Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Кітап - білім бұлағы

25 қыркүйек 2014, Бейсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
23 сәуір – Халықаралық кітап күніне
Мақсаты: Кітап – сарқылмас рухани қазына дей келе, білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру. Кітаптың адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндіру. Кітапқа деген қызығушылықтарын арттыру, оқулықты күтіп ұстауға үйрету.
Көрнекілігі: Оқу - білім туралы айтылған сөздер жазылған плакаттар.. Кітап көрмесі. Слайд.
Барысы:
I жүргізуші - Әсел: Қуан кітап, қуанатын күн бүгін
Серпіп таста мұңды жүрек түндігін.
Кел, оқырман тойын тойла кітаптың,
Шаттанатын мерекелі күн бүгін.
ІІ жүргізуші - Ербол: - Қош келдіңіздер, құрметті кітап сүйер қауым! «Кітап күні» меркесімен құттықтаймыз! Сол мерекеге орай 4 «В» сынып оқушыларының «Кітап - білім бұлағы» атты ашық тәрбие сағатын тамашалаңыздар!
І жүргізуші - Әсел: Кітап – нәзік те, тұнық әлем. Кітап – білімнің түпсіз аспаны, терең бастауы. Ұлтымыздың мерейі мен деңгейі қоғам мен мемлекетіміздің өркенін өсіруде қыруар пайда келтіретін осынау рухани қазына - кітап.
ІІ жүргізуші - Ербол: О, кітап бас иемін мәртебеңе,
Игілік - қазынасың бар адамға.
Сен берер жақсылықтың есебі жоқ,
Жеткізіп жолын тауып айта алам ба?
І - жүргізуші - Әсел: 1972 жыл – ЮНЕСКА - ның шешімімен «Халықаралық кітап жылы» деп аталса, ал 1995 жылдан бастап, «23 сәуір – Халықаралық кітап күні» деп жарияланды. Міне, содан бері бұл күн Ресейде, Германияда, Америкада шет елдерде өте жоғары деңгейде аталып өтілуде. Жаңа ақпараттар көзінің қарыштап дамыған жаһандану заманында да кітап оқу, кітапты пайдалану, көркем шығармаларға деген құштарлығымыз кемімеу керек.
ІІ жүргізуші - Ербол: Кітап та алма ағашы,
Жемісін біздер теретін.
Тәтті алмаға балашы,
Кітабыңның әр бетін, – деп Мұзафар Әлімбаев ағамыз жырлағандай әдеби кітаптар мен оқулықтар сендерге білім көзі, рухани қазына. Біз кітап арқылы бастауыш мектептің өзінде – ақ бүкіл адамзат өмірімен танысамыз. Кітап білімімізді молайтады, кітаптан көп үлгі - өнеге мен тәрбие аламыз. Оқыған - тоқығаның көп болса, жеңбейтін жау, алынбайтын қамал жоқ. Дана халқымыз «Батыр бірді жығады, білімді мыңды жығады» деп бекер айтпаса керек.
Сағындық: Кітап - шебер ұстаз, тілсіз мұғалім.
Кітап - адал пейіл, асыл дос.
Кітап - мұхит, сол мұхиттан не терең?
Мен біліммен ылғи дос боп өтер ем!
Жансая: Кітап (арабша ‎ – жазба) — мерзімсіз баспасөз басылымы; көркем - әдеби, қоғамдық - саяси, ғылыми - практикалық мазмұндағы туынды. Кітаптың алғашқы түрлері ежелгі Шығыс елдерінде, Грекияда, Римде қыш текшелеріне, тақта тастарға сына жазуымен жазылды. Біздің заманымыздан бұрынғы 25 - ғасырда Мысырда қыш текшелердің орнына қамыс (папирус) қолданылды. Біздің заманымыздан бұрынғы 7 - ғасырда қамысқа кітап жазу ісі Грекия мен Римде кең өріс алды. Осыған байланысты кітапты көшіріп жазуға машықтанған көшірушілер мен қолжазбаны көркемдеуші суретшілер пайда болды.
Баглан: Кіші Азияда Пергам патшалығының шеберлері жануарлар терісінен жазатын жаңа материал әзірледі. Патшалықтың атымен “Пергамент” деп аталды. Осылайша біздің заманымыз - дан бұрынғы 2 - ғасырда қамыстың орнына тері жарғақ қолданыла бастады. Ежелгі Рим мәдениеті мен ғылымы өкілдерінің туындылары жарғақ кітаптарға жазылып таралды.
Камила: 105 ж. қытай шебері Цай Лунь қағазды ойлап тауып, 13 - ғасырда қағаз жасау өнері Шығыстан Батысқа тарай бастады. Осыған орай, Еуропада қолжазба кітап қауырт өркендеп, түрліше әріптер, бас тақырыптар (айдарлар) қолданыла бастады. Кітап мұқабалары алтын, күміс, т. б. металмен өрнектелді.
Дәуірбек: 15 - ғасырдың ортасында неміс өнертапқышы Иоганн Гутенбергтің баспа қалыбын ойлап табуына байланысты, жылжымалы құйма қаріппен құйылатын баспа кітап пайда болды. Осы заманғы кітап — мұқабаға дәптерлер түрінде өзара тіркестіріліп бекітілген кітап блогі үлгісінде жасалады.
Ақмарал: Алғашқы кітап баспасы ағаштан жасалды. Қазақ кітап баспасы Ресейге қосылған соң қалыптасты. Тұңғыш қазақ кітаптары 1800 жылы шығарыла бастады.
Досбол: Саған білім жемісін,
Оқулығың береді.
Талай адам сол үшін,
Маңдай терін төгеді.
Орманшының аялы,
Алақаны өсірген.
Сонау ағаш саялы,
Қағаз үшін кесілген.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
21 198
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Кітап - тарих, шежіре! 23 сәуір – Дүниежүзілік кітап күні
Кітап - тарих, шежіре! 23 сәуір – Дүниежүзілік кітап күні
Мен – кітаппын, білімнің бұлағымын, Жауабымын сауал мен сұрағыңның, Ақылшыңмын, ұстазбын, ғажайыппын Бағдаршаммын, адаспас шырағыңмын.
Кітап – рухани қазына
Кітап – рухани қазына
Кітап – адам өмірінің таусылмас қазынасы дүниенің айнасы, ғылым – білімнің көзі, өнер мен тәрбие құралы, өмір күресінің ең мықты қаруы болатын ақылшы досың. Кітап – адам баласының ақыл ойынан туған рухани байлықты сақтап қалатын, оны ұрпақтан
Кітап рухани - сарқылмас қазына
Кітап рухани - сарқылмас қазына
Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беретін қазақ гимназия мектебінің тәрбие ісінің меңгерушісі Саликова Елмира Мергенбайқызы
«Кітап – рухани сарқылмас қазына»
«Кітап – рухани сарқылмас қазына»
Қарағанды облысы Балқаш қаласы, №15 жалпы білім беретін орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Сатыбалдина Гульжазира Хайдаровна
Кітап − білім  бұлағы
Кітап − білім бұлағы
Тақырыбы: КІТАП − БІЛІМ БҰЛАҒЫ Мақсаты: Білімнің кілті кітап арқылы берілетінін ұғындыру. Кітаптың адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндіру.
Кітап – білім бұлағы
Кітап – білім бұлағы
ШҚО. Аягөз қаласы «№5 жалпы білім беретін орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш класс мұғалімі Аязбекова Дария Сериковна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×