ойын сауық отауы
Қазақша қыз есімдері. Қызыңызға қандай есім таңдадыңыз?
03.04.2020 205 493 0 Дауыл

Қазақша қыз есімдері. Қызыңызға қандай есім таңдадыңыз?

Есімдер сыры
Қазақша қыз есімдері. Қызыңызға қандай есім таңдадыңыз?
“Кеменің басын қайда бұрсаң, сол жаққа қарай бағыт алады” деген аталы сөз бар. Сол секілді сәбиге қойылған есім оның алдағы өміріне көп әсерін тигізеді. Осы есім арқылы миына салынған психологиялық кодқа сай, адам өмір бойы өзінің есіміне лайық болуға тырысады. Жаңа туған қызыңызға есім іздеп жүрген болсаңыз, төмендегі қазақы, діни және заманауи есімдер туралы материалымызға назар аударыңыз.

Әйгілі Шекспирдің Джульетасы “Есімде тұрған не бар? Мысалы, раушан гүлін осылай атасаң да, атамасаң да оған сай хош иісі өзгермейді” деп айтқан болатын. Расымен де, бір қарағанда есімде тұрған ешнәрсе жоқ. Алайда сол есімдегі психологиялық код адам өміріне көп әсерін тигізеді. Ежелгі философтар әр атауды белгілі бір заттың формуласы ретінде қабылдаған. Мұнымен қатар, жазбалардан, көркем шығармалардан “Ол өз атына кір келтірді немесе өзінің атын шығарды” деген сөздерді жиі оқимыз. Кей пайғамбар да есімді есіктің кілті ретінде пайдаланған.

Швейцариялық психолог Карл Густав Юнг есімдердің тікелей мағынасы ғана емес, бейсанада оларға қатысты мағынасы болатынын айтқан. Сол себепті, кез келген ата - ана сәбиіне есім берерде асқан жауапкершілікпен қарағаны жөн.

Есімдер үш топқа бөлінеді. Алғашқысы – адам өзі қатты жақсы көретін, мақтанышпен айтатын есімдер. Екіншілері – ауыстыруды талап ететін, адамның мінез - құлқына сай келмейтін түрі. Үшіншілері – иесінің болмысына қарама - қайшы келмейтін, тым жақсы болмаса да, шыдап бағуға болатын түрі.

2020 жылы Қазақстанда қыз балаға Айзере, Айару және Раяна есімі көп қойылған екен. Мұнымен қатар, ата - аналар қыздарына Кәусар, Әмина, Айлин, Інжу. Медина есімдерін бергенді жақсы көреді. Назарларыңызға қыз балаларға қойылатын қазақы әрі заманауи, діни есімдерді ұсынамыз:

Айла — ай секілді сұлу, аймен нұрланған.
Ажар — көрікті, келбет, нұрлы; түр, өң.
Ажаргүл — гүл сияқты әдемі, сұлу, көрікті.
Ажархан — көрікті, ажарлы, әрлі, нұрлы.
Айбала — ай сияқты сұлу, көркем болсын деген тілекпей қойылған есім.
Айбарша — қазақ тілінен алынған ай және барша сөздерінен жасалған біріккен тұлғалы есім. Бұның барша сыңары тіліміздегі «алтын мен күмістен безелген мата» деген сөз.
Айғанша — қазақ тілінен алынған ай және ханша сөздерінен жасалған біріккен тұлғалы есім. Айдай сұлу деген мәнді білдіреді.
Айғыз — айдай сұлу, көркем қыз бала.
Айдай — айдай сұлу, көркем.
Айдана — қазақтың сөзі ай және тәжік тілінен алынған дана, білгір, данышпан, ғалым.
Айдария — қазақтың сөзі ай және парсы тілінен алынған дәриа, теңіз, үлкен өзен.
Айжан — қазақтың сөзі ай және парсы тілінен алынған жан, айдай сұлу, әдемі.
Айжарқын — ай және жарқын сөздерінен жасалған біріккен тұлғалы есім.
Айжарық — ай және жарық, қазақтың сөздерінен жасалған біріккен тұлғалы есім. Бала ай жарығындай болып, шапағаты басқаға тисін деген тілекпен қойылған есім.
Айжас — ай және жас, қазақ сөздерінен жасалған біріккен тұлғалы есім. Өмірге жана келген сәбиді жаңа туған жас айға теңеп қойылған есім.
Айзада — қазақтың сөзі ай және парсы тілінен алынған зада — перзент, бала. Айдай перзент, бала.
Айзат — қазақтың сөзі ай + иран тілінен алынған зада — «бала» сөздерінен жасалған есім. Ай сияқты аса әдемі, көрікті бала деген мағына береді.
Айзере — қазақ тілінен алынған ай және зере парсы тілінен зер — алтын. Алтынай есімінің синонимі.
Айзиба — қазақтың сөзі ай және парсы тілінен алынған зиба – сұлу, көркем. Ай сияқты сұлу.
Айзия — қазақтың сөзі ай және зия – араб тілінен алынған, зийна – жарық, сәуле, шұғыла, яғни ай сәулелі сұлу.
Айкүміс — қазақтың сөзі ай және күміс – сұлу, әдемі, көркем.
Айман — қазақ тілінен — белгілі, әйгілі, даңқты; араб тілінен – ант, серт. Біріккен тұлғалы есімдер — Айманай, Аймангүл.
Айнаша — айна сияқты жарқыраған, әдемі, сұлу.
Айсәуле — екі сөзден құралған қыз есімі. Айдың сәулесі сияқты жарық болсын деген үмітпен қойылады.
Айсүгір — қазақ есімі. ай және сүгір — әскер, жауынгер сөздерінен жасалған көне есім.
Айсұлу — екі сөзден құралған қыз есімі. Ай сияқты сұлу, көркем болсын деген тілекпен қойылған көне тұлғалы, дәстүрлі есім.
Айтан — қазақ сөздерінен біріккен ай + тан. Таң сөзінің дыбыстық тұрғыдан өзгерген нұсқасы, яғни жарық, жарқыраған ай.
Айтас — ай + тас қазақ сөздерінен жасалған есім. Бала өмірі ай сияқты жарқын және тас сияқты мықты, берік болсын деген тілекпен қойылған есім.
Айтолды — бақытым толды, бағым жанды, балам айдай көркем, сұлу болсын, деген тілекпен қойылған.
Айтуар — қазақ ай және туар сөздері арқылы жасалған есім. Балаға бақыт, ырыс тілеуге байланысты қойылып отырған.
Айшолпан — ай мен Шолпан сияқты жарқыраған, жайнаған сұлу деген мағынада қойылған есім.
Айшуақ — ай сияқты сәулелі, жарық, көңілі шуақты болсын деген тілекпен қойылған есім.
Айшық — туған ай бейнесіндегі өрнек, сән.
Айым — менің бақытым, ырысым, айдай сұлуым деген мәнде қойылған есім.
Айымгүл — менің ай мен гүлім деген мағынада қойылған есім.
Айымжан — айымдай жаным деген мағынада қойылған есім.
Айымша — ай сияқты жарық, ашық деген мағынада қойылған есім.
Ақай — қазақ ақ және ай деген екі сөзден бірігіп жасалған есім. Ата - ана баласын айдай аппақ, таза, кіршіксіз, адал болсын деп ырмандап қойған есім.
Ақайша — аппақ, жарық айдай деп айға балап қойылған есім.
Ақару — жаңа есім – аппақ, адал, жарық, сұлу, әдемі қыз болсын деп берілген есім.
Ақбала — сұлу, әдемі қыз бала.
Ақбәтес — ақ және бәтес сөзінен қойылған қыз есімі, яғни аппақ, әдемі, сұлу.
Ақбота — бала аппақ бота сияқты болған соң ұқсату мақсатымен қойылған есім.
Ақжан — қазақ есімі адал, таза адам, ак көңіл жан. Ақмұқан, Ақжол, Ақтанлақ сияқты есімдердің еркелете айту түрі.
Ақжарқын — ашық жарқын жүзді, шат - шадыман.
Ақжібек — Жібек есіміне ақ сөзін үстемелей қосып жасалған қыз есімі. Аппақ, әдемі, жібектей болсын деген мағынада қойылған.
Аққыз — аппақ, әдемі, сұлу қыз бала.
Ақмарал — бұл есім сұлу аңды қасиет тұтумен байланысты қойылған.
Ақнәзік — нәзік, мейрімді, әдемі қыз бала.
Ақтілек — бала бақытты болсын, ата - ананың ақ ниет, тілегі орындалсын, деген мақсатпен қойылған есім.
Ақтоқты — төл аттарын балаға қою қазақ тұрмысында ертеден бар.
Алма — қыз балаларға есім ретінде қойылады. Біріккен тұлғалы есімдер — Алмагүл, Алмақан, Алмажан.
Аппақ — қазақ есімі, аса ақ, әппақ, саф таза, кіршіксіз.
Арай — қазақ есімі, таң шапағы, шұғылалы сәуле.
Арайша — арай сөзіне ша қосымшасының қосылуы арқылы жасалған есім.
Ардақ — құрмет, қадір.
Арна — бір адамға бағыштау, арнайы қою.
Ару — сұлу, көркем.
Әдемі — қазақтың сөзі көркем, әсем.

Әйгерім — әй және керім сөздерінен жасалған біріккен тұлғалы есім. М. Әуезовтің «Абай жолы» романында осы есімнің қойылу тарихы баяндалады. Абай алғаш Шүкіман деген сұлу қызды көргенде оның нұрлы да сұлу көркіне таңданады. Қыздың асқан көркі мен сұлулығына, әдепті жүріс - тұрысына қызығып, әй керім, ай керім деп танданудан кейін ол Айгерім аталып кеткен.
Әлемгүл — әлемнің, дүниенің әдемісі, сұлуы.
Әсем — сән, көрік, әдемі.
Әсемгүл — гүл сияқты әдемі, көрікті, сұлу.
Әсемқан — әсем және ханым, ханша сөздерінен жасалған есім, яғни сұлу ханым.
Әшекей — әдемі ою, өрнек, нақыш.
Балауса — өндірдей жас.
Балбала — балдай тәтті бала деген мәнді есім; араб тілінен бал – парасат, ақыл, ес, зерде, яғни ақылды, есті бала.
Балгүл — балдай, шырынды гүл; яғни ата - ананың ең сүйікті, балдай тәтті баласы болсын деген мағынада қойылған есім.
Балғаным — сүйкімді, сүйікті, ақылды, ойлы, есті ханым. Түрі – балғын.
Балдай — ата - анасына балдай тәтті, қымбат болсын деп қойылған есім.
Балжан — балдай тәтті әрі ақылды болсын деп қойылған есім.
Балқадиша — ақылды Қадиша.
Балқы — елжіреу, насаттану. біріккен тұлғалы түрі — балқыбек.
Балшекер — бал мен шекердей болсын деген тілекпен қойылған есім.
Балым — менің балым, ақылдым, қымбаттым. Балғаным деген есімнің еркелете қысқартып айту түрі.
Баржақсы — барлығы ойдағыдай, көнілдегідей деген мағынаны білдіреді.
Баянсұлу — ғашықтық жырдағы ақылды да сұлу қыздың есімі.
Бейбітгүл — бала бейбіт өмірдің гүлі, қуанышы болсын деп қойылған есім.
Бексұлу — тым сұлу, аса көрікті.
Беласыл — ең қымбат, нағыз мықты таяныш, сүйеніш деген мәндегі есім.
Белберді — бел + берді, өмірге таяныш, сүйеніш берді, ер бала берді деген мәндегі есім.
Бибіханым — ханым сөзінің өзгерген түрі. Қысқарған түрі — Биғаным.
Биғалым — қазақ тілінен алынған би – үлкен + араб тілінен алынған ғалым.
Бота — түйенің ботасына ұқсатып қойылған есім.
Ботакөз — ботаның көзі сияқты мөлдір қара көз.
Гүлжеңіс — жеңістің гүлі. Ұлы Отан соғысының жеңісі күні туған қыз балаға осындай есім қойылған. Синонимі — Жеңісгүл.
Дәмелі — үмітті, үміткер.
Демесін — баланың өмірде тірегі, жәрдемшісі болсын деген тілекпен қойылған.
Еркежан — ерке боп өссін деп қойылған есім. Түрі – Жанерке.
Жайна — гүлдей жайна, жайқал деген мәндегі есім.
Жайнақ — ашық - жарқын, жайдары.
Жанар — көздің жанары; күннің шапағы; ауыспалы мағынасы көрік, ажар, рең.
Жанат — ең асыл, көркем, керемет, рахат.
Жандай — аса қымбат, қадірлі.
Жансұлу — жан біткеннің сұлуы, әдемісі, көркемі деген мағыналы есім.
Жарық — сәуле, нұр.
Жас — уылжыған балғын, сәби.
Жібек — мінезі жібектей, әрі әдемі, сұлу болсын деген ниетпен қойылған.
Жұлдызай — жұлдыз бен айдай жарқыраған сұлу болсын деген тілекпен қойылған.
Жұпар — хош иіс.
Інжү — теңіз астынан алынатын түсі ақ, қызғылт немесе сары, кейде қара әдемі седепті тастар; Маржан.
Келбет — көрік, ажар, әр, тұлға.
Көрік — әдемі, сұлу келбет, әдемілік.
Көркемжан — бала көрікті, нұрлы болсын деген тілекпен қойылған есім.

Күлай — гүл және ай сөздерінен жасалған есім. Ай мен гүлдей боп жайнап, құлпырып тұрсын, әдемі болсын деп қойылған есім.
Күлайхан — гүл + ай + хан, яғни гүл мен айдай әдемі, сұлу ханым. Қысқарған түрі – Күлән.
Күміс — қымбат бағалы ақ металл. Біріккен тұлғалы есімдер — Күмісбек, Күмісбай.
Күмісай — қыз баланы күміс пен айға балай, күмістей жарқыраған аппақ сұлу, әдемі, аса көрікті, нұрлы болсын деген тілекпен қойылған есім.
Күнай — күн мен айдай болсын деп қойылған есім.
Күнжамал — күндей сұлу, көркем. Еркелетіп айтылған тұлғасы — Күнке.
Күнсұлу — күндей сұлу, әдемі.
Құндыз — терісі бағалы аң. Бала құндыздай әдемі, көркем болсын деген тілекпен қойылған.
Құралай — киіктің лағы; уақыт мезгілі (15 — 20 мамыр арасы). Әдемі, қара көзді құралай көз деген теңеу де бар.
Қызғалдақ — қырмызы қызыл гүл атынан қойылған есім.
Қымбат — аса бағалы, құнды, нарқы артық.
Қырмызы — шымқай қызыл, алқызыл, қызыл жібек; нұрлы, әрлі.
Лашын — алғыр, қыран құс, сұңқар.
Мерей — бақыт, қуаныш.
Мереке — той, тамаша күні туған балаға берілген есім.
Мира — жаңа есім – бейбіт, тыныштық өмір.
Наркес — өткір, батыл.
Нәрзән, нарзан — минералды қайнар бұлақ Нарзан атауымен қыз баланы ашық, таза, адал ойымен өссін деген мағынаны білдіреді.
Өрзия — асқан сұлу, әдемі қыз.
Өрім — жас өспірім, өндірдей жас жеткіншек.
Сарын — қатты дыбыс, үн; қатты ағын үні, екпін.
Сезім — жаңа есім, достық, адалдық, махаббат сезімдер балаға серік болсын деген қойылған есім.
Сүйін — ырза болу, сүйіну, көңіл толу.
Сұлу — өте әдемі, аса көркем.
Сұлуке сұлу — ақ, әдемі - ақ, көркем.
Сұлухан — аса көркем, өте әдемі ханым.
Сұлушаш — әдемі қолаң қара шаш. Түрі — Гүлшаш.
Талшын — ағаштың бір түрі әдемі, әдемі түс деген мағынасын білдіреді.
Тамаша — көріністік, ерекше, өте әдемі қыз болсын деп қойылған есім.
Таңсық — құмар, әуес; сирек зат.
Таңшолпан — таң жұлдызы, жарық жұлдыз.
Тәттібала — сүйікті, сүйкімді қыз бала.
Толғанай — толған айдай аппақ сұлу болсын деген тілекпен қойылған есім.
Толқын — теңіз, көл бетіндегі шайқалыс, әдемі көрініспен байланысты берілген есім.
Ұлпа — қазақ — жапырақтап мамыр айында жауған жұмсақ, аппақ ақ қар. Пәктіктің, ақтықтың, тазалықтың символы.
Шамжан — шамша жарқыраған, ашық жүзді, ақ жарқын адам.
Шапақ — таңғы жарық.
Шара — қазақ есімі — көздің ұясы, ойдымы, көздің аумақ көлемі; амал, әдіс, айла.
Шаттық — қуаныш, көңілділік.
Шұға — биязы, жұмсақ мата.
Шолпан — қазақ тілінен алынған таңғы жарық жұлдыз.
Шұға — биязы, жұмсақ мата.
Шығанақ — құрлықпен ұштасқан су кеңістігі, айлақ. Бала шығанақта туған себепті осындай есім берілуі мүмкін.
Шынар — қазақ тілінен алынған — биік, тау терегі, шынар ағашы; жадырақты зәулім биік ағаш; ауыспалы мағынасы колжетпес биік, асқақ.
Шынаргүл — шынар ағаш гүлі сияқты әдемі, сұлу.
Шырайгүл — гүлдей көрікті, әдемі сұлу қыз.
Ырысты — бақытты, құтты.

Қыз есімдерін қарау

2019 жылы ұл балаға қойылған ерекше есімдер. 2019 жылы ұл балаға қойылған ерекше есімдер.
Әлихан – араб тілінен енген ғали мен ханның қосындысы. Ғали "әлидің" синонимі, биік, аса, зор, заңғар деген мағына береді.
2019 жылы ең жиі қойылатын есімдер 2019 жылы ең жиі қойылатын есімдер
Қазақта әрқашан балаларына есімді таңдау ең күрделі және жауапты іс болғаны белгілі. Сіздерге 2018-2019 жылдары жиі таңдалатын есімдер тізімі мынадай
Талжан...... Тұрсынай Талжан...... Тұрсынай
ТАЛЖАН – тал - өзен бойында өсетін сәнді, нәзік, иіліп тұратын ағаштың бір түрі, қосымша - жан. ТАЛШЫБЫҚ - қыз бала талшыбықтай көркем, әдемі болсын
Қазақша қыз есімдері мағынасымен Қазақша қыз есімдері мағынасымен
Абира..... Асылтас АБИРА - тәжік тілінен алынған абера — шөбере, шөбере қыз. АҒИЛА - араб және иран тілдерінен алынған агиля — ақылды, парасатты
Өжет...... Өтетілеу, Пазыл...... Пірәлі Өжет...... Өтетілеу, Пазыл...... Пірәлі
Өжет...... Өтетілеу ӨЖЕТ - - ткір, батыл, табанды. Пазыл...... Пірәлі ПАЗЫЛ - (қараңыз: Фазыл). ПАЛУАН - араб тілінен алынған пахлаван — күшті
Обай...... Ошақбай Обай...... Ошақбай
Обай...... Ошақбай ОБАЙ - монғол тілінен алынған овоо — көрім, тәуір, жақсы. ОЖАРБАЙ – қазақтың есімі ожар — қайсар, бірбет, өжет + бай.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×