Ойын сауық отауы


Омар Жәлел: Адам бол – мал тап

Омар Жәлел: Адам бол – мал тап
Егер малың болмаса — біреуден мал дәметіп қолыңды жаясың, тіленесің, үй қыдырып ас ішесің.

Ғылымға келуі жайында
Ғылымға келуіме тікелей әсер еткен әлбетте Абайға деген сүйіспеншілігім. Университетте оқып жүрген кезімде Абайдың өлеңдерін оқи бастадым. Ол менің өмірлік ұстанымдарымды айқындады...
Алғашқы ғылымға баулыған ұстазым — Жамбыл Артықбаев. Сол кісінің басшылығымен мақалалар жаза бастадым. Тарих факультетінде оқысам да, курстық жұмысымның тақырыбына Абайды таңдадым.
Сол кездері тарих факультетінде КПСС тарихы секілді маған еш ұнамайтын сабақтар өтетін. Әдебиетке ауысып кетсем бе деп жүрген кезде философияға кезіктім. Философия тарихынан сабақ берген Төлеуғазы Әбжанов деген ұстазымды ерекше жақсы көретінмін. Ол кісінің аппақ шашы, мүлтіксіз киім киісін үлгі тұтып, дәріс оқыған кезде сол әлемге кіріп кететіндей сезім кешетінмін. Сол кезеңде менің философияға деген махаббатым басталды. Бердяев, Ницше, Леонтьев, Шопенгауэрдің еңбектеріне ден қойдым. Философиялық білімім кейіннен өмірлік тақырыбымды анықтауға көмектесті. Мен Абай дүниетанымындағы «толық адам» мәселесін зерттеуге саналы ғұмырымды арнадым.

Жан азығы
Біз шартты түрде бәрін білеміз. Алты материктің флорасы мен фаунасын, Амазонка өзенінің оң жағалауында қандай өсімдік өсетінін білуіміз мүмкін, бірақ біз өзімізді танымайды екенбіз ғой. Сіз адам ретінде өзіңізді танисыз ба? Танымайсыз. Өйткені сізге ешкім үйреткен жоқ. Өзін танымаған адам — ешкімді танымайды. Әр адамның бойында шындыққа деген түсініксіз құлшыныс бар. Біз өмір бойы бір нәрсені білгіміз келіп тұрады. Бірақ нені білгіміз келетіні өзімізге беймәлім. Сөйтсек, біз шындықты білгіміз келеді екен ғой. Бұл біздің жанымыздың қалауы. Кейбір адамдар сол үшін түрмеге қамалады, кейбірі өзіне қол жұмсайды...
Ал енді шындықты қалай білеміз? Шәкәрім бабамыз айтады: «Шынды білмек болсаң егер, ең әуелі жанды біл. Ең керекті үш сұрақпен, жан құлағын бұрап қой. Келдім қайдан, қайтсем пайдам, өлгеннен соң не болам?» - дейді. Демек, адамның бұл дүниеде екі қажеттілігі бар. Бірініші: тән қажеттілігі. Екіншісі: жан қажеттілігі. Біздің жанымыз бұл өмірге ұждан жинап кету үшін келеді екен. Ұждан үш нәрседен тұрады. Олар: әділет, ынсап және мейірім. Егер ұждан азығын жинаса — жан семіреді. Жаны семірген адам — балталаса да өлмейді. Құдайды сандалып көктен іздеудің қажеті жоқ. Ол сенің жүрегіңді. Оны тану үшін адам алдымен өзін тануы қажет.

Жан азығын қайдан іздейміз?
1. Жан азығы — әділет. Абай айтады: «Мазлұмға жаның ашып, ішің күйсін, харекет қыл, пайдасы көпке тисін. Көптің қамын әуелден тәңірі ойлаған, мен сүйгенді сүйді деп иең сүйсін» - дейді. (мазлұм – зұлымдыққа ұшыраған адам) Демек адам жанның азығын алу үшін — ол үнемі әділет жолында жүруі керек.
2. Жанның азығы — ынсап. Бұл дегеніміз ақылды болу, нәпсіге берілмеу.
3. Жанның азығы — мейірімді болу.
Осы үш нәрсенің жолында өміріңді сарп қылсаң — жанның азығын аласың.
Жан азығы маңызды ма, әлде тән азығы ма?
Қазақ амандасқанда «мал - жан аман ба» дейді. Осылайша жанның алдына малды шығарады. Мұның үш себебі бар:
Біріншіден: мал сенің жаныңды сақтап қалады. (ыстықтан, суықтан, аштықтан)
Екіншіден: егер малың болмаса — біреуден мал дәметіп қолыңды жаясың, тіленесің, үй қыдырып ас ішесің. Абай айтады: «үй қыдырып, ас ішіп — еркек арын сатады. Бала - шаға, ұрғашы, үйде жаурап қатады». Осындай еркектер пайда бола бастаған 19 - ғасырда. «Тоярға өз үйіңнен қолың қысқа, ас берер ауылды іздеп жүрсің босқа. Бір жілік пен бір аяқ қымыз берген, дереу сені жұмсайды бір жұмысқа». Адамның құлдануы, оның қадірі кетуі осыдан басталады. Малың жоқ болса, еріксіз ұятыңнан айырыласың.
Үшіншіден: мал бойыңдағы адамгершілік қасиеттерді жүзеге асыру үшін керек екен. Мысалы: жетімге, жесірге көмектесу үшін мал керек. Бір бала өте талантты, ақылы жетіп тұр, Оксфордтта оқыту керек — мал керек. Жас жігіттің сүйген қызы бар, қалың малы жоқ. Үйлендіру үшін — мал керек. Ет жақының ауырып жатыр, шұғыл көмек қажет. Ақылың бар, бірақ қолыңда ақшаң жоқ. Мұндай ақылыңнан не пайда? Ол кімге керек? Сондықтан қазақ «ақыл малда» дейді.

Адам бол — мал тап
Абайдың «адам бол» деген сөзін біз дұрыс түсінбеген екенбіз ғой. Біз «адам бол» дегенді «Бес нәрсеге асық бол, бес нәрседен қашық бол, адам болам десеңіз» екен деп жүрміз. Абай мұның барлығын қортындылай келе бір - ақ сөзбен жеткізген екен. Ол «адам бол — мал тап» дейді. Біз балаларымызға «адам бол» дейміз, бірақ, «мал тап» деп айтпаймыз. Өйткені бізді совет үкіметі «мал деген жаман»деп үйретті. Сондықтан біз бүгін кедейшіліктің қамытын киіп отырмыз.
«Қазақ жалқау халық» деп жатады. Бұл өтірік сөз. Егер қазақ жалқау болса — әлемде тоғызыншы орын алатын кең байтақ жерін сақтап қала алмас еді. Бұл отаршылдықтың бізге тигізген кесірі. Халықты өзіне деген сенімінен айыру мақсатында «сен жалқаусың», «сен сауатсызсың», «біз сенің көзіңді аштық», «сен мал баққаннан басқа ешнәрсе білмейсің» деп, резервациялық сананы қалыптастырды. Халыққа «сен жалқаусың, жалқаусың» дей берсе, «иә, мен расымен жалқау екенмін ғой» деп қабылдайды. Қазақтың харекеті болмаса — қазақты қолдануға болады, қазақты құлдануға болады, қазақтың есебінен күн көруге болады деген сөз ғой.

Табыстың кілті
Табыстың кілті — еңбекте. Басқа ешнәрсе емес. Адамға он екі мүше мал табу үшін берілген. Ал біз балаларымызға «Жассың, ойна, күл, ел арала» деп үйретеміз. «Он екі мүшең сау болса, кедеймін деп айтпа» дейді қазақ...
Жақсы, он екі мүшеңіз сау делік. Енді не істейсіз? Енді мал табуды үйрететін ғылымды меңгеріңіз. Біз мұны «бизнес» деп қана түсініп жүрміз. Негізінде кез - келген кәсіптің ғылымы бар. Менің бір танысым 6 мың доллар төлеп, Италияға барып шаштараздың оқуын оқып келді. Бүгін оның бір шаш алуы 50 мың теңге тұрады. Тағы бір танысым аспаздық ғылымды меңгеріп, айына 6 мың доллар жалақы алып отыр. Ал біз бұл кәсіптерді менсінбейміз. Бізге таза костюммен жүріп, кедей болып өту ұнайды. Кеудең қаптай, қалтаңда көк тиының жоқ. Бұл масқаралық емес пе?

Идеалды қазақтың образы
Баяғыда гректің ойшылы күндіз қолына шам алып, дала кезіп жүр дейді. Сен не істеп жүрсің деп сұрағандарға: «Адам іздеп жүрмін! Қаншама киімдер көрдім, ішінде адамы жоқ. Қаншама адамдар көрдім, үстінде киімі жоқ» - деп жауап берген екен. Қазақтың идеалды образы Абайдың ұлы Әбіш.
Ал Әбіштің қандай адам болғанын Омар Жәлелдің жақында жарық көрген «Харекет» кітабынан біле аласыз. Ғалымның бірнеше жылдар бойы жазған ғылыми еңбектерінің негізінде жазылған «Харекет» кітабы оқырмандардың ыстық ықыласына бөленді.
Материал рейтингісі:
барлық дауыс бергендер: 1
Басқа жаңалықтарды оқу:
Пікір білдіру
* = міндетті түрде толтырылуы тиіс
Жартылай қою Қисық мәтін Асты сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жағына қою Ортасына Оң жағына қою | Смайликтер қою Түсті таңдау | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерациядан кирилицаға ауыстыру Спойлер қою
Қауіпсіздік коды :

Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
код көрінбесе қайта басыңыз


Үздік мақалалар
Білімділер жаңалықтары

Өз пікіріңді білдір
Қандай мақалаларды көбірек енгізген жөн?
Сайтта кім бар
Барлығы: 7
Қолданушылар: 0
Қонақтар: 7
Роботтар: 2
Соңғы пікірлер
  • Дауыл 13.10.2018
    Жұмбақтар. Адам. Адамның дене ... (1)
    Дауыл-фото
    Мың адамның бірі — қыдыр, бірі — бақ.
  • Дауыл 13.10.2018
    Адамға деген құрмет (1)
    Дауыл-фото
    Арсыз, әуелі аяғыңды басады, содан соң кеудеңе секіреді ақырында басыңа шығады.
  • Дауыл 13.10.2018
    Адамның 9 түрі болады екен. Та ... (1)
    Дауыл-фото
    Әлемнің асылы – адам, сасығы да – адам.
  • Дауыл 12.10.2018
    Шыңғыс хан өсиеттері (1)
    Дауыл-фото
    Шыңғыс ханның жеке өмірі және әйелдері.
    Шыңғыс хан әлем тарихындағы танымал тұлға. Хан болған соң оның 26 әйелі және жүздеген тоқалы болған.
    4 әйелі оның негізгі әйелі болып саналған. Бөрте, Қулаан, Есуй және Есурген.
    Борте Дэй - Сеченнің қызы қоңырат тайпасынан. Шыңғыс ханнан 2 - 3 жасқа үлкен болған. Бөртеден үш ұл Жошы - Шағатай - Үгедей бес қызы Фуджин - бегі, Чичиган, Алагай - бегі, Тумалун және Алталун.
    Қулаан меркіт тайпасынан шыққан, тарихта сулу әрі тапқыр Шыңғыс ханның шынайы сүйген әйелі деп саналады. Хорезмді жаулап алғанда әйелдері ішінде Шыңғыс ханмен осы Қулаан болған.
    Есуй және Есугей, Татарлардың Цэрэн - әке атты қолбасшының қыздары. татардың тайпасынан шыққан апалы - сіңілілер.
    Толық нұсқа: қарау
  • Дауыл 12.10.2018
    Өмір туралы қанатты сөздер (1)
    Дауыл-фото
    Өмір – велосипед жүргізгендей. Тепе - теңдік сақтау үшін қозғалуың керек. Альберт Эйнштейн
  • Дауыл 11.10.2018
    Өлкем жайлы ойласам - Жұбан Мо ... (1)
    Дауыл-фото
    Шығарма: Туған жер

    Туған жер сөзінде қаншама мағына, қаншама ой жатыр. Туған жердің қадірін әр адам әрқалай түсінетін шығар. Менің туған жерім - Балқаш қаласы. Туып өскен қалам Балқашым кішкетай болса да, мен үшін аса қымбат әрі киелі жер. Осы жерде көңілді де уайымсыз да бейкүнә балалық шағым өтуде. Өз туған жерімді сүйемін. Осы қалада балабақшадағы күндерім, мектеп табалдырығын алғаш аттаған күнім, сынып балаларымен танысқан күндерім, әлі есімде.
    Туған жерім күннен күнге көркейіп, жаңаруда. Мен Балқаш қаласымен мақтанамын.
    Кенесары Диана
  • Дауыл 11.10.2018
    Ақша туралы мақал - мәтелдер (1)
    Дауыл-фото
    Қожанасыр туралы аңыз
    Бірде Қожа байдан ақша сұрапты.
    - Ақша саған не үшін керек?
    - Піл сатып аламын.
    - Егер сенің ақшаң болмаса, пілге қалай азық тауып бермексің?
    - Мен сенен ақыл емес, ақша сұрадым ғой!
  • Дауыл 11.10.2018
    Балалы үй – базар (1)
    Дауыл-фото
    Балаларға арналған тақпақтар
    Кішкентай бала

    Мен кішкентай баламын
    Кітап оқи аламын.
    Дәптер, қалам, сызғышты
    Сөмкеме өзім саламын.

    Бөпешім
    Әлди, әлди бөпешім,
    Жат бесікте көкешім.
    Неге жылай бересің,
    Ертең-ақ жүріп кетесің.

    Гүлдер
    Гүлім, гүлім, өсе бер,
    Әдемі боп, асыл боп.
    Күндей жайнап кете бер,
    Қызыл, сары, жасыл боп.
  • Дауыл 11.10.2018
    Тіл туралы жыр - Сәкен Иманасо ... (1)
    Дауыл-фото
    Тілі туралы мақал

    Басқа пәле тілден.
    ***
    Тіл тас жарады,
    Тас жармаса бас жарады.
    ***
    Ине көзінен сынады,
    Шешен сөзінен сынады.
    ***
    Тіл – қылыштан да өткір.
    ***
    Ана сүті бой өсіреді,
    Ана тілі ой өсіреді.
    ***
    Ана тілің алпыс тілге татиды.
  • Дауыл 11.10.2018
    Ұстаздың кәсіби іс - әрекетінд ... (1)
    Дауыл-фото
    Ұстаз туралы мақал

    Өмірдің өзі - ұлы ұстаз
    ***
    Ұстазы жақсының ұстамы жақсы.
    ***
    Ұстазыңды ұлы әкеңдей сыйла.
    ***
    Ұстазы талантты болса, Шәкірті талапты болады.
    ***
    Ұстаз шәкіртіне білім жолын үйретеді,
    Білімді жан тас қамалды күйретеді.
    ***
    Ұстаз болу – жүректің асылдығы.
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика