Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


1 - желтоқсан Тұңғыш Президент күніне сценарий

28 қараша 2022, Дүйсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
1 - ші желтоқсан Тұңғыш Президент күні сценарийі

Мақсаты:
а) Жас ұрпаққа Елбасының сан қырлы талант иесі, құдіретті тұлға екенін таныту.
ә) Елімізге еңсе тіктетіп, мемлекетімізді мығымдап берген, халқымызды әлемге танытып, алаш баласының абыройын асқақтатып Елбасының кісілік келбетін меңгеру.
б) Елін сүйген, елі сүйген Елбасынан үлгі алуға тәрбиелеу.
ФОН: Күй

Жүргізуші: Бар әлемге шын танылдық міне, біз,
Елін сүйген Елбасы деп білеміз.
Тең аталып Қазақстан - Нұрсұлтан
Нұрсұлтан мен Қазақстан тұр егіз.

Күнге беттеп бара жатыр көш жүріп,
Елдің даңқы бар жаһанға естіліп.
Елбасыны құрметтейтін ерекше
Армысыздар, ақ пейілді көпшілік!

Жүргізуші: Армысыздар, қадірменді қонақтар, құрметті ұстаздар мен оқушылар! 1 - желтоқсан Тұңғыш Президент күніне арналған концерттік бағдарламаға қош келдіңіздер! Бүгін 1 - ші желтоқсан – Қазақстан Республикасында Тұңғыш Президент күні болып елімізде 3 ші жыл тойланып отыр.
Бір басында кемеңгерлік, даналық,
Елін сүйген елі үшін жаралып.
Сол кісідей болса - болсын әр алып
Адамдықтың аласармас үлгісі
Бір өзінен жатқаны шын таралып
Бүгін Тұңғыш Президенттің күніне
Әсем әнді шырқата бір салалық!
Ән: «Егемен Қазақстан» орындайтын 7 сынып оқушысы Еркінова Хамида

Жүргізуші: «Дыбыстар сөйлейді» стратегиясы бойынша оқушылар 13 - дыбыстан тұратын «А ру қала – Астана» сөйлемді жаза отырып, Астана туралы мәлімет береді.
А – Астана - жастардың қаласы.
Р - республиканың орта тұсында орналасқан.
У - Уран, алтын, боксит, мыс, көмір, кварц құмдары т. б. пайдалы қазбалар бар.
Қ - Қысы өте аязды, суық болатын қала.
А - Алғашқы атауы – Ақмола.
Л - Лебі ескен Есіл бойында бой көтерген Ару қала.
А - Астанада «Отырар» кітапханасы орналасқан.

А - Алтыншы шілде Елордамыз - Астананың туған күні.
С - Символы - Бәйтерек.
Т - Техникалық алмастың бүкіл қоры Астанада бар.
А - Астанадағы Бәйтерек монументін Сәулетшілер одағының президенті Ақмырза Рүстемов жобалаған.
Н -«Нұр - Астана» зәулім күмбезді мешіті бар.
А - Астана Боливияда өткен «Әлемдік қалалар» халықаралық конкурстарда «Бейбітшілік қаласы» аталды.

Жүргізуші: Қазақстан дейтін менің бар елім.
Жатыр алып жарты дүние әлемін!
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далада атам қолға ту алған,
Бұл далада жылап келіп, уанған
Бұл даланы көріп алғаш қуанған
Бұл далада өскен жанда жоқ арман!- дей келе
Мектебіміздің 7сынып оқушылары дайындаған биге кезек берелік.

Жүргізуші: Ауыр күнді артымызға тастауы –
Қиын сәтте қиындықтан қашпауы.
Тілім, дінім, ұлтым қайта көгерген,

Елбасымыз Нұрағаңның бастауы
Билік тізгінін қолына ұстаған жылдардағы Президентіміздің жарқылдаған келбетін, биік болмысын, кемел дарынын, ел басшысы ретінде көсемдік қасиеттерін бүгінгі ұрпақ біздер жақсы білуіміз керек.
Тұңғыш президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың өмір жолына шолу жасау мақсатында

Викториналық сұрақтарға жауап берсек.
Викториналық сұрақтар:
1. Қ. Р - ның президентті кім? (Н. Ә. Назарбаев)
2. Н. Ә. Назарбаев қайда туған? (Алматы облысы, Қаскелең ауданы, Шамалған ауылы)
3. Н. Ә. Назарбаев қашан туған? (6 шілде, 1940 жылы туған)
4. Біздің елбасы қалай оқыды? (4 пен 5 - ке)
5. Н. Ә. Назарбаев қандай мамандық таңдады? (Металлургия)
6. Н. Ә. Назарбаев - тың бойында қандай қабілет бар?(адал, ашық, ақжарқын, мақсатқа жете білетін адам)
7. Н. Ә. Назарбаев қашан президент болып сайланды?(1 желтоқсан 1991 жылы.)
8. Астананың бұрынғы аттары қандай? (Целиноград, Ақмола.)
9. Қандай мемлекеттік мерекелерді білесіңдер?(1 мамыр, 4 маусым, 30 тамыз, 1 желтоқсан алғашқы президент күні, 16 маусым.)
10. Неліктен 1 желтоқсан мереке күні болды?(өткені бұл күн президент сайлау күні болды.)

Жүргізуші:
Туды ұстап тура жолға түсіріп,
Жас Отанның өмірін де түсініп,
«Елім, жерім» деп ұрандап тайсалмай,
Бір керемет жасады - ау кісілік!
Ән: Тағыбергенова Айжан «Тәуелсіздік!»

Ойын:
Сан ұлттың басын қосып Қазақстан
Бекемдеп саясатын іш пен тыстан
Елбасы, алдын ала болжай біліп,
Сүрінбей аман өттік дағдарыстан
Жыл сайын табыс қоссын табысыңа
Әр қазақ берік болсын намысына
Нұрсұлтан Назарбаев бастай берсін,
Нұрлы жол, Нұрлы заман бағытына!- дей отырып, 9 сынып оқушыларының биін тамашалайық.
Жүргізуші: «Осындай тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңіне жалғайтын, қазақ елінің болашағы үшін жауап беретін ұрпақ екенімізді сезінеміз»Туымыздың тұғыры берік, еліміздің еңсесі биік болсын! Тәуелсіз еліміздің іргесі мықты болсын!
БІРГЕ: Қош сау болыңыздар!
117 562
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Елбасы – руханият тірегі
Елбасы – руханият тірегі
Жоғары Парламенттің бекітуімен 2012 жылы 1 желтоқсан Қазақстанда алғаш рет – Тұңғыш Президент күні мемлекеттік мереке ретінде аталып өтіп, бұл баршамыз үшін қуанышты оқиға болды.
Тұңғыш Президент күні мерекесіне арналған сценарий
Тұңғыш Президент күні мерекесіне арналған сценарий
1991 жылы 1 желтоқсанда алғаш рет Қазақ ССР Президентінің жалпыхалықтық сайлауы өтіп, ол сайлауда Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ел Президенті болып сайланғаны баршамызға мәлім.
Елбасым – мақтанышым
Елбасым – мақтанышым
Жас ұрпаққа Нұрсұлтан Назарбаевты құдіретті тұлға екенін таныту. Елімізге еңсе тіктетіп, мемлекетімізді мығымдап берген, халқымызды әлемге танытып, алаш баласының абыройын асқақтатып Елбасының кісілік келбетін меңгеру.
Бір Отан, бір тағдыр, бір Елбасы!
Бір Отан, бір тағдыр, бір Елбасы!
Б. Момышұлы атындағы № 12 жалпы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Қосжанова Меруерт Мүсілімханқызы
Елін сүйген, жерін сүйген – ер  аға
Елін сүйген, жерін сүйген – ер аға
Ақтөбе қаласы, № 30 қазақ орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Самбаева Турсынай Байдаулетовна
Тұңғыш Президент күні мерекесіне арналған сценарий
Тұңғыш Президент күні мерекесіне арналған сценарий
Тұңғыш Президент күні мерекесіне арналған сценарий 1 жүрг. Бар әлемге шын танылдық міне, біз, Елін сүйген Елбасы деп білеміз. Тең аталып Қазақстан - Нұрсұлтан Нұрсұлтан мен Қазақстан тұр егіз.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×