Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

» » Кітап – рухани қазынаның қайнар бұлағы

Кітап – рухани қазынаның қайнар бұлағы

09 мам 2020, Сенбі
Категориясы: Білім
Кітап – рухани қазынаның қайнар бұлағы.
 
Бүгінде, елімізде орын алған төтенше жағдайларға байланысты отандық білім беру жүйесіне қашықтықтан оқыту енгізілді. Оқушылар үшін карантин болғанымен білім алу тоқталып қалған жоқ. Олар арнайы құрылған сабақтар бойынша өздерінің оқуларын жалғастыруда. Мектеп кітапханалары да өз оқырмандарына қашықтан кітап оқытудағы жұмыстарын бастап кетті.
Кітапхана ұрпақтардың қарым – қатынас, таным және диалог шығармашылық ортасы, ақпараттық ресурс орталығы болғандықтан бүгінгі таңда кітапханалық қызмет көрсетуде уақыт талабына сай жаңаша көзқараста жұмыстар атқаруда. Кітапханалық сервисті дамыту – Маңғыстау облыс мектеп кітапханалары қашықтықтан жұмыс жасаудың тиімді тәсілдерімен кітап оқуды насихаттауда, кітапханаларды алға бастырудың перспективті бағыттарының бірі Facebook әлеуметтік желісінде, Mail. ru, Контакте, Twitter сияқты кітапхана желілік ресурстарды кеніңен пайдалануда. Кітапханаларда әлеуметтік желілердің тіркелу арқылы, Facebook инстаграм желілерінде өз оқырмандармен ашық пікір алмасып, әдебиеттерді ұсыну жұмыстарын жүргізуде, мысалға онда жаңа кітаптардың фотосуреттері, әр түрлі тақырыптарда іс - шаралар, электрондық шолу, буктрейлер, топтық ақпарат жаңа әдеби кітаптар, мерзімді басылымдардағы қызықты мақалалар, кітапхана қорына келіп түскен жаңа әдебиеттер туралы бейнебаяндар ұсынып, оқырманның сұранысын орындауда. «Өрлеу» БАҰО» АҚ Маңғыстау облысы бойынша филиалы облыс мектептерінің барша кітапханаларымен бірлікте «Халықаралық кітап күніне» орай, «Кітап – білім бұлағы» тақырыбымен Кітап апталығын өткізді. Апталықтың мақсаты мектеп кітапханалары оқырмандарын қолдау негізінде әрі бос уақытты тиімді пайдалану мақсатында белгілі ақын жазушылардың туындыларын танып, білуде, оқушылардың шығармашылық ізденістерін ұштау, оқушының кітап оқуға деген қызығушылығын дамыту. Бүгінгі таңда мектеп кітапханашылары кәсіби шеберлігін дамытуда, ақпараттық ортаны құру және қызмет ету ерекшеліктерін жаңа көзқараста дамытуда. Өткізген шараларын әлеуметтік желіде жариялап, оқырманмен байланыста үзбей жұмыс атқаруда.
«Өрлеу» БАҰО» АҚ Маңғыстау облысы бойынша филиалының кітапхана ісінің
бас маманы Өтебаева А.
184
0
1 дауыс
Оқи отырыңыз
Төлеген Мұсабеков: өткенін білмеген елдің болашағы бұлыңғыр
Төлеген Мұсабеков: өткенін білмеген елдің болашағы бұлыңғыр
Нұр - Сұлтан қаласындағы Халықаралық мектептің шығармашылық тобы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ ұйымдастыруымен Ұлы Жеңістің 75 жылдық мерейтойына орай
Полный текст Закона «О статусе педагога»
Полный текст Закона «О статусе педагога»
Настоящий Закон определяет статус педагога, устанавливает права, социальные гарантии и ограничения, обязанности и ответственность педагога.
ҰБТ электронды форматта өтетін болды
ҰБТ электронды форматта өтетін болды
Үкіметтің кезекті отырысында Білім және ғылымды дамытудың 2016 - 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру және 2025 жылға дейінгі жобасы мәселелері қаралды. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов өткен кезеңдегі жұмыс
Латын негізіндегі қазақ тілі әліпбиінің жаңа нұсқасы
Латын негізіндегі қазақ тілі әліпбиінің жаңа нұсқасы
Президент Қ. Тоқаев бүгінде қолданысқа енген қазақ тілінің латын негізіндегі әліпбиінің кемшіліктері бар екенін айтып, тиісті мекемелерге оны қайта қарауды тапсырды.
В Казахстане изменятся формы аттестации школьников
В Казахстане изменятся формы аттестации школьников
Вышел приказ министра образования и науки, отменяющий ряд школьных экзаменов. Некоторые испытания, ранее сдававшиеся в устной форме, станут письменными.
2019 жылдың жұлдыз жорамалы
2019 жылдың жұлдыз жорамалы
Жаңа жылдан әрдайым жақсылық күтетін қазақ елінің әр бір азаматына тек жақсылық пен бақыт тілей отырып, 2019 жылға арналған жұлдыз жорамал ұсынып отырмыз. Армандаған армандарыңыз орындала берсін!
Пікірлер (0)