ойын сауық отауы
Қыз ұзату тойына арналған тілектер
18.06.2024 256 637 1 Дауыл

Қыз ұзату тойына арналған тілектер

Бата, тілектер / Өлеңдер
Қыз – тіршіліктің тірегі.
Қазақ қызын қашанда қадір тұтқан. Қасиетке балаған. Төрін ұсынған. Себебі, қыз - өріс. Қыз – кие. Қыз – ұлтының ұяты. Қыз – халқының шырайы. Қыз - өмірдің бастауы. Қыз – тіршіліктің тірегі.
Бұл қасиеттер қыз ғұмырдың пешенесіне әуел бастан - ақ бұлжымастай етіп жазылғандай. Ал сол ақ үрпек балапанын аялы алақанынан ұшырарда қай ата - ананың болмасын көңілі тоқып, жан тебіренісіне түсері хақ. Сосын өзегін жарып шыққан балапанына: «Құтты орныңа қонып, бағың ашылсын!» деп Жаратқаннан тілек тілеумен болады.

***
Міне, бүгін қызымыз ата - ана ұясынан ұшып, жүрегінің қалауымен өмірлік серігі......(аты) қол ұстасып, қызығы мен қиындығы қатар үлкен өмір жолына аттанды. Сөйтіп ата - анасының өрісін кеңейтті. Отбасын құру – үлкен абыройлы іс. Абыройлы іске биік рух керек. Барған жеріңде бағың ашылсын, шаңырағың биік, босағаң берік болғай! Екеуің қазақтың үлгі тұтар отбасына айналыңдар!

***
Шаңырақтың шырағысың шаттығы,
Текті жердің тұяғысың ақ гүлі.
Мың жыл құда болуға да атты күн,
Екі жасқа құдай берсін бақ бүгін.
Әке - шешең арнап отыр жыр ағын,
Кәусар таза мөлдіреген бұлағым,
Барған жерге судай сіңіп, ұнағын,
Бақытты бол, бақытты бол, шырағым.

***
Көкірегі сырға толы күй - дастан,
Алатаудай арманы бар жүздеген,
Өзі өскен ортасына сыймастан
Түзден бақыт іздейді екен қыз деген.
Тағдыры оның суық қарап, сыздана,
Шешімі ауыр сын артқанмен санаға.
Көктемдегі қарлығаш қой қыз бала,
Айналатын шуақ шашқан Анаға!

***
Адамның бір қызығы бала деген,
Баласыз көңіл шіркін толар ма екен.
Дүбірлі той жасамай баласына,
Қазақтың жағасы жайлауына қонар ма екен.
Құтты болсын шалқар тойың,
Тарқамасын үйіңнен қызық - ойын.
Бақытына кенеліп екі жастың,
Тола берсін ырысқа қоныш - қойның.
Ақ тілегің ақтарылған бүгін дәйім,
Қабыл болсын ниеттер ылғидайын.
Түгенделген ұлыңның үш жұртының,
Ынтымағы жарассын барған сайын.
Кенелген көкірегіме тілегімді,
Білесің ақ көңіліммен тілерімді.
Ұрпағың ұрпағыңа ұлассын деп,
Ұсындым ақ тілеулі жүрегімді!!!

Мінекей, енді бой түзеп, еркелей өскен өз еліңнен қалықтап ұшып, жүрек қалауыңмен арыстай азаматтың еліне қонғалы отырсың. Барған жеріңде бағың ашылсын. Тастай батып, судай сің. Еріңнің туы, еліңнің нуы бол. Бұдан былай саған бір әулеттің жауапкершілігі жүктеледі. Парасаттылықпен сол сенімді ақтағайсың.

***
Ердің бағы - жарынан. Жақсы әйел ерінің есіктегі басын төрге сүйрейді, жаман әйел ерінің төрдегі басын көрге сүйрейді. Еріңді үй азаматы емес, ел азаматы қылу сенің зайыптылық парызың. Сондықтан, бұдан былай үйдегі еркелікті тастап, қыз көңілден қайтқайсың, зайыптылық өмірге байыппен аяқ басқайсың.

***
Еріңнің қияға ұшуға қамданған қанатына қарқын беріп, көкжиекті қамтыған ой - өрісіне серпін беріп, көктегі ісін ептейтін, қатесі болса екшейтін, тарылған жолын кең қылып, кетігі болса септейтін сұңғыла жары болғайсың. Пейіліңді кең ұста, иманың мен ақылдың екеуін де тең ұста. Үйіңнің берекесі, еліңнің мерекесі бол.

***
Жаныңда жан - жарың, айналаңда етжақын туған - туыс, дос - жаран, бауырларың, артыңда қылықты қыз бен айбатты ұл, алдыңда жарқыраған күн тұрсын. Осылайша, төрт құбылаң түгел боп, еліңе сыйлы келін, салиқалы ене боп, ел анасына айналғайсың. Қосағыңмен қоса ағар. Үбірлі - шүбірлі боп, өркенің жайылсын!

Түрлі той-думанға арналған әдемі тілектер білсеңіз бізге жіберіңіз. Мына эл. поштаға жолдауға болады: bilimdiler@yandex.kz немесе әлеуметтік желіде жариялауға болады 

Қыз ұзату тойына тілектер
Ұзатылғалы тұрған қызға құттықтау, тілектер

Ұзату тойына арналған тілектер Ұзату тойына арналған тілектер
Бала бақытын қыздан іздейді, Қыз бақытын түзден іздейді - деген екен дана бабаларымыз. Біздің қызымыз бақытын сіздің шаңырақтан іздеп тапты.
Қыз ұзатылып бара жатқанда айтар жыр - шумақтар Қыз ұзатылып бара жатқанда айтар жыр - шумақтар
Қыз ұзату тойында айтылатын өлеңдер Қазақтың тойы ешқашан біткен емес. Тойдың болғаны жақсы. Көпшілік жиналған той - томалақта той иелері, яғни қыз
Бата - тілектер: Алтын тойға бата, Күміс тойға бата Бата - тілектер: Алтын тойға бата, Күміс тойға
Қабыл ғып Алла тілекті, Қуанта берсін жүректі. «Алтын тойым болғай» деп, Тілеумен қанша күн өтті.
Ұзатылғалы тұрған қызға құттықтау, тілектер Ұзатылғалы тұрған қызға құттықтау, тілектер
Ұзатылғалы тұрған қызға құттықтау, тілектер. Қызымыздың қонған жері құтты болсын! Денсаулығы мықты болсын!
Ұзату тойға арналған тілек (әпке, қарындасқа) Ұзату тойға арналған тілек (әпке, қарындасқа)
Қуанамын неге бүгін соншалық Шаттанғаннан келіп жетті бір шабыт Қиясына ұшқалы отыр әпкеміз, Көңілде бір қимастық бар қайтеміз.
Туылған күнге арналған тілектер Туылған күнге арналған тілектер
Өмір саған жылы сөзін арнасын, Қайғы-мұңға жүректе орын болмасын.
Пікірлер (1)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Мира
#1 Мира Қонақ 14 шілде 2017 21:25
Өте жақсы тілектер!!!
×