Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Еңбексүйгіштік, адалдық пен білімділік – «Мәңгілік ел» ұлттық идеясының құндылықтары

08 қараша 2015, Жексенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Алматы облысы, Талғар қаласындағы
№7 мектеп - лицейде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Дарменқұлова Ғалия

Сабақтың тақырыбы: Еңбексүйгіштік, адалдық пен білімділік – «Мәңгілік ел» ұлттық идеясының құндылықтары
Сабақтың мақсаты: Отаншылдыққа, елжандылыққа, ұлттық патриотизмге тәрбиелеу: «100 нақты қадам» Ұлт жоспары шеңберінде білім беру процесіне Мәңгілік ел құндылықтарын енгізу; Қоғамда қазақстандық патриотизм идеясын дамыту; Тәуелсіздік алғаннан бергі Қазақстанның жетістіктерін насихаттау, басты құндылықтарды – тәуелсіздік, бейбітшілік, келісімді нығайту; Оқушылардың Отанға деген азаматтық жауапкершілікті сезінуіне ықпал ету.
Қажетті көрнекіліктер: газеттер, оқушылар шығармашылығы, слайд

Ашық тәрбие сағатының барысы:
1 - жүргізуші: Армысыздар құрметті оқушылар!
2 - жүргізуші: Құтты болсын мерекең,
Құтты болсын берекең.
Құтты болсын айтады
Ақ әже бізге кен екен.
Ата - ана шығып, құттықтау сөз айтады. Білім күнімен, жаңа оқу жылымен құттықтайды.

1 - жүргізуші: Көк аспанда тулардың
Желбіреген күні – бұл
Елім деген ұлдардың
Елжіреген күні бұл.

2 - жүргізуші: Тілім, дінім, әдет - ғұрып, салт - санам,
Асыл мұрам ата - бабам сақтаған.
Басқа байлық мақсат емес мен үшін,
Мен солардан бақыт табам, бақ табам.

1 - жүргізуші: Қазақстан! Туды алтын дәуірің
Алғандайсың жұлдыздардың жарығын
Қуанышың құтты болсын қымбаттым
Алдыңнан ақ күн тусын алыбым!

Мұғалім сөзі:
Тәуелсіздіктің алғашқы кезеңінде замана жүгін қайыспай көтеріп, тәуелсіздік көшін алға жетелеген Нұрсұлтан Әбішұлының азат ел болғандығына 23 жыл толған Қазақстанды әлемдік кеңістікте іргелі елге айналдырғаны жасырын емес. Ол тек Елбасының қажырлы еңбегі мен сарабдал саясатының жемісі екені Қазақстан жұртшылығына ғана емес, әлемге де белгілі. Осы орайда, Елбасының: «Садағаң кетейін, халқым! Сенің мүддең жолында бойдағы қуат, ойдағы нәрдің бәрін сарп етуге бейілмін,» − деген сөзі еріксіз еске түседі.

1 - оқушы:
Тілім, дінім баға жетпес байлығым,
Төрт құбылам түгел жанмын сайлымын.
Көрші елдерді мойындатты көк туым,
Ата жұрттың асқақтатып айбынын.

2 - оқушы:
Маған сол да жетіп жатыр себебі,
Қанша ғасыр армандадым мен оны.
Бодандықтан бостандыққа талпынған,
Тәуелсіздік барша жұртқа керегі.

3 - оқушы:
Егемендік еді менің бар ойым,
Өрге баста өршіп тағдыр, талайым.
«Өз үйіңде өлең төсек» дем алсаң,
Бұдан асқан бақыт бар ма, ағайын?!

4 - оқушы:
Сия да көк, көтерген байрақ та көк,
Сенімдермен келемін алға жүріп.
Туым мен ұлымды сақтағын деп,
Жаратқаннан сұраймын жалбарынып.

5 - оқушы:
Азаттықтың қадамын құтты етелік,
Баласы бабасындай қуса жолды.
Рухымды ұрпағым тік көтеріп,
Бірін - бірі төмендетпей тұрса болды.
Хор «Менің Қазақстаным» әні орындалады.
1 - жүргізуші: Ежелден дана халқымыз: « Отансыз адам – ормансыз бұлбұл» деп бекер айтпаса керек. Адамның Отан туралы ұғымы, сүйіспеншілігі, көздің қарашығындай сақтап, ұрпақтан - ұрпаққа жеткізуі – бұл аманат.
2 - жүргізуші: Адамның тағдырына жазылған Отаны, оның елмен, таным - түсінікпен астасып үлкен ұғымға айналуы – қажеттілік. Сонымен де адам өзінің парасат, пайымын танытады.
1 - жүргізуші: Отанымның баға жетпес байлығы мен әдемілігі мені әрқашан да ерекше таңқалдырады. Қазақстанның солтүстігінде әдемі қайыңдар, оңтүстігінде жайқалған егін алқаптары, Алатаудың кербез таулары айтсаң да айтпасаң да көз тойдырады.

Мұғалім сөзі:
Елбасы білім, ғылым, экономика, технология, бизнес, күнделікті тұрмыс көрсеткіштері туралы «Мәңгілік ел» идеясында ой түйген. Бұл идеялар «Қазақстан – 2050» стратегиясында жарияласа да, оны ұзақ жылдар ой - санасында таразылап, жүрегінде тербетіп келгені анық.

Елбасының мемлекеттік қайраткерлігі шығармашылық еңбектері мен дүниежүзілік бұқаралық ақпарат құралдарына берген сұхбаттарынан көрінеді.
Елбасының жолдауы «Қазақстан – 2050» стратегиясының әрі жалғасы, әрі сол арманға жету жолдары. Қойылған міндетті, айтылған мақсатты жинақтап түйіндей келе, Н. Ә. Назарбаевтың бұл еңбегі қазақтың Мәңгілік ғұмыры туралы және ұрпақтың мәңгілік болатындығын баянды етуге арналады.
1 - жүргізуші:
Қазақ жері – қонақжай төрлер жері
Қазақ елі – қас сақтай Ерлер елі
Елі кедей болмаған − жері байтақ,
Едігедей, Бабырдай шерлер елі.

2 - жүргізуші:
Қазақ жері көп шеккен қасіретті,
Қазақ ері – өнерлі, өсиетті.
Египет билеген Бейбарыстың
Елі текті, киелі, қасиетті.

1 - жүргізуші: Хор «Атамекен».
2 - жүргізуші:
Алаулаған жанарыңнан нұр тамып
Бүгін сені күллі дүние жүр танып.
Көк байрағың желбірейді көгіңде,
Әнұраның әлемде тұр шырқалып.

1 - жүргізуші: Викториналық сұрақтар беріледі.
Ашық тәрбие сағатына қорытынды жасалынады.
8 585
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Мәңгілік ел – қазақ елінің ұлттық идеясы
Мәңгілік ел – қазақ елінің ұлттық идеясы
Президент Жолдауы Қазақстан халқы үшін үлкен маңызға ие болды. Қазақ халқының мыңдаған жылғы тарихи тәжірибесінен, Тәуелсіздік жылдары жүріп өткен қазақстандық жолдан туындаған «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы жария етілді.
«Мәңгілік ел» идеясы арқылы ұлттық құндылықтарға тәрбиелеудің жылдық бағдарламасы
«Мәңгілік ел» идеясы арқылы ұлттық құндылықтарға тәрбиелеудің жылдық бағдарламасы
«Бір ел – бір тағдыр» оқушыларға жас ұрпақтың патриоттық сезімін жандандыра түсіп, «Қазақстан - 2050» стратегиясының маңызы мен мақсаттарын түсіндіру арқылы «Мәңгілік ел» идеясының маңызын түсіну.
Тіл - «Мәңгілік ел» идеясының басты негізі
Тіл - «Мәңгілік ел» идеясының басты негізі
«Мәңгілік Ел» идеясын жүзеге асыруда ұлт зиялыларына да жүктелер міндет өте ауыр. Сол зиялы қауымның бірі - ұстаздар. Ұрпақтың жұлдызын жағып, мәртебесін биіктететін де, тағылымын қалыптастырып, танымын кеңейтетін де – білім.
Тәуелсіздік – ата бабам аңсаған
Тәуелсіздік – ата бабам аңсаған
Жезқазған қаласы, №10 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Батаева Зағира Карабековна
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған  салтанатты жиын
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиын
Алматы облысы, Сарқан ауданы, К. Ушинский атындағы орта мектебінің мұғалімі Иманбаева Әсел Ануарбекқызы
Тәуелсіздік таңы атты
Тәуелсіздік таңы атты
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы ауылы, №100 орта мектебінің 8- сынып оқушысы Бақтыбай Бақтияр Мұғалімі: қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қамбарова Сағира Тәуелсіздік таңы атты.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×