ойын сауық отауы
Пәлсапа пернелері: Шан Ян (Гунсунь Ян)
23.09.2023 1 222 0 Admin

Пәлсапа пернелері: Шан Ян (Гунсунь Ян)

Есімдер сыры
Пәлсапа пернелері: Шан Ян (Гунсунь Ян)
(б. д. д. 390 ж. Вэй пашалығы – б. д. д. 338 ж.)
Әйгілі қытай ойшылы, даосизм және конфуцийшілдік іліміне қайшы келетін философиялық - саяси легизм (фа - цзя, заңгерлер мектебінің) – ілімінің негізін қалаушылардың бірі.
Шан аймағының билеушісі Вэй патшалығына қарасты елді - мекендегі ақсүйектер отбасынан шыққан. Гунсунь Ян б. д. д. 361 жылы отанынан кетіп, Цинь Сяо - гуну патшалығында (б. д. д. 361 - 338 ж. ж. ел билеген), патша жанындағы кеңесші қызметіне тұрады. Б. д. д. 356 жылдан бастап патша билігін абсолютизациялауға бағытталған маңызды деген бірнеше саяси және экономикалық реформаларды жүзеге асырады. Ең алғаш рет Қытай тарихында жерге деген жекеменшікті орнатады. Осы еңбектері үшін ол Шан аймағына ие болып, оның билеушісі болады. Б. д. д. 338 жылы Сяо - гун қайтыс болғаннан кейін және оның орнына Хуйвэнь - ванның келуіне байланысты (б. д. д. 338 - 325 ж. ж. елбилеуші), Шан Янға сатқындық жасаған деген айып тағылды. Ол Вэй патшалығына қашуға мәжбүр болады, кейін өзіне тиесілі Шан аймағында бас сауғалайды, сонда болған шайқаста қолға түсіп, жазаланады.
Легизм (латынша «легис» - заңшылдық, қытайша «фа - цзя» - заң мектебі, заңшылдар) – ежелгі қытай философиясындағы негізгі алты мектептің бірі. Заң мектебінің негізін қалаушы ретінде дәстүрлі түрде ірі саяси қайраткерлер Гуань Чжун, Цзы Чань және Ли Куй, У Ци айтылады. Легизмнің басты теоретиктері – Шан Ян, Шэнь Дао, Шэнь Бухай және Хань Фэй.
Әлеуметтік - саяси көзқарастары:
Біріншілердің көзқарастары «Шан цзюнь шу» («Шан аумағын басқарушының кітабы») кітабында, ал екіншілерінікі – «Хань Фэй - цзы» жазба ескерткішінде баяндалған. Легизм теориясына көп дәрежеде үлес қосқан Шан Ян (Гунсунь Ян б. д. д. 390 - 338 ж. ж.). легизмнің негізгі доктринасы – юридикалық заңның (фа) мемлекет пен қоғам өміріндегі шартсыз басшылығы туралы ілім. Заңды тек билеуші ғана шығарады. Легизм теоретиктері деспоттық мемлекеттің концепциясын жасады, ол билеушінің шексіз билігінің арқасында іске асатын болды. Шан Ян «егер барлық жерде заңды басшылыққа алатын болса, ел тәртіптен ләззат алады», - деп жазды. Оның заңының концепциясы, біріншіден, билеушіге жан - тәнімен берілуге тәрбиелеудің негізі ретінде жазалау мен марапаттау жүйесін және, екіншіден, тектердің рангын беру және қызметке тағайындау жүйесін қамтиды. Шан Янның әлеуметтік тоериясының маңызды элементі «халықты әлсіретудің» маңыздылығы, оны билеушінің ырқын бұлжытпай орындайтын құралға айналдыру болып табылады. «Халық ақымақ болса – оны басқару оңай». Яғни, халық пен билеуші антагонистік арақатынаста ғана бола алады. Халыққа оқуға, ойлануға мүмкіндік бермеу керек, ол ауылшаруашылығымен айналысып, тексоғыс туралы ғана ойлануы керек. Ал мемлекет тек ауылшаруашылығы мен соғыс арқылы ғана байиды, күшейеді. Шан Янның бұл тезистерінің негізінде мораль, дәстүр, мәдениет адам табиғатымен – оның пайдаға деген туа біткен құлшынысымен сәйкес емес.
Шан Янның ілімі Хань Фэйдің «басқару өнері» ілімімен ұштасып, императорлық Қытайдың доктринасына айналды. Легизм үш кезеңнен тұрады – соның ең негізгісі, қысқа уақытқа қарамастан, б. д. д. 221 - 207 ж. ж. болды. Легизм Цинь империясының негізгі идеологиясына айналды. Легизмді басшылыққа ала отырып, Цинь шихуан Қытайды біріктірді. Легизмнің басты идеологиялық қарсыласы – конфуцийшілдік болды. Цинь Шихуанның бұйрығымен конфуцийшылдарды қуғындау кезінде 460 конфуцийшыл жерге тірідей көміліп, қалғаны Ұлы Қытай қорғанын салуға жіберілді.

әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар облысы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Тіл тарихы: Өзге тілдерді жұтып қою Тіл тарихы: Өзге тілдерді жұтып қою
Алғашқы император үлкен әрі халық тығыз қоныстанған ауданды басқарды, бірақ ол бүгінгі Қытайдан анағұрлым кішкентай еді. Жалпақ тілмен айтқанда, Цинь
Тіл тарихы: Одақтасу және ыдырау Тіл тарихы: Одақтасу және ыдырау
Алғашқы императордың бірыңғай жазуға айрықша мән беруі сол кездің өзінде тілде аймақтық айырмашылықтар болғанын дәлелдейді. Ол айырмашылықтар жазудан
Тіл тарихы: Мәдениет және мемлекеттер Тіл тарихы: Мәдениет және мемлекеттер
Қытай баршаға ұзақ тарихымен белгілі. Жазу арқылы елде болып жатқан оқиғалар хатқа түсіріледі. Қытай халқы қомақты тарихи еңбектерді ежелден жазып
Халық күнтізбесі: Мүшелдің жалпы сипаты Халық күнтізбесі: Мүшелдің жалпы сипаты
Кейбір авторлар мүшел есебінің саяси және экономикалық рөлі болған жоқ, ол тек адамның жасын есептеуде ғана қолданылды деген пікірді айтқан. Бұл
Шұғылалы шартарап: Анталия қаласы Шұғылалы шартарап: Анталия қаласы
Бастапқыда қала Аталия деп аталды, өйткені оның негізін қалаушы Пергамон билеушісі Атал 2 болды.
Әбілқайыр ханнан бастап қазіргі заманға дейін Қазақстан - Ресей қарым - қатынастары бірер сөз Әбілқайыр ханнан бастап қазіргі заманға дейін
Қазақ хандығының 550 жылдық тарихында 18 ғасырдың бірінші жартысында Кіші жүзің басқарған Әбілқайыр ханың үлкен үлесі бар. 1993 жылы Қазақстан
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×