ойын сауық отауы
Пәлсапа пернелері: Эмпедокл Акрагантский
27.11.2023 1 216 0 Admin

Пәлсапа пернелері: Эмпедокл Акрагантский

Мақал-мәтелдер
Пәлсапа пернелері: Эмпедокл Акрагантский
(шамамен б. д. д. 490 – 430 ж. ж.)
Философиялық афоризмдері
Сезіміңе сенім артсаң – адастың.
Оймен барла – асулардан әрі астың.
* * *
О, адамзат, азап сені қажытты - ау.
Қанды тырнақ қырқысқанды пешенеңе жазыпты - ау!
* * *
Ғылым ақыл - ойды кемелдендіреді.
* * *
Ой дегеніміз – сезімнің өзі немесе соған ұқсас нәрсе.
* * *
Біздің дене мүшелерімізге танымның мардымсыз мүмкіндігі ғана берілген.
* * *
Ақымақтар! Егер әу баста жоқ нәрсе енді болады, яғни әлдене жоғалады немесе мүлдем құрып кетеді деп ойласаңдар, ақылдарың шолақ болғаны.
* * *
Біртұтас болмыс сапалық жағынан қарама - қарса сипатта болуға тиіс.
* * *
Махаббат пен өшпенділік! Екеуі де мәңгілік, жаратылған күннен бері бір - бірімен бітіспес жау. Олар бізге дейін де болған, бізден кейін де бола береді һәм олардың бірі күндердің күнінде жоғалады деп еш ойламаймын.
* * *
Егер Махаббат пен Өшпенділік мүлдем құрып жоғалып кетсе, әлем қалай жаратылар еді.
* * *
Махаббат бәрін қосады.
Өшпенділік – талқандап, шашады.
* * *
Құдай – алтау: төртеуінің ғұмыры шектеулі (от, су, ауа және топырақ), ал екеуі мәңгілік және олар бір - бірімен өмірбақи қырқысып өтеді (Өшпенділік һәм Махаббат).
* * *
Барлық жерде ой - сана мен қажеттіліктің бір бөлшегі бар.
* * *
Табиғат барлық нәрсеге ақыл берген: хайуанаттарда ғана емес, өсімдікте де ақыл бар.
* * *
Қажетіне қарай дүниедегі барлық затқа Махаббат пен Өшпенділік кезек билік етіп, оларды қозғап отырады, аралық уақытта тыныштық орнайды.
* * *
Әрбір зат өз бөлшектерінің белгілі бір арақатынасына қарай өмір сүреді.
* * *
Мен блзбала да, толықсыған бойжеткен де, құс, балық, тіпті өсімдік те болдым.
* * *
Жо - жоқ, біз ештеңе де сезбейміз, ештеңе де көрмейміз: барлық зат біз үшін жұмбақ, өйткені біз анықтап біле алатындай дүниеде бірде - бір зат жоқ.

баспаға әзірлеген
Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ)
Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар облысы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Пәлсапа пернелері: Шан Ян (Гунсунь Ян) Пәлсапа пернелері: Шан Ян (Гунсунь Ян)
Әйгілі қытай ойшылы, даосизм және конфуцийшілдік іліміне қайшы келетін философиялық - саяси легизм (фа - цзя, заңгерлер мектебінің) – ілімінің
Мұндай махаббат – тек ұлы тұлғаларда ғана болады Мұндай махаббат – тек ұлы тұлғаларда ғана болады
Егер біз махаббатты Эверест шыңына теңесек, сол шыңға шыққандар саусақпен санарлық. Жұрттың бәрі үйленіп, тұрмыс құра береді.
Бар махаббат - Ақұштап Бақтыгереева Бар махаббат - Ақұштап Бақтыгереева
Сенбе дос, өз сертінде тұрмағанға, Махаббат жалған десе бұл ғаламда. Махаббат болмаса егер, дала кезіп, Мәжнүн Ләйлісі үшін жынданар ма.
Махаббат па, махаббат болған менде… Махаббат па, махаббат болған менде…
Махаббат – ерекше сезім, ғажайып құбылыс, жұмбақ нәрсе. Кімге қалай, қашан келетінін білмейсің. Алайда, жер бетіндегі бар адам соны күтуде,
Егер сізді біреу жақсы көргенін қаласаңыз, онда өзіңіз сүйе біліңіз Егер сізді біреу жақсы көргенін қаласаңыз, онда
Сұлулық махаббат туғызбайды, керісінше махаббат сұлулықты көре білуге мүмкіндік береді. (Л.Н.Толстой)
Сен әлі тірі ме едің? Сен әлі тірі ме едің?
О, Махаббат! Сен әлі тірі ме едің!? Көзімнен ғайып болған күнім едің, Гүлім едің... Елтіген түнім едің, О, Махаббат! Сен әлі тірі ме едің!?
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×