ойын сауық отауы
Бір - ақ жайды, әйтеуір, білдім бүгін
03.06.2016 1 944 0 Дауыл

Бір - ақ жайды, әйтеуір, білдім бүгін

Өлеңдер
Фариза Оңғарсынова өлеңі

Бір - ақ жайды, әйтеуір, білдім бүгін:
маңайымды, тіпті анау жыңғыл гүлін
сен арқылы ораймын жылылыққа,
сен арқылы сіңіріп күннің нұрын.
Үстемдігін жүргізіп заман мына,
адамзаттың болмысы жаңарды ма -
мен, әйтеуір, сезінем сен арқылы
әлемдегі жақсыны, жаманды да.
Самарқаумын қызығу, құнығуға,
табиғаттың жатыр ма сыры мұнда -
кешіремін үлкенді, кішіні де,
жақсы, жаман олардың қылығын да.
Менде бұрын жоқ қылық мұның бәрі,
ұқпай келем өзім де сырымды әлі.
Бар дүние кеткендей сүйкімді боп,
жаным жақтырмастар да бұрындағы.
Еткендей - ақ мен бейне таңды мұра,
нәр құяды бір сәуле ән - жырыма;
сенетінді шығардым әр адамның
бойында бір жақсылық барлығына.
Сен арқылы сүйемін бұлақ, күнді,
сен арқылы қысым - жаз, қырат нұрлы.
Сен арқылы жұмбақтар шешім тауып,
сен арқылы самсаған сұрақ тұрды.

Фариза Оңғарсынованың басқа өлеңдерін қарау

Шыдам Шыдам
Бұл адамдар шыдап жүр қалай маған? Сырбаздықты әдетте қалайды адам. Шындықты айтар шыдамсыз болмысымнан зардап шегіп жүргендей бар айналам.
Жанымда жүрші Жанымда жүрші
Жанымда жүрші аласармайтын армандай асқар тауым боп, шілдедегі аппақ жауын боп. Сенімен жүрсем - мынау жалғанда мен көтермейтін ауыр жоқ, бет
Өзімді жүрегіңнің есі қылдың Өзімді жүрегіңнің есі қылдың
Өзімді жүрегіңнің есі қылдың, бұл жайды, амалым не, кеш ұғындым. Өзіңді мен де оңаша қиялдадым, жаным деп жүрегімнен күй арнадым.
Әйелге деген махаббат Әйелге деген махаббат
Түндерде жалын боп өткен біреуді жаным деп өпкен сенің гүл еріндеріңнен әйтеуір жерінбедім мен.
Жаз Жаз
Таң бұзып тынышымды жіберді деп, жазғы түн кетерінде түнерді кеп. Жер - ару серпігенде түн көрпесін, маужырап қарап тұрды Күн елжіреп.
Мынау қолым, басым мынау Мынау қолым, басым мынау
Мынау қолым, басым мынау, жүрегімде - тосын әнім; Жүзім күңгірт, шашым қырау, неде болса, осы барым. Көзбен көрем, үйренемін, ол да менің бір
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×