жылғы желілік олимпиадада NIS - тің абсолютті чемпионы атанды.
Жаңа жағдайдағы білім беру⠀
Жаңа жағдайдағы білім беру⠀
Назарбаев Зияткерлік мектептері Ыбырай Алтынсариннің мерейтойына арналған жобаны бастауда.⠀ «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымында Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдық мерейтойына арналған «Жаңа жағдайдағы білім беру» жобасын жүзеге
«Ұлы дала мұрагерлері»: NIS оқушыларын белгілі қазақстандықтар мен робот София құттықтады
«Ұлы дала мұрагерлері»: NIS оқушыларын белгілі қазақстандықтар мен робот София құттықтады
Назарбаев Зияткерлік мектептерінде «Туған елге тағзым – 2020». өлкетану - зерттеу экспедициясының қорытындысы жарияланған дәстүрлі «Ұлы дала мұрагерлері» форумы өз мәресіне жетті.
Бүгін «Туған елге тағзым - 2020» өлкетану - зерттеу экспедициясы қатысушыларының жобалары мен шығармашылық жұмыстарының қашықтықтан өткізілген желілік байқаудың жабылу салтанаты өтті.
Бүгін «Туған елге тағзым - 2020» өлкетану - зерттеу экспедициясы қатысушыларының жобалары мен шығармашылық жұмыстарының қашықтықтан өткізілген желілік байқаудың жабылу салтанаты өтті.
Туған өлкені танып білуге, оқушылардың бойында туған елдің ерекшелігі мен оның қыр - сырын ұғынуға, патриоттық сезімді арттыруға бағытталған жобаның онлайн режимінде өтуі қатысушылар үшін кедергі болмады.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.