ойын сауық отауы
2018 жылы Ит жылында сізді не күтіп тұр? Жұлдыз жорамал.
25.12.2017 12 482 0 Дауыл

2018 жылы Ит жылында сізді не күтіп тұр? Жұлдыз жорамал.

Бұл қызықты
2018 жылы Ит жылында сізді не күтіп тұр? Жұлдыз жорамал.

2018 жылы сіздің өміріңізде қандай өзгерістер болады, қиындықтар мен жетістіктердің артында не тұр? Денсаулық жағдайыңыз бен қаржылай өзгерістер қалай құбылмақ? деген сұрақтарға жұлдыздардың берер жауабын біле жүріңіз!

Тоқты. 2018 жылда сізге бұрынғыдан да жауапты әрі талапшыл болуға тура келеді. Ештеңеге қарамастан еңбек ете берудің қажеті жоқ. Бұл жолы күшіңізді жинап, қажет жерде ғана жұмсауды үйренгеніңіз абзал. Әрине ол оңай емес. Егер өзіңізді тыңдап, қалауыңызға құлақ ассаңыз көптен армандаған бағалы мүліктерді де ала аласыз.

Серіктестікте сақ болғаныңыз жөн. Өзіңіз сенетін адамдармен істескен жұмыс нәтижелі болғалы тұр. Тек бұл жылы келген дәулеттің барлығы сіздің шыдамдылығыңыз бен алысты болжай алатын қасиетіңізге орай өз жемісін бергелі тұр. Бірақ, серіктестік кезінде ештеңеден ұялмаған дұрыс. Туысыңыз немесе досыңыздың көңіліне қарап жұмыстың тоқтауына жол бермеңіз. Барлығын алдын ала ақылдасып, шешіп, міндеттерді бөлісіп алған дұрыс.

2018 жылы сіздің өміріңізде ерекше қуаныш болады. Тұрмыс құрмағандар махаббатын кездестіреді. Балалы болғысы келгендер перзент сүйеді. Яғни отбасылық қуанышқа бөленетін жыл. Осындай қуаныштар сізге күш беріп, жұмыста жаңа идеялардың туындауына септігін тигізеді. Жаңа шығармашылық табыстар күтіп тұр. 2018 жыл Тоқтылар үшін табысты болады. Бірақ соған сай еңбек ету керек болады.

Бұл жылы сіз көп энергияңызды сарп етесіз. Бірақ нәтижесі де жоқ емес. Отбасы бақытын сақтап қалуға тырысыңыз. Жақындарыңыздың махаббатына жауапсыз болмаңыз. Жолда абай болыңыз, өзіңіз қаламаған жаққа бармағаныңыз дұрыс.

Себебі Тоқтылар алдын ала көптеген дүниелерді сезе алады. Бірақ, көп жағдайда құлақ аспайды. Жазға қарай үй мәселесі туындауы мүмкін. Жаңа үйге көшуіңіз де ықтимал, құрылыс жұмыстары сынды бірнеше жауапкершілігі мол істер күтіп тұр.

Жыл соңына қарай өз кәсібіңізді кеңейтесіз. Жыл бойы өзіңіз бұрын соңды армандаған істен көптеген тәжірибе жинақтап, бастаған шаруаңызға еш өкінбейтін жағдайға жетесіз. 2018 жылды отбасылық махаббат пен жұмыстағы жетістіктермен аяқтайсыз.

Торпақ. 2018 жылда сіздің өміріңіз отбасындағылар мен әріптестеріңізге тікелей байланысты болып тұр. Сіз әріптестеріңіздің арқасында өзгелердің және туыстарыңыздың мақсатына қол жеткізу үшін еңбек етесіз.

Өзіңізді сыйлап, жақсы көретін адамдардың арасында жүргеніңіз дұрыс. Шығармашылықта, саудада, әдебиет пен ғылымда осы жылы жемісті еңбек еткелі тұрсыз. Сіз армандаған ұсыныстар биыл жасалатын болады. 2018 жылы материалдық жағдайыңызды айтарлықтай жасап аласыз. Осыған дейін жасаған еңбегіңіздің нәтижесін көретін жыл болып тұр.

Себебі сіз үнемі біліміңізді, мейіріміңізді, достығыңызды қайтарылатын адамдарға беріп жатқаныңызға кейде ашуланасың, бірақ инвестицияның қайтымын алатын уақыт туған сыңайлы.

Сіз өткен өміріңізде аяқ асты қоштасқан адамды қайта жолықтырасыз. Ол сіздің өміріңізге жаңа леп алып келері анық. Бірақ сіз олардан талап етіп, қайта - қайта есептесер болсаңыз ара - қатынасыңыз тағы ұзақ уақытқа үзілуі мүмкін.

Таза ниетпен, ескі таныстарыңызды маңайыңызға жинар болсаңыз, ісіңіз оңға басып, нәтижесін көресіз. Бірақ, адамдарға материалдық, рухани тұрғыда көмектеспес бұрын аздап ойланғаныңыз дұрыс. Себебі, сіз жақсылық жасағалы тұрған адам оны түсінбестен, кері жауап қайтаруы да әбден мүмкін.

Жыл соңына қарай сізде қаржы тапшылығы болады. Жұмыста аздаған мәселелер туындап, сізді қажытатын жағдайлар болады. Жыл басынан бастап жаныңызды емдеумен айналысқаныңыз дұрыс. Себебі ашуға берілген жағдайда асығыс шешім қабылдап, өзіңізді жоғалтып алуыңыз әбден мүмкін.

Өзіңіз елге жақсылық жасай отырып, адамдардың сеніміне кіргеніңіз дұрыс. Себебі, сыртыңызға шығармастан, іштей біреуді жақсы көргеніңіз ешкімге де пайдасын тигізбейді. Өзіңіз ойлаған жұмысты алып - ұшып орындауға асықпаңыз. Себебі жоспар толықтай жүзеге асу үшін сіздің күшіңіз бен қаржыңыз жетпей қалуы мүмкін.

Егіздер. 2018 жылда сіздің туған - туыстарыңызбен ара қатынасыңыз жақсарып, бұрынғыдан да жақын араласа бастайсыздар. Араласатын адамдарыңыз көбейеді. Жұмыста құлшынысыңыз артып әріптестеріңізді, серіктестер мен көптеген адамдарға жақсылығыңыз тиеді.

Өзі ісіңізді ашуға толықтай күшіңіз бен тәжірибеңіз жететін жыл болғалы тұр. Биыл білім аламын десеңіз де, саяхатқа шығамын десеңіз де, шығармашылықта көптеген табыстарға жетерліктей мүмкіндіктер мол болады.

Жылдың алғашқы тоқсанында тұрғылықты жеріңіз бен жұмысыңызды ауыстыруға өте ыңғайлы мүмкіндіктер болады. Жұмыста басшыларыңыз ауысып, көптеген өзгерістер болуы ықтимал. Бұл ауысулар бірнеше уақытқа, ұзақ мерзім жалғасуы мүмкін.

Сондықтан басыңызды алып, өз ісіңізбен айналысуға болады. Алғашында табысыңыз тұрақты болмайды, бірде қалтаңыз толса, кейде мүлде тиынсыз қаласыз.

Қаңтардың басында қаржылай қаңтарылып қалуыңыз мүмкін. Себебі жұмыста қиындықтар туады. Туысқандарыңызға ақша қажет болуы мүмкін. Айналаңыздағы достарыңыз сізді қиындықтан құтқарады.

Ол сізбен бірлесе жұмыс жүргізсе де өте сәтті әрі табысты болады. Жақын құрбы - құрдастарыңыз сізді көптеген қиындықтан құтқара алады. Қиындықтан кейін бастаған алғашқы ісіңізде табыс оңайлықпен келе қоймайды. Тек бар әрекетіңізді салғанда ғана нәтиже болады.

Жылдың жартысынан көбінде серіктестеріңіз бен қарсыластарыңыз, бәсекелестеріңізден көптеген қиындық көресіз. Өз ұстанымыңызды жүзеге асыру үшін дәлелді әрі нәтижелі есеп беруіңізге тура келеді.

Күзге жақын сізді түсінетіндер мен сенетіндер маңайыңызға жинала бастайды. Отбасы мен туысқандарыңыздың қолдауын сол кезде ғана түсініп, жақындаса түсуіңіз мүмкін. Жаз аяқталған кезде өз денсаулығыңызға көңіл аударуға тура келеді. Сол кезде отбасыңызбен, балаларыңызбен демалыс мақсатында саяхаттауға шықсаңыз да бәрі оңынан болмақшы. Табысыңыздың бір бөлігін қиын күндерге сақтай жүргеніңіз абзал.

Себебі барлық қаржыны демалысқа жұмсап тастап, жұмыстың жүруіне қажет кезде таппай қалуыңыз мүмкін. Білім алу, шығармашылыққа ауысу сынды жаңа ойларды жүзеге асыруға болады. Осы жылы біраз кедергілер мен қиындықтарға душар боласы. Бірақ өзіңіздің қайсарлығыңыздың арқасында соңында жақсылыққа жетесіз.

Шаян. 2018 жылы Шаяндар үшін отбасы мен балалары маңызды рөл ойнайды. Балалар өз жетістігімен қуантып, кейде алаңдауға мәжбүрлейді. Жылдың көп бөлігін махаббатқа мас болып өткізесіз деп айта аламыз.

Егерде үйленбеген, тұрмыс құрмаған болсаңыз сізге сезім білдірушілер қатары бірден артады. Бұрын соңды болмаған жетістікке жетесіз. Жаныңыз қалаған жұмыспен айналысып, спорт, демалыс дегендерге көп уақытыңызды бөлесіз. Осы жылы сіз үшін ең табысты жылдардың бірі болады. Бірақ жақындарыңыз үшін уайымдайтын кездеріңіз де аз емес. Көпшіліктің алдына шығып, аяқ астынан танылып кетуіңіз де ғажап емес.

Жылдың бірінші тоқсанында барлығы да бұрынғысынша болып көрінуі мүмкін. Бұл кезде жұмыстағы жаңа бұрылыстар туралы ойлана бастаған кезіңіз болады. Осы кезде өз ойыңызды жүзеге асыру үшін жаңа шешімдер қабылдайтын боласыз.

Жаңа жоспарлар мен жобалар ойлап табасыз. Қорықпаңыз, ешқашан да ақшасыз қалмайсыз. Осында жылдам қабылданған шешімдер үшін сүйіктіңізбен келіспей қалуыңыз да мүмкін. Бірақ артынан махаббат сіздерді қайта қосады.

жылдың екінші жартысында жаңа қызығушылықтар сіздің өміріңізді өзгертеді. Өзіңізді дамыту кезінде туыстарыңыз айтарлықтай қолдау көрсететін болады. Жарыққа шығып, жаңа бастаманы жақсы жүргізуде туыстарыңыздың берген кеңесі үлкен рөл ойнайтын болады.

2018 жылы білім аламын десеңіз де, шығармашылықты таңдасаңыз да, ғылыммен, әдебиетпен айналыссаңыз да айыңыз оңынан туып тұр. Бірақ жолыңызда сізді алдағысы келетіндер жолығады. Достарыңыздың қатары бірден артады.

Бірақ олардың барлығы расымен де сіздің жақсылыққа жетуіңізге тілектес болмай шығатын жағдайлар кездеседі. Бірақ сіз айналаңыздағы өсек - аянға көңіл аудармаңыз. Күдік туғызатын адамдардан өзіңізді аулақ ұстасаңыз жеткілікті. Олар сізге ешқандай да зиянын тигізе алмайды.

Арыстан. 2018 жыл Арыстандарға жаңа табыстар мен жеңістер алып келеді. Бұл жылы өміріңізде көптеген өзгерістер орын алады. Сіз өз әріптестеріңіздің, достарыңызбен бастаған жұмыста, ортақ кәсіпте айтарлықтай, жұрт қызығарлықтай көшбасшы боласыз. Бірақ, бұл бір жылдың ғана жемісі емес.

Осыған дейін жұмсаған еңбегіңіздің нәтижесі деп біліңіз. Үйіңізде, отбасында тіпті әулетіңізде көптеген маңызды мәселелерді шешесіз. Үйлі болуыңыз да мүмкін. Көптен армандаған баспанаға қол жеткізесіз. Ескі таныстарыңыз қайта келіп, сізге қолдау көрсетуі мүмкін.

Шын мәнісінде, өзіңіз қызықпайтын, сіз үшін мән - маңызы жоқ істерге ден қоюға тұра ма? Одан да көңіліңізге жағымды іспен айналысып, уақытыңызды пайдалы өткізген дұрыс. Көңіліңізбен құлай берілетін іс - әрекет, шаруалар кезегі келгенде күш - қуатыңыз да таси түседі.

Арыстандар жасай алатын ең дұрыс іс – жағдайларды асықтырмай, өмір ағымымен жүзіп, өзіңізді тым көп күш түсірмеңіз. Егер мүмкіндік туып жатса, аздап жалқаулануға да болады. бар уақытыңызды қызметіңізге, кәсібіңізге арнап қана қоймай, ұсақ-түйек шаруаларға да көңіл қойыңыз.

Махаббат мәселесіне келер болсақ, Арыстандар бұл жылы жаңа таныстар тауып, сезімге беріліп, романтикалық хикаяларды бастан кешеді. Десе де өмір – спорттық жарыс емес. Бақыттың мөлшері махаббатқа құрылған қарым - қатынастар санымен өлшенбейді.

Егер Тоқты бар жүрегімен шынайы бақытын табуға ұмтылса, алдағы жылы қарым - қатынастағы тілектеріңіз бен талаптарыңызда қарапайым болыңыз. Ең болмаса, шектен шыққандығыңызды түсінгейсіз.

Бикештер. 2018 жылы Бикештердің өмірінде көп өзгерістер орын алады. оларға бір дүниеге ғана назар аудару, тек бір жоспардың соңынан жүру қиындық туғызады. Бір жағынан, бұл өзгерістер әдеткі өмірін ағымын бұзғандықтан, Бикештердің ызаландырады. Басқа қырынан алсақ, дәл осы өзгерістер өмірін қызықты, жарқын етеді.

Бастысы, бұл өзгерістердің бетін қайтару Бикештердің құзырында емес, оған қауқарсыз да. Сондықтан бұл жағдайларға алдын ала көндігіп, мүмкіндігінше өз пайдаңызға қолдануға тырысыңыз.

Жыл бойы тағдыр Бикештерге өмірін жарқын етіп, жаңа сезім, жаңа ой, жаңа таныстықтарға толтыруға талай мүмкіндік береді. Ол мүмкіндіктерді қолдану - қолданбау олардың өз еркінде. Егер қолдана білсе, келер жыл бастан - аяқ қызыққа толары анық. Ал бас тартса, талай мүмкіндікті, өзгерістерді құр жіберіп, артынан бармағына шайнауы мүмкін.

Жұлдыздар Бикештердің аяғы баспаған жерден өз махаббатын табарын айтады. Жаңа ел, жаңа сезім, жаңа достар бұл жұлдыз белгісі өкілдерінің өмірін гүлдендіріп қана қоймай, жүрегін махаббатқа айқара ашып, сезім отын лаулата түседі.

Ол, әсіресе, өз жұбын тапқан Бикештерге қатысты. Қызыл Қораз жылы төрт қабырғаға қамалып отырмай, жиі серуендеуге, саяхаттауға тырысыңыз. Тіпті, әмияныңызда соңғы ақша қалса да, оны шет мемлекеттерге саяхаттауға жұмсаңыз. Сүйіктіңізбен әлемді аралап, сезіміңізді, қарым - қатынасыңызды нығайта түсіңіз.

Таразы. 2018 жыл Таразы маңызы зор, үлкен істер атқаруға мүмкіндік береді. Ол Таразылардың өміріне әсерін тигізбей қоймайды. Келе жатқан жылы оларға белгілі бір істі қолға алып, бос шаруаларға мән бермей, соған ғана көңіл бөлу, алға қойған мақсаттарының ішінен ең маңызды әрі келешегі зорын таңдау оңайға соғады.

Бұл жылы Таразылар ерекше қасиетке ие болады. Ол – қай істің болмасын пайдалы не пайдасыз, келешегі бар не жоғын, табысты не табыссыз екенін ажырата алу қасиеті. Егер қандай да бір іс Таразыларды зеріктірсе, оның ұзаққа бармайтынын, сәтсіздікке ұшырайтынын біліңіз.

Ал аталған жұлдыз белгісі өкілдері болашағы зор істі көзі шалса, оған барын салып, күш - қайратын аямайды. Жұлдыздар Таразы қолға алған мақсат - жоспарының бәріне қолдау танытады. Олар мансабында, кәсібінде, тіпті, шығармашылық бастамаларында табысқа қол жеткізеді.

Мұндай сәттілік жүрегінің жартысын іздеген Таразы да серік болады. Жүрегінің таңдауы 2017 жылы Таразыларды алдамай, нағыз бақытын табады. Бұл жылы қарым - қатынасыңызды отбасын құру, сәбилі болу тәрізді жаңа деңгейге шығара аласыз.

Өмірлік серігін іздеген Таразылар сүйіктісімен қауышады. Бастысы, өз жүрегіңізге, ішкі түйсігіңізге сеніңіз. Егер жүрегіңіз алдыңыздағы адамның сіздікі екенін айтса, күмәнданбастан алғашқы қадам жасаңыз.

Сарышаян. 2018 жыл Сарышаяндар үшін сәтті болмақ. Өзіне, өз күшіне сене білетін Сарышаяндар жолында кездескен мүмкіндіктердің барлығын құр жібермейді. Нәтижесінде өмірінде бірқатар оң өзгерістер орын алады. Өзгелері «жеті рет ойлап, бір рет кеспек» үшін біраз уақыт ой соңында жүргенде, салқынқанды Сарышаяндар мақсатына жетудің оңай жолын тауып, күмәнсіз, табысқа қол жеткізеді.

Келер жылы бұл жұлдыз белгісі өкілдері діттеген мақсаттары мен жоспарларын жүзеге асыра алады. Олардың бойындағы әр істі саралай шешіп, дұрыстығына көз жеткізіп барып қолға алу қабілеті бұл жылы Сарышаяндар үшін аса пайдалы болмақ.

Өзгелердің аяқтан шалуға талпынған кез - келген жымысқы әрекеті Сарышаяндарға зиянын тигізе алмай, қазған орларына өздері түседі. Бұл жұлдыз белгісінде дүниеге келген жандардың ойы – нақты, жауабы – жылдам.

Десе де бұл жылы Сарышаяндар туыстарымен, жақындарымен қарым - қатынасында мұқият болғаны абзал. Өкінішке орай, Сарышаяндар өзіне сенгендей сенетін ең жақын, сенімді адамдары үмітін ақтамай, сатқындық жасауы мүмкін. Оған дайын болуға тырысыңыз.

Келе жатқан Қызыл Қораз жылы Сарышаяндар өз бақытына өзі ұста болмақ. Тағдыр көптеген мүмкіндіктерді қарша боратады.

Оларды дер кезінде қолдану не бас тарту Сарышаяндардың өз еркінде. Сарышаяндар бойындағы үлкен күш, жүрегінің кеңдігі оларды тартымды ете түседі. Сондықтан сүйіктіңіздің тарапынан көңіл аз бөлінуінен қорықпаңыз. Басы бос Сарышаяндар жолында кездескен жанның бәріне жүрегін, сырын ашпағаны жөн.

Басыңыз ойға, жүрегіңіз сезімге толып тұрса да, олардың барлығын жария етуге асықпаңыз. Шынайы түсініп, ішіңіздегіні қас - қабағыңыздан аңғара алатын жандарды бағалап, шаңырақ құруды ойға алыңыз.

Мерген. 2018 жылы Мергендер бойында бұғып жатқан жаңа дарын мен қырларын байқайды. Оның шығармашылық қабілеті және парасаттылығы көп мүмкіндіктерге есік ашып, талай биікті бағындыруға көмектеседі.

Әрине, бұл деген әрбір Мерген 2018 жылы ғаламат дүниелерді жүзеге асыруы тиіс дегенді аңғартпайды. Бірақ олардың қатысуымен жасалған істің қай - қайсы болмасын бұрынғыдан айтарлықтай жақсырақ шықпақ. Ең бастысы, айналысқан істердің барлығы Мергендердің көңілін қанағаттандырып, қызығушылығын арттырады.

Жұлдыздар Мергендердің кез - келген салада табысқа жетіп, айы оңынан туатынын айтады. Шығармашылықтан бөлек, ол жеке кәсіп саласында да айтарлықтай табысқа қол жеткізеді. Кәсіпті де адамнан өзгеше ойлауды талап ететін шығармашылық ретінде қарастыруға болады.

Ал шығармашылық қабілет бұл жылы Мергендер бойында тулайтынын жоғарыда айтып өттік. Сондықтан 2018 жыл Мергендер үшін сәтті болмақ. Қолға алған әр ісіне ынта-шынтасымен кірісетін Мергендердің алар асулары көп.

2018 жылы Мергендер тек өз қызығушылықтарына бар уақытын арнайды. Өз кезегінде дәл осы әрекеті қарсы жыныс өкілдерінің қызығушылығын тудырып, еліктіре түседі. Басқаша сөзбен айтсақ, бұл жылы Мергендерге жаңа таныстар іздеудің қажеті жоқ.

Сүйікті ісімен айналысып, саяхаттап, кітап оқып, қызықты тақырыптарды талқылап, театр мен көрмелерге барсаңыз болғаны. Жаңа таныстарды Мергендерді өздері - ақ іздеп табады. Бұл жылы Мергендерге көз салатын жандар қатары көбейеді. Сондықтан қызғаныш нысанына айналуыңыз ғажап емес.

Тауешкі. 2018 жылы Тауешкілер өмірі қызықты сипат алады. Жұлдыздар жаңа мүмкіндіктер сыйлап, өмірін өзгертуге жағдай тудырады. Мұндай мүмкіндіктер Тауешкілердің қатысуынсыз - ақ өздігінен пайда болады.

Оларды пайдалану не жіберіп алу Тауешкілердің өз ырқында. Өмірді жарқын ету үшін берілген мүмкіндіктердің құр өзі аздық етеді. Ол үшін мүмкіндіктерді дұрыс қолдана білу қажет. Ал ол Тауешкілер үшін оңай болмауы мүмкін.

Мақсаттарының соңында жүріп, ережелерге, ағысқа қарсы жүзіп, қателіктерге ұрынуы мүмкін. Нәтижесінде табысқа жеткізетін мүмкіндіктердің ізі де қалмайды. Сонымен қатар көптен күткен үлкен табыс үлкен қателікке айналуы ғажап емес.

Аталған жайлар себепті, 2018 жылы Тауешкілерге бар тәртіп пен ережеге бағыну қажет. Ол мақсатыңызға қол жеткізуге көмектеспесе де, көптеген бәледен, түзетілмес ағаттықтардан құтқаратынына сеніңіз.

2018 жылы Тауешкілер үшін махаббат үлкен айдын іспетті болса, өздері шалғайдағы жағалаудан ғашығын іздеген кеме капитаны рөлінде болады. себебі жыл бойы тынымсыз махаббатын іздеумен әуреленеді.

Ал бұрынғы сүйіктілері неліктен көңілінен шықпағанын түсіндіруге қауқарсыз. Басқа сөзбен айтқанда, Тауешкілер үшін бұл жыл сезімге толы болмақ. Өз кезегінде берік отбасын, отбасылық бақытты екінші орынға қойып, сезімнің жетегінде еретін Тауешкілер үшін мұның зияны басым. бойындағы бұл сезімді бақылауға алып, махаббатын алыстан іздегеннен бұрын берекеге толы шаңырақ құрғаны жөн.

Суқұйғыш. 2018 жылы Суқұйғыш үшін сәтті болмақ. Өзіне, өз күшіне сене білетін Суқұйғыштар жолында кездескен мүмкіндіктердің барлығын құр жібермейді. Нәтижесінде өмірінде бірқатар оң өзгерістер орын алады. Өзгелері «жеті рет ойлап, бір рет кеспек» үшін біраз уақыт ой соңында жүргенде, салқынқанды Суқұйғыштар мақсатына жетудің оңай жолын тауып, күмәнсіз, табысқа қол жеткізеді.

Келер жылы бұл жұлдыз белгісі өкілдері діттеген мақсаттары мен жоспарларын жүзеге асыра алады. Олардың бойындағы әр істі саралай шешіп, дұрыстығына көз жеткізіп барып қолға алу қабілеті бұл жылы Суқұйғыштар үшін аса пайдалы болмақ. Өзгелердің аяқтан шалуға талпынған кез - келген жымысқы әрекеті Суқұйғыштар зиянын тигізе алмай, қазған орларына өздері түседі. Бұл жұлдыз белгісінде дүниеге келген жандардың ойы – нақты, жауабы – жылдам.

Десе де бұл жылы Суқұйғыштар туыстарымен, жақындарымен қарым - қатынасында мұқият болғаны абзал. Өкінішке орай, Суқұйғыштар өзіне сенгендей сенетін ең жақын, сенімді адамдары үмітін ақтамай, сатқындық жасауы мүмкін. Оған дайын болуға тырысыңыз.

Келе жатқан Қызыл Қораз жылы Суқұйғыштар өз бақытына өзі ұста болмақ. Тағдыр көптеген мүмкіндіктерді қарша боратады. Оларды дер кезінде қолдану не бас тарту Суқұйғыштар өз еркінде.

Суқұйғыштар бойындағы үлкен күш, жүрегінің кеңдігі оларды тартымды ете түседі. Сондықтан сүйіктіңіздің тарапынан көңіл аз бөлінуінен қорықпаңыз. Басы бос Суқұйғыштар жолында кездескен жанның бәріне жүрегін, сырын ашпағаны жөн.

Басыңыз ойға, жүрегіңіз сезімег толып тұрса да, олардың барлығын жария етуге асықпаңыз. Шынайы түсініп, ішіңіздегіні қас - қабағыңыздан аңғара алатын жандарды бағалап, шаңырақ құруды ойға алыңыз.

Балықтар. Балықтар үшін келе жатқан 2018 жыл – тосын сыйларға күтпеген жайлар толы. Балықтар қандай жоспар құрып, табандылық танытса да, жұлдыздар өзгерістерін енгізбей қоймайды. Олардың қашан орын алатынын болжау мүмкін емес. Әрине, бұл Балықтар алдағы жылға ешқандай жоспар құрмауы тиіс деген сөз емес.

Керісінше, жоспарлау керек. Тек жоспарыңыздың күтпеген жерден өзгеруіне дайын болыңыз. Олардың еш зияны жоқ. Керісінше, өз пайдаңыз үшін қолдана аласыз. Мұнда, бастысы, өзгерістермен күресуге күшіңізді жұмсамаңыз. Орын алған өзгерістерді мүмкіндігінше дұрыс бағалап, соларға сәйкес жоспарыңызға түзетулер енгізіңіз.

Егер Балықтар бұл кеңеске құлақ асса, тағдырыңыз құндылығы зор сыйлармен қуантады. Ал өзгерістермен күресуге бел шешсе, табысқа қол жеткізері екіталай. Дегенмен күш - қайратын, ерік - жігерін шыңдай алады. Оның да пайдасы жоқ емес.

Келе жатқан 2018 жылы махаббатта өз ұстанымыңыздан танбаңыз және жұмсақтық танытыңыз. Егер сүйікті адамыңыз бар болса, қарым - қатынасыңыздың қаншалықты берік екендігін тексеруге талпынбасаңыз да болады.

Өкінішке орай, өмір оны сіз үшін жасайды. Бір - біріңізге сезімдеріңізді дәлелдеу үшін талай сынақтан өтуге тура келеді. Ол арадағы түсініспеушілік, өзгеге көз салумен байланысты болуы мүмкін. Десе де мұндай сынақ кімнің де болсын басынан өтеді. Егер сезімдеріңіз шынайы, махаббаттарыңыз адал болса, ештеңеден қорқудың қажеті жоқ. Сыннан сүрінбей өтсеңіздер, бір - біріңізді бұрынғыдан артық бағалай бастайтындарыңыз анық.

Дереккөзі: stan. kz

Шығыс гороскоп жорамалы 2020 жыл Шығыс гороскоп жорамалы 2020 жыл
Жаңа жылдан жақсылық, бір жаңалық болатындай күтеміз. Ересек болып кетсек те жаңа жылдың ғажайыпқа толы сыйы болатынына бәріміз сенеміз. Бүгін шығыс
2019 жылы ең жиі қойылатын есімдер 2019 жылы ең жиі қойылатын есімдер
Қазақта әрқашан балаларына есімді таңдау ең күрделі және жауапты іс болғаны белгілі. Сіздерге 2018-2019 жылдары жиі таңдалатын есімдер тізімі мынадай
Жұлдыз белгілері:  сіздің қарым-қатынасыңыздың бұзылуының басты себебі Жұлдыз белгілері: сіздің қарым-қатынасыңыздың
Өз жартыңызбен немесе болашақ серіктесіңізбен өзара байланыс кезінде кездесетін кемшіліктер қандай? Бұл жөнінде астрология не дейді?
2018 жылғы ораза қай айда басталады? 2018 жылғы ораза қай айда басталады?
ҚМДБ бекіткен 2018 жылғы діни күндер күнтізбесіне сүйенсек, осы жылы Рамазан айы мамырдың он жетісіне сәйкес келіп тұр.
2018 жылы 1 қаңтардан бастап ұстаздар жалақысы қаншаға өседі? 2018 жылы 1 қаңтардан бастап ұстаздар жалақысы
1 қаңтардан бастап 1, 2, 5 және 7 - сыныптар ұстаздарының жалақысы көтеріледі. Ал 2018 жылдың 1 қыркүйегінен бастап 3, 6 және 8 - сынып ұстаздарының
Жұлдыз - жорамал 2016 Жұлдыз - жорамал 2016
Мешін жылында өмірдің әр саласы түрлі оқиғаға толы болмақ. Қазір көңіліңізден шықпай жүргеннің бәрі: жеке өміріңіз, денсаулығыңыз бен қызметіңіз
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×