ойын сауық отауы
2019 жылы ұл балаға қойылған ерекше есімдер.
21.10.2019 13 866 0 Дауыл

2019 жылы ұл балаға қойылған ерекше есімдер.

Есімдер сыры
2019 жылы ұл балаға қойылған ерекше есімдер.
Қазақ ер азамат, жігіт, баланың қазақша есімдері мен мағыналары


Әлихан – араб тілінен енген ғали мен ханның қосындысы. Ғали "әлидің" синонимі, биік, аса, зор, заңғар деген мағына береді.

Айсұлтан – "ай" мен "сұлтан" сөздерінен жасалған есім, сәби айдай болсын, өз ортасында сұлтандай қадірлі болсын деген ниетпен қойылады. Сұлтан араб тілінен – "билеуші, әкім".

Нұрислам – "нұр" мен "ислам" сөздерінен құралған. Араб тілінде нұр – жарық, сәуле, ал "ислам" дініміз болғандықтан, Алланың нұры жаусын деген ниетпен қойған.

Әмір, араб тілінен – бастық, әкім, билеуші. Біріккен тұлғалы есімдер: Әмірбай, Әмірбек, Әміржан, Әміртай, Әмірәлі.

Әлинұр – "әли" мен "нұр" сөздерінен жасалған есім. Әли, араб тілінен – аса, зор, заңғар; Нұр – жарық, сәуле.

Ерасыл – аса аяулы, нағыз батыр.

Әли – араб тілінен ғали – биік, аса, зор, заңғар. Біріккен тұлғалы есімдер – Әлиасқар, Әлиакпар, Әлиахмет. Синонимдері: Ғали, Қали, Әлі, Алы.

Рамазан – араб тілінен рамадан – күйдіруші, жандырушы. Араб елдерінде бұл өте ыстық ай. Мұсылман жыл санауының тоғызыншы айы, осы айда туған балаға осындай есімдер қойылған.

Санжар — көне түркі тіліндегі Саншора есімінің дыбыстық тұрғыдан өзгерген түрі. Көне түркі, қазақ тілінде сан – "он мың", "шора – ер, батыр" деген мағыналарды білдіретінін ескерсек, "бір өзі он мың қолға тең ер, батыр" мәнінде қойылған есім екенін байқаймыз. Ғасырлар бойы айтыла келе, Саншора - Саншор - Саншар - Санжар болып өзгерген. Тағы бір мағынасы – бұзып өтуші.

Мирас — араб тілінен мұра, артта қалатын көз, тұяқ.

Арсен, Арсений – көне грек тілінен "арсениос" – батыл, ержүрек деген мағына береді.

Нұрасыл – "нұр" мен "асыл" сөздерінің қосындысы. Асыл – араб тілінен алынған әсил – 1) негіз, түбір, түп нұсқа; 2) шынайы, нағыз; 3) қымбатты, ардақты.

Ислам – түп - тамыры "салима", "юслиму", "ислам" яғни, бейбітшілік, аманшылық деген сөздерден бастау алады, ол Алла тағаланың "әс - Сәләм" деген көркем есімімен сабақтас. Ал шариғаттағы мағынасы – толық мойынсыну, Алланың алдында парыздарды орындау, одан басқа жалған құдайларға табынбау.

Алдияр, араб - иран. аллайар – Алланың досы; тақсыр, ұлы мәртебелі.

Расул, араб тілінен – 1) хабаршы. 2) елші, уәкіл.

Артем, грек тілінен "артемес" – аман, аурусыз, сау.

Мансұр, араб тілінен – 1) жеңімпаз, жеңіске жетуші. 2) құдіретті.

Диас – испан тілінен – күн, күндіз. Испания көтерілісшілерінің көрнекті басшысы Хосе Диас құрметіне 1936 жылы қойылған есім.

Дамир — түрік тілінде темірді осылай атайды. Мұндай есім қойғандағы ниет "темірдей мықты болсын" дегеннен туса керек. Тағы бір мағынасы – ар, ождан. Дамир есімді азаматтар іскер келеді, ерік - жігері мықты. Жақтастары көп.

Дінмұхаммед – Дін + Мұхаммед; Мұхаммед – "аса мақтаулы, мақтауға лайық".

Рабат...... Рүстем Рабат...... Рүстем
Рабат...... Рүстем РАБАТ - араб тілінен алынған рафоат — ұлылық, биіктік, жоғары дәреже. РАЗАҚ - араб тілінен алынған раззақ — өмір сүруге, тіршілік
Өжет...... Өтетілеу, Пазыл...... Пірәлі Өжет...... Өтетілеу, Пазыл...... Пірәлі
Өжет...... Өтетілеу ӨЖЕТ - - ткір, батыл, табанды. Пазыл...... Пірәлі ПАЗЫЛ - (қараңыз: Фазыл). ПАЛУАН - араб тілінен алынған пахлаван — күшті
Ғаббас...... Ғұмар, Латиф...... Лұқпан Ғаббас...... Ғұмар, Латиф...... Лұқпан
Ғаббас...... Ғұмар ҒАББАС - (қараңыз: Аббас). ҒАБДІҒАЗИЗ – араб тілінен - қадірлі, құрметті.
Әбунасыр...... Әшір Әбунасыр...... Әшір
Әбунасыр...... Әшір ӘБУНАСЫР - араб тілінен алынған абу - әке + наср — жәрдем беруші, көмекші; жеңімпаз. ӘБУСАДЫҚ - араб тілінен алынған абу — әке +
Айрат......Ален Айрат......Ален
Айрат......Ален АЙРАТ - араб тілінен алынған - құрметті, қадірлі. АЙСА – көне еврей араб есімі. Ғайса — Қазақ, қырғыз, өзбек тілдерінде Ғайса, Қиса,
Абай......Айнан Абай......Айнан
Абай......Айнан АБАЙ - қазақ есімі, ел ағасы. Абай есімінің мағынасы әр түрлі: абайлағыш, байқағыш, ойшыл деген түсінігі бар. Бұл есім қазір халық
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×